Дүниетану 1-сынып Айналадағы дүние Дүниетану Сабақтың тақырыбы



бет4/4
Дата27.12.2016
өлшемі0,56 Mb.
#6314
1   2   3   4

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Аңдардың және құстардың жазғы тіршілігі жайлы түсіндіру.б) Мазмұнын әңгімелеу.в) Дауыстап оқыту.г) Әңгімелету.

Ү. Жаңа білімін бекіту: -Аңдардың балалары қалай аталады?-Жазда құстар тіршілігінде қандай өзгерістер болады?

ҮІ. Үйге тапсырма беру:«Аңдар және құстардың жазғы тіршілігі.» түсініп оқу.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:Бүгінгі сабақта нелер жайында білдік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма,бағалау.
46. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Аңдар және құстардың жазғы тіршілігі.

Сабақтың мақсаты: 1 . Аңдар мен құстардың жазғы тіршілігі туралы түсінік беру.2. Оқу жылдамдығын, тілін, сөз қорын дамыту 3 Табиғатты қорғауға баулу.

Сабақтың көрнекілігі суреттер.

Оқыту әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру:1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Бунақденелілердің көктемгі тіршілігі»- Балалар бунақденелілер дегеніміз нелер?

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Аңдардың және құстардың жазғы тіршілігі жайлы түсіндіру.б) Мазмұнын әңгімелеу.в) Дауыстап оқыту.г) Әңгімелету.

Ү. Жаңа білімін бекіту: -Аңдардың балалары қалай аталады?-Жазда құстар тіршілігінде қандай өзгерістер болады?

ҮІ. Үйге тапсырма беру:«Аңдар және құстардың жазғы тіршілігі.» түсініп оқу.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:Бүгінгі сабақта нелер жайында білдік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма,бағалау
47. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Отбасы. Мен және біз.

Сабақтың мақсаты: 1 Мәтінді түсіндіру 2 Қамқорлыққа баулу. 3.Танымдылық қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: «Мұрын, тіл, тері. » туралы не білесің?-Адамның сезім мүшелерін ата.-Мұрын қандай қызмет атқарады? -Сезім мүшелерін қалай қорғаймыз?

ІІІ. Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.1) Іштей оқыту.2) Тізбектей оқыту.3) Әңгімелету.Сергіту сәті.

Ү. Жаңа білімді бекіту. -Өз отбасыңда кімдер барын айт.-Ата-анаңнан басқа үлкендер болса, олардың кімдер екенін айт?-Отбасына сенің қандай көмегің тиетінін айт.-Үлкендер саған қандай көмек беретінін әңгімеле.«Қамқоршы» деген сөзді түсініп ал.-«Туыс» деп кімдерді айтады?- «Мен» және «біз» дегенді қалай түсінесің?

ҮІ. Үйге тапсырма:«Отбасы. Мен және біз»» түсініп оқуға.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?

ҮІІІ.Үйге тапсырма.Бағалау.
48. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Отбасы. Мен және біз.

Сабақтың мақсаты: 1 Мәтінді түсіндіру 2 Қамқорлыққа баулу. 3.Танымдылық қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: -Кім айтады, үйге қандай тапсырма берілді?

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: «Мұрын, тіл, тері. » туралы не білесің?-Адамның сезім мүшелерін ата.-Мұрын қандай қызмет атқарады? -Сезім мүшелерін қалай қорғаймыз?

ІҮ.Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.1) Іштей оқыту.2) Тізбектей оқыту.3) Әңгімелету.Сергіту сәті.

ҮІ. Жаңа білімді бекіту: -Өз отбасыңда кімдер барын айт.-Ата-анаңнан басқа үлкендер болса, олардың кімдер екенін айт?-Отбасына сенің қандай көмегің тиетінін айт.-Үлкендер саған қандай көмек беретінін әңгімеле.

«Қамқоршы» деген сөзді түсініп ал.-«Туыс» деп кімдерді айтады?- «Мен» және «біз» дегенді қалай түсінесің?



ҮІІ. Үйге тапсырма:«Отбасы. Мен және біз»» түсініп оқуға.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?
49. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Адамдармен қарым -қатынас

Сабақтың мақсаты: 1 Адамдармен қарым-қатынас туралы түсініктерін қалыптастыру 2 Адамгершілік тәрбие беру, қамқорлыққа баулу. 3.Білім-білік дағдысын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Үйге берілген тапсырманы пысықтау, қосымша сұрақтар қою.

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: -Суреттегі заттардың қайсысын біздікі деуге болады?-Менікі деуге жататын сөздерді ата.

ІҮ. Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.1) Іштей оқыту.2) Тізбектей оқыту.3) Әңгімелету.Сергіту сәті.

ҮІ.Жаңа білімді бекіту: -Өз отбасыңда кімдер барын айт.-Отбасың туралы әңгімеле.-«Біз» деген ұғымды түсіндір.-Қонақ деген кімдер?-Оны күту дегенді қалай түсінесің?-Мейірімділік, ризашылық, қамқорлық сөздеріне түсінік беру.

ҮІІ. Үйге тапсырма:«Адамдармен қарым-қатынас.»» түсініп оқуға.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау:Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?
50. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Мекенжай.

Сабақтың мақсаты: 1 Мекенжай туралы түсінік беру.Оқушылардың өз мекен жайлары туралы ,сұрап білімдерін қалыптастыру 2 Білім-білік дағдысын дамыт 3. Адамгершілік тәрбие беру, қамқорлыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: « Адамдармен қарым-қатынас».әңгімелеу.

ІҮ. Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.1) Іштей оқыту.2) Тізбектей оқыту.3) Әңгімелету.Сергіту сәті.

ҮІ. Жаңа білімді бекіту -Өз мекенжайың туралы айт.-Ауылдағы мекенжайға нелер кіреді?-Қаладағы мекенжайдың ауылдағы мекенжайдан қандай айырмашылығы бар?

ҮІІ. Үйге тапсырма:«Мекенжай.»» түсініп оқуға.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау:Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?
51. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: От басына қамқор бол.

Сабақтың мақсаты: 1 Мәтінді түсіндіру 2 Қауіпсіздік техникасымен таныстыру, сақтануға үйрену. 3.Білім-білік дағдысын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: « Мекенжай».әңгімелеу.

ІҮ. Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.1) Іштей оқыту.2) Тізбектей оқыту.3) Қауіпсіздік техникасы туралы әңгімелету.Сергіту сәті.

ҮІ. Жаңа білімді бекіту: 1. Газ неге қауіпті?2. Суды үнемдеудің қажеттілігін дәлелде.3.Электрдің пайдасын талдап айт.4.«От- тілсіз жау» дегенді қалай түсінесің?

ҮІІ. Үйге тапсырма:«Отбасыңа қамқор бол»» түсініп оқуға.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?

52. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Мектеп. Мектеп ұжымы.

Сабақтың мақсаты: 1 Мәтінді түсіндіру 2 Адамгершілік тәрбие беру.3.Мектеп туралы білімін дамыту, толықтыру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.Үй тапсырмасын сұрау.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: « Отбасыңа қамқор бол».әңгімелеу.

ІІІ. Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.1) Іштей оқыту.2) Тізбектей оқыту.3 М Мақатаев: «Мектеп» өлеңін жаттату.Мақал-мәтел айтқызу.1. Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.2. Әдепті бала кездессе,, Сәлем берер бас иіп. Әдепсіз бала кездессе, Өте шығар кекиіп.

Сергіту сәті.

Ү. Жаңа білімді бекіту:- Мектепті кім басқарады?-Мектепте кімдер жұмыс істейді?-Сынып ұжымына кімдер кіреді?-Ұжымға өзіңнің қандай көмегің тиеді?( Осы жерден «Өрмекші торы» ойынын ойнатуға болады.Оған қажет жіп.Бір-бірімен мектеп ұжымының байланысын жіп арқылы байланыстырып көрсетуге болады.Бір оқушы директоры, одан кейін мектеп әкімшілгі т.б)

ҮІІ. Үйге тапсырма:«Мектеп» жаттау.«Мектеп ұжымы» түсініп оқу

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?
5

3.Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Әдеп сақтау және оған көмек беру.



Сабақтың мақсаты: 1. оқушыларға әдеп сақтау және оған көмек беру туралы т түсінік2 сөйлеу тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту, оқу жылдамдықтарын арттыру3.әдептілікке, достыққа, көмек бере білуге тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:Оқушылардың сабаққа даярлау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «мектеп ұжымы» тақырыбы бойынша түсінгендерін сұрау.

ІІІ. Мақсат қою: Оқушыларға сұрақ қою арқылы білімдерін жан-жақты тексеру.

ІҮ. Білімді қабылдауға дайындық:Біз бүгін сендермен «Әдеп сақта және оған көмек бер» тақырыбы бойынша білетін боламыз.әдептілік, көмек берудің жақсылық екендігі туралы білетін боламыз.

Ү. Жаңа білімді меңгерту:Әдепті бала кездессеӘдепсіз бала жолықсаӨте шығар кекиіпМақалын түсіндіруСынып ішінде оқушылар ұжымының бір-біріне көмек беруі туралы әңгімелеу.Әрқашан да оқушылар сынып бөлмесін таза ұстауда бір-біріне көмек беруі керек.бір-бірін тыңдау, айтқандарын орындау керек.Тақырыпты оқып беру.сурет бойынша әңгіме жүргізу.Тақырыпты кезекпен оқыту.Сергіту сәті

ҮІ. Білімді меңгергендерін тексеру:-сынып ұжымы деген не?-әдептілік деген не?-Сынып мүшелеріне кімдер жатады?-Ұжымға өзің қандай көмек бересің?

ҮІІ. Білімді бекіту:Бүгін не білдіңдер? Не үйрендіңдер?

ҮІІІ. Үйге тапсырма,бағалау «Менің сыныбым» тақырыбында әңгіме жазып келу.
54. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Мектеп білім ордасы.

Сабақтың мақсаты: 1 Мәтінді түсіндіру 2 Адамгершілік тәрбие беру.3.Мектеп туралы білімін дамыту, толықтыру.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру:1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы пысықтау:

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: « Мектеп ұжымы».әңгімелеу.« Мектеп» жатқа сұрау.

І Ү. Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.1) Іштей оқыту.2) Тізбектей оқыту.3) Әңгімелеу Сергіту сәті.

ҮІ. Жаңа білімді бекіту.- Мектепті кім басқарады?-Мектепте кімдер жұмыс істейді?-Сынып ұжымына кімдер кіреді?-Ұжымға өзіңнің қандай көмегің тиеді?- «Мектеп –білім ордасы» дегенді қалай түсінесің?

ҮІІ. Үйге тапсырма:«Мектеп» жаттау.«Мектеп –білім ордасы» түсініп оқу

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?
55. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Мектебім-қуанышым!

Сабақтың мақсаты: 1 Мәтінді түсіндіру. 2 Адамгершілік тәрбие беру. 3.Оқу, білімге деген құштарлығын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І.Ұйымдастыру:1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: « Мектеп-білім ордасы».әңгімелеу.

ІҮ. Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.1) Іштей оқыту.2) Тізбектей оқыту.3) Әңгімелеу Сергіту сәті.

ҮІ. Жаңа білімді бекіту:- Өз мектебіңнің көрінісі туралы айт.-Мектепте қандай үйірмелер бар?- Мектебің кімнің атында?

ҮІІ. Үйге тапсырма:«Мектебім –қуанышым!» түсініп оқу

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?
56. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Біздің ауыл.

Сабақтың мақсаты: 1 Біздің ауыл туралы әңгімені талдай отырып, білімдерін қалыптастыру.2 Оқу, білімге деген құштарлығын арттыру 3. Адамгершілік тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: « Мектебім-қуанышым!» әңгімелеу.

ІҮ.Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.1) Іштей оқыту.2) Тізбектей оқыту.3) ӘңгімелеуСергіту сәті.

ҮІ. Жаңа білімді бекіту:-Сенің ауылың қалай аталады?-Ауылда қандай көшелер бар?-Ауылда тұрмыс қажетін өтейтін тағы қандай мекемелер бар?-Ауыл адамдары алысқа қалай қатынайды?Ауылда бос уақытыңды қалай өткізесің?

ҮІІ. Үйге тапсырма:«Біздің ауыл» түсініп оқу

Өзіңе ұнаған ауыл көрінісінің суретін салу.



ҮІІІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?
57. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Менің апам- дәрігер. Ауыл мекемелері.

Сабақтың мақсаты: 1 аулы мекемелері туралы түсініктерін сұрау. 2.Оқу, білімге деген құштарлығын арттыру. 3. Адамгершілік тәрбие беру

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру:1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген тапсырамның мазмұнын сұрау.

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: « Біздің ауыл» әңгімелеу.

ІҮ.Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.1) Іштей оқыту.2) Тізбектей оқыту.3) ӘңгімелеуСергіту сәті.

ҮІ. Жаңа білімді бекіту:-Кім ерте тұрады?-Ол кім болып істейді?-Жанұя мүшелері өз үйінде қандай жұмыстар атқарады?-Ауылда қандай мекемелер бар?-Ауылда тұрмыс қажетін өтейтін тағы қандай мекемелер бар?-Сенің туыстарың қайда жұмыс істейді?-Ауылда қандай мамандар жұмыс істейді?

ҮІІ. Үйге тапсырма:«Менің апам-дәрігер. Ауыл мекемелері» түсініп оқу

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?
58. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Қала. Қаладағы, ауылдағы көлік түрлері.

Сабақтың мақсаты: 1 Қала мен ауыл көліктерінің ұқсатығы мен айырмашылығы.2 Оқу, білімге деген құштарлығын арттыру. 3. Адамгершілік тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: « Менің апам- дәрігер» әңгімелеу.

ІҮ. Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.1) Іштей оқыту.2) Тізбектей оқыту.3) ӘңгімелеуСергіту сәті.

ҮІ. Жаңа білімді бекіту:-Сен қай көшеде тұрасың?-Сен мектепке қандай көлікпен қатынайсың?-Ауылдағы көлік түрлерін ата-Қаладағы көлік түрлерін ата.-Ат көлігімен қандай істер тындыруға болады?-Дәптерлеріне тарамвай, троллейбус, автобус сөздерін жазу.

ҮІІ. Үйге тапсырма:«Қала. Қаладағы, ауылдағы көлік түрлері » түсініп оқ

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау:

Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?


59-1. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Жол

Сабақтың мақсаты: 1 Оқушылардың жол және ереже туралы не білетіндерін сұрап, пысықтау.Жол туарлы түсінік беру.2.Жол ережесі туралы алған білімін дамыту. 3. Жолда жол ережесін сақтап жүруге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: « Қала, көлік түрлері.» әңгімелеу.

ІҮ. Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.1) Іштей оқыту.2) Тізбектей оқыту.3) Әңгімелеу4) Жұмбақ шешкізу.Сергіту сәті.

ҮІ. Жаңа білімді бекіту:-Ауылда қандай жолдар бар?-Көше қиылысында орнатылған бағдаршамның маңзын айтып бер.-Соқпақ жол деп қандай жолды айтады?-Қоғамдық көліктерге көліктердің қандай түрлері жатады?- Көлікте қандай негізгі ережелерді есте ссақтау керек?

ҮІІ. Үйге тапсырма:« жол » түсініп оқу

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?
59-2. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Жолаушы

Сабақтың мақсаты: 1 Жолаушы туралы мағлұмат беру 2 . Жол ережесін сақтау 3.Қатынас еөлік тері алған білімін дамыта түсу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: « Қала, көлік түрлері.» әңгімелеу.

ІҮ.Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау

Ү. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.1) Іштей оқыту.2) Тізбектей оқыту.3) Әңгімелеу4) Жұмбақ шешкізу.Сергіту сәті.

ҮІ. Жаңа білімді бекіту:-Жолаушы алыс сапарға қандай көліктермен жүреді?-Адамдардың жалаушылау себебі не?-«Көп жасағаннан емес ,көп көргеннен сұра» деген сөзді қалай түсінесіңдер?-Қоғамдық көліктерге көліктердің қандай түрлері жатады?- Көлікте қандай негізгі ережелерді есте сақтау керек?Жолаушы деп кімді айтамыз

ҮІІ. Үйге тапсырма:« жолаушы » түсініп оқу

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?


60. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Отаным

Сабақтың мақсаты: 1 «Отаным» мәтінін түсіндіру.Отан сөзіне түсінк беріп, білімдерін қалып 2.Ой-өрісін дамыту, сөздік қорын дамыту 3. Өз Отанын сүюге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: « Жолаушы»мазмұнын әңгімелеу. Сұрақ- жауап

ІҮ. Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:а) «Отаным» тақырыпты оқи отырып түсіндіру.1) Іштей оқыту.2) Тізбектей оқыту.3) ӘңгімелеуСергіту сәті.

ҮІ. Жаңа білімді бекіту:- «Отан»»деген сөзді ұғып мәнін түсіндір.-Терісі бағалы жануарларды ата.-Емдік қасиеті бар дәрілік шөптерді ата.-Сурет бойынша әңгіме құрастыр.

ҮІІ. Үйге тапсырма: «Астана» оқу

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау:« Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?
61. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Астана

Сабақтың мақсаты: 1 Астана туралы мағлұмат беру.2 Өз Отанын сүюге баулу. 3. Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер , карта

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.. Үй тапсырмасын сұрау:- Балалар, үйге қандай тапсырмалар берілді? Кәне, кім айтады?

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: « Отан.» туралы әңгімелеу.«Отан» деп нені, кімді айтамыз?

ІҮ.Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.1) Іштей оқыту.2) Тізбектей оқыту.3) ӘңгімелеуСергіту сәті.

ҮІ. Жаңа білімді бекіту:-Астана, Ақмола, Целиноград сөздерін дәптерге жазу.-Ең алғаш Астана қаласы не деп аталды?-Целиноград деп аталу себебін түсіндіріңдер-Астана қай өзеннің бойына орналасқан?

ҮІІ. Үйге тапсырма: «Астана» оқу

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?
62. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Алматы

Сабақтың мақсаты: 1 Алматы туралы мағлұмат беру.2 Ірі қалаларды біліп, табиғатын қорғауға баулу 3. Танымдылық қабілетін дамыту дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:.

І .Ұйымдастыру:1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: « Астана.» туралы әңгімелеу.

ІҮ. Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.1) Іштей оқыту.2) Тізбектей оқыту.3) ӘңгімелеуСергіту сәті.

ҮІ. Жаңа білімді бекіту:-Монумент сөзін дәптерге жазу.-Алматыны неге жастар қаласы дейді?-Өз қалаңдағы даңғылдардың атын ата.-Алматы қай таудың етегінде орналасқан?

ҮІІ. Үйге тапсырма:«Астана» оқу

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік

63-1. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Адам құқығы.

Сабақтың мақсаты: 1 Адам құқығы туралы түсінік беру.беру.2 Өзін-өзі қорғай білу. 3. Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген тапсырманы картаны пайдалана отырып , өз білімдерін пысықтап, сұрау.

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: « Алматы.» туралы әңгімелеу.

ІҮ. Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.1) Іштей оқыту.2) Тізбектей оқыту.3) ӘңгімелеуСергіту сәті.

ҮІ. Жаңа білімді бекіту:-Ата Заң деген не?-Қазақстан Республикасының Елбасы кім?-Адам құқығын қорғайтын заңды кім шығарды?

ҮІІ. Үйге тапсырма: «Адам құқығы.» оқу

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?
63-2. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Бала құқығы туралы конвенция.

Сабақтың мақсаты: 1 «Бала құқығы туралы конвенцияға» түсінік беру. 2 Ой-өрісін дамыту. Өзін-өзі қорғай білуге үйрету

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыр.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: «Адам құқығы..» туралы әңгімелеу.-Ата Заң деген не

-Қазақстан Республикасының Елбасы кім?

-Адам құқығын қорғайтын заңды кім шығарды?

ІҮ. Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.1) Іштей оқыту.2) Тізбектей оқыту.3) Әңгімелеу Сергіту сәті.

ҮІ. Жаңа білімді бекіту:-Баланың қандай құқықтары бар?-Дін ұстау дегенді қалай түсінесің?-Сөз бостандығы туралы не білесің?-Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы деген не?

ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік

ҮІІІ. Үйге тапсырма:«Бала құқығы туралы конвенция.» оқу

. 64. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы:.Қоршаған дүниені қорғау



Сабақтың мақсаты: 1 Мазмұнына түсінік беру. 2 айналадағы дүниені қорғауға баулу. 3.Оқығанын әңгімелеп үйрену.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Үйге берілген тапсырманы пысықтау.

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: «Бала туралы конвенция» айтып еске түсіру.

ІҮ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:а) Түсіндіру. Қоршаған дүниені қорғау.1.Оқи отырып түсінік беру2. Іштей оқыту3. Дауыстап тізбектей оқыту4. Әңгімелету.

ә) Ұйқасын тап.

Іші толған шәрбат, Доп-домалақ сары,

Дәмі қандай әйбат. Ішінде бар дәні

Үзесің бірден жүзін, Қызығасың көріп,

Оның аты-..... (жүзім) Оның аты-... . (өрік)



Сергіту сәті.

ҮІ. Жаңа білімін тексеру:-Лас су туралы не білеміз?-Өсімдіктер туралы ше?-Қоршаған дұниені қорғау үшін азаматтар неге міндетті?

ҮІІ.Сабақты қорытындылау:Біз не жайында білдік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма,бағалау:
65. Жаз /топсаяхат/.
66. Жылдық қайталау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет