3) Мәтін бойынша «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретіндей сұрақ құрастырып жаз.
__________________________________________________________________
Иә () Жоқ (×)
Дүниежүзіне әйгілі апорт алмасы Алматыда өсе ме?
18
2. Мәтінде жіберілген қателерді тап. Мәтінді қатесіз көшіріп жаз.
Бағалау критерийі Тапсырма
№
Дескриптор Балл
Мәтін бойынша қарапайым
және нақтылау сұрақтарын
қояды.
Мәтін бойынша сұрақтарға
жауап береді.
1 мәтіннен бірінші сұрақтың
жауабын тауып, көрсетеді;
1
мәтіннен екінші сұрақтың
жауабын тауып, көрсетеді;
1
нақтылау сұрағының жауабын
анықтайды;
1
мәтін бойынша нақтылау сұрағын
құрастырады;
1
Мәтінде жіберілген
қателерді анықтайды және
түзетеді
2 мәтінде жіберілген бірінші қатені
тауып, түзетеді (бас әріппен
жазылатын сөздер);
1
мәтінде жіберілген екінші қатені
тауып, түзетеді (тасымал).
1
Барлығы 6
Мен қазір астанада тұрамын.
Өзім алыстағы бал-ықшы
ауылында туып өстім. Мен туған
жерімді сағынып жүрмін.
19
Білім алушы
«Менің туған өлкем » ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні: _________________________________
Бағалау критерийі Тапсырма
№
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтін бойынша қарапайым
және нақтылау сұрақтарын
қояды.
Мәтін бойынша сұрақтарға
жауап береді
1 Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақ қоюда және жауап беруде
қиналады
Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақ қоюда / сұрақтарға
жауап беруде қателіктер
жібереді
Мәтіннің мазмұны
бойынша сұрақтарды дұрыс
қояды және жауап береді
Мәтінде жіберілген
қателерді анықтайды және
түзетеді
2 Мәтінде жіберілген
орфографиялық қателерді
анықтауда және түзетіп жазуда
қиналады
Мәтіндегі жіберілген
бірінші/екінші қатені анықтап,
түзетуде қателеседі
Мәтінде жіберілген
орфографиялық қателерді
тауып, түзетіп жазады
20
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу
бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін
тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға
бағытталған.
Спецификация 2-сыныпта «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық
бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын
жаңарту аясында), Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).
3. 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 15
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар,
қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар сұрақтарды, қысқа және толық жауапты қажет ететін
сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын
таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер
түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және
жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/ сұрақтардан тұруы мүмкін.
Алғашқы екі тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, үшіншісі оқылым
дағдысын, төртіншісі жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
21
№ Сөйлеу
әрекетінің
түрлері
Ортақ
тақырып
Оқу мақсаты Тапсырманың
сипаттамасы
Тапсырма
саны
Жалпы
балл
1 Тыңдалым және
айтылым
Менің мектебім
Менің туған
өлкем
2.1.3.1 Шығарманың тақырыбы
мен үзіндісіне (бастапқы
бөліміне) сүйеніп оқиғаның
соңын болжау
2.1.5.1 Өз ойы мен сезімін тірек
сөздерді пайдалана отырып
жеткізу
Білім алушы ашық түрдегі толық
жауапты қажет ететін
тапсырманы орындайды
2 5
2 Оқылым 2.2.4.1 Мақал-мәтел, жұмбақ,
ертегі, тұрмыс-салт жырлары,
әңгіме, өлеңнің жанрлық
ерекшеліктерін анықтау.
2.2.1.2 Шығарманы іштей оқып,
ондағы қажетті ақпараттарды
белгілеп оқу.
2.2.6.1 Кейіпкердің сыртқы
келбетін сипаттау, мінез-құлқы
мен іс-әрекетін бағалау
Білім алушы жабық түрдегі көп
таңдауы бар және ашық түрдегі
қысқа жауаптарды қажет ететін
тапсырмаларды орындайды
1 5
Жазылым 2.3.2.1 Мұғалім көмегімен үлгі
бойынша шағын ертегілер/
жұмбақтар жазу немесе дайын
ұйқастарды қатыстырып
шумақтар мен санамақтар
құрастыру
Білім алушы ашық түрдегі қысқа
жауапты қажет ететін
тапсырманы орындайды
1 5
22
4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Әдебиеттік оқу» пәнінен
2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
1. Мәтінді мұқият тыңда. Ары қарай не болуы мүмкін? Әңгімеле.
Бейбіт бақша ішінде жерді қопарып ойнап жүр еді. Қасынан өтіп бара жатқан бір
қария:
- Әй, балам, Жерді неге қорлайсың? Ол сенің анаң ғой, - деді.
Қарияның сөзіне таң қалған Бейбіт:
- Менің анам үйде, аты Зейнеп, - деді.
- Балам, онда сол Зейнеп анаңнан сұра, түсіндіреді, - деп кете берді қария.
Бейбіт ештеңе түсінбей қалды. Ол ....
2. Сұрақтарға жауап бер.
• Анасы Бейбітке не айтады деп ойлайсың?
• Жерді қорлау дегенді қалай түсінесің?
• Адамдар жерді неліктен анаға теңейді?
• Мәтіннен өзіңе қандай сабақ алдың?
[5]
Балл қою кестесі
Тапсырма
№
Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 Білім алушының ықтимал жауабы:
Бейбіт үйіне жүгіріп келді. Ол
анасынан сұрады. Анасы қарияның
сөзін түсіндіріп берді. Бейбіт енді
жерді қазып ойнамайтын болды.
1 Сұрақтың мазмұнына
сәйкес болатын басқа да
жауаптар қабылданады.
Мазмұнын сақтай
отырып, мәтіннің соңын
болжап айтады – 1 балл;
Тақырыпқа сәйкес мәтін
құрастырады – 1 балл;
Сұрақтарға дұрыс жауап
береді – 1 балл;
Сөйлеу барысында
грамматикалық
нормаларды сақтайды –
1 балл;
Сөйлеу барысында
лексикалық нормаларды
сақтайды – 1 балл
қойылады.
2 Білім алушының ықтимал жауабы:
Иә, қария дұрыс айтады. Жерді біздің
анамыз деуге болады. Жерді бостан
босқа қорлауға болмайды.
1
Білім алушының ықтимал жауабы:
Жерді бостан босқа қазу/ топырақты
шашу/ топырақты ластау
1
Білім алушының ықтимал жауабы:
Жер де ана сияқты адамдарға барын
береді. Адамдарға қамқорлық жасайды
1
Білім алушының ықтимал жауабы:
Топырақтың пайдасы көп. Оны бостан
босқа шашуға, ластауға болмайды.
Жерді қорламау керек.
1
Барлығы 5
23
Оқылым
3. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Ерлік жасаған екеу
Бақыт пен Қазбек есік алдында әңгімелесіп отыр еді. Бір кезде түтіннің иісін сезді.
Орындарынан тұрып, жан-жағына қарады. Қазбек көрші үйдің ескі қорасы өртене
бастағанын байқады. Екеуі солай қарай жүгірді.
Өртке кінәлі кішкентай балалар болып шықты. Екі бала өртті сөндіруге кірісті.
Үлкендер Бақыт пен Қазбектің ісіне риза болды.
1) Мәтін қай жанрда жазылған? Белгіле ()
2) Мәтінге қатысты 3 дұрыс ақпаратты анықтап, белгіле ().
3) Мәтіннен кейіпкерлердің жасаған ерлігін сипаттайтын сөйлемді тауып, көшіріп
жаз. ________________________________________________________________
[5]
Балл қою кестесі
Тапсырма
№
Жауап Балл Қосымша ақпарат
3 Әңгіме 1
Үлкендер балалардың ісіне риза болды. 1
Көрші үйдің қорасы өртене бастады. 1
Өрттің шығуына кішкентай балалар
кінәлі.
1
Екі бала өртті сөндіруге кірісті. 1
Барлығы 5
ертегі өлең әңгіме жұмбақ
Үлкендер балалардың ісіне риза болды.
Көрші үйдің ескі қорасы өртене бастады.
Өрттің шығуына Бақыт пен Қазбек кінәлі.
Өрттің шығуына кішкентай балалар кінәлі.
24
Жазылым
4. Сызықшаның орнына тиісті сөздерді қойып, өлеңді толықтырып жаз.
Керекті сөздер:
[5]
Балл қою кестесі
Тапсырма
№
Жауап Балл Қосымша ақпарат
4 Оқу-білім саған (пайда) 1
Сияменен бояп (қойма) 1
Қолыңды жу, тырнағыңды (ал) 1
Болсын таза бет (орамал) 1
Мұнтаздай боп мектепке (бар) 1
Барлығы 5
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған
нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім
алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық
бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
пайда ал орамал қойма бар
Бөбектерім, оқы, ойна!
Оқу-білім саған __________________________________,
Кітабыңның шетін жыртып,
Сияменен бояп __________________________________.
Қолыңды жу, тырнағыңды ________________________,
Болсын таза бет __________________________________,
Мұнтаздай боп мектепке __________________________.
25
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім
алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға
немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс
үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
26
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты 2.1.1.1 Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға
жауап беру
2.1.3.1 Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы
бөліміне) сүйеніп оқиғаның соңын болжау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап
береді
• Берілген тақырып пен үзіндіге сүйеніп, оқиғаның
соңын болжайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20-минут
Тапсырма
1. Берілген үзіндіні мұқият тыңда.
Самат ұйқысынан кеш оянды. Таңертеңгі асын апыл-ғұпыл ішті де, мектепке жинала
бастады. Баласының бұл ісін көрген анасы:
- Денсаулығыңды бұзасың ғой. Отырып, дұрыс тамақтансаң қайтер еді? - деді.
- Тамақтанудың денсаулыққа қандай қатысы бар? – деп, Самат анасына таңдана
қарады.
Сұрақтарға жауап бер.
• Самат неліктен асықты?
• Анасы не деді?
• Самат анасына қандай сұрақ қойды?
• Қай кейіпкердің ойымен келісесің? Неліктен?
2. Анасы Саматқа қалай жауап береді деп ойлайсың? Оқиға қалай аяқталуы
мүмкін? Осы сұрақтарды басшылыққа алып, әңгімені ары қарай жалғастыр.
Бағалау критерийі Тапсырма
№
Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіннің мазмұны
бойынша сұрақтарға
жауап береді
1 мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға
жауап береді;
1
кейіпкерлердің ойына қатысты дәлелді
пікір айтады;
1
Берілген тақырып пен
үзіндіге сүйеніп,
оқиғаның соңын
болжайды
2 мәтіндегі оқиғаның соңын болжап
айтады;
1
оқиғаны тақырыпқа сай жалғастырады; 1
оқиғаның логикалық жүйесін сақтайды. 1
Барлығы 5
27
«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға
арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні___________________________________________________________
Бағалау критерийі Тапсырма
№
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіннің мазмұны
бойынша қойылған
сұрақтарға жауап береді
1
Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақтарға жауап беруде
қиналады
Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақтарға жауап беруде/
кейіпкерлердің ойына қатысты
пікір айтуда қателеседі
Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақтарға жауап береді және
өз көзқарасын айтады
Берілген тақырып пен
үзіндіге сүйеніп,
оқиғаның соңын
болжайды
2
Тақырыбы мен үзіндісі
бойынша оқиғаның соңын
болжауда қиналады
Берілген тақырып пен үзінді
бойынша оқиғаның соңын
болжауда/оқиғаның логикасын
сақтай отырып жалғастыруда
қателіктер жібереді
Берілген тақырып пен үзінді
бойынша оқиғаның соңын
болжайды және оқиғаны өз
сөзімен жалғастырып айтады
28
«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 2.2.9.1 Cұраққа жауапты анықтамалық кітаптардан/
жинақтардан/ сөздіктерден табу және ақпаратты берілген
үлгі кестеге салу
2.3.3.1 Шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен
сурет/ калиграмма/ аппликация/ фотосуреттер арқылы
ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Әр түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты
анықтайды
• Ақпаратты кестеге түсіреді
• Тақырып бойынша шығармашылық жұмыс жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Әр түрлі дереккөздерден Наурыз туралы ақпарат жинақтап, кестені толтыр.
«Наурыз» сөзі қандай
мағына береді?
Наурыз қандай мереке? Адамдар бұл мерекені
қалай өткізеді?
2. «Наурыз мерекесі» тақырыбында сурет сал. Суретке қатысты 1-2 сөйлем жаз.
29
Бағалау критерийі Тапсырма
№
Дескриптор Балл
Білім алушы
Әр түрлі
дереккөздерден
қажетті ақпаратты
анықтайды.
Ақпаратты кестеге
түсіреді
1 бірінші сұраққа қатысты ақпаратты
анықтайды және кестеге жазады;
1
екінші сұраққа қатысты ақпаратты
анықтайды және кестеге жазады;
1
үшінші сұраққа қатысты ақпаратты
анықтайды және кестеге жазады;
1
Тақырып бойынша
шығармашылық
жұмыс жасайды
2 тақырыпқа сәйкес сурет салады; 1
суретті тақырыпқа қатысты сөйлеммен
толықтырады.
1
Барлығы 5
30
«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат
ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні___________________________________________________________
Бағалау критерийі Тапсырма
№
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Әр түрлі
дереккөздерден қажетті
ақпаратты анықтайды
1 Берілген тақырып бойынша әр
түрлі дереккөздерден ақпарат
жинауда қиналады
Берілген тақырып бойынша түрлі
дереккөздерден қажетті ақпарат
жинауда/ жинаған ақпаратты
кестеге түсіруде қателіктер
жібереді
Берілген тақырып бойынша
түрлі дереккөздерден қажетті
ақпарат жинап, кестеге
түсіреді
Тақырып бойынша
шығармашылық жұмыс
жасайды
2 Тақырып бойынша
шығармашылық жұмыс
жасауда және сөйлем
құрастыруда қиналады
Шығармашылық жұмысты
тақырыппен сәйкестендіруде /
сөйлем құрастыруда қателеседі
Тақырыпқа сәйкес
шығармашылық жұмыс
жасайды және сөйлем
құрастырады
31
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу
бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін
тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға
бағытталған.
Спецификация 2-сыныпта «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық
бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту
аясында), Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).
3. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 15
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар,
қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарды
қамтитын 4 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын
таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер
түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардын тұруы мүмкін.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі оқылым дағдысын,
үшінші және төртінші тапсырмалар жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
32
№ Ортақ тақырып Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Оқу мақсаты Тапсырманың
сипаттамасы
Тапсырма
саны
Жалпы
балл
1
Дені саудың –
жаны сау
Салт-дәстүр және
ауыз әдебиеті
Тыңдалым және
айтылым
2.1.1.1 Шығарманың мазмұны
бойынша сұрақтарға жауап беру
Білім алушы ашық түрдегі
қысқа жауапты қажет ететін
тапсырманы орындайды
1 5
2 Оқылым 2.2.3.1 Мұғалімнің көмегімен
мәтіннің тақырыбы мен негізгі
ойын анықтау
2.2.6.1 Кейіпкердің сыртқы
келбетін сипаттау, мінез-құлқы
мен іс-әрекетін бағалау
Білім алушы жабық түрдегі
көп таңдауы бар және ашық
түрдегі қысқа жауаптарды
қажет ететін тапсырманы
орындайды
1 5
3 Жазылым 2.3.1.1 Мұғалім көмегімен
оқылған шығарманы бөліктерге
бөліп, жоспар құру
2.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен
орфографиялық, пунктуациялық,
стилистикалық қателерді табу
және түзету
Білім алушы ашық түрдегі
қысқа жауапты қажет ететін
тапсырманы орындайды
2 5
33
4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Әдебиеттік оқу» пәнінен 3-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
1. Мәтінді мұқият тыңда.
Спортшы Бейбіт
Бейбіт – сыныптағы балалардың ең кішісі, әрі нәзігі. Бұл дене шынықтыру сабағында
байқалатын. Сапқа тұрғанда оқушылардың ең соңында қалатын. Оған өзі де намыстанатын.
Тез өсіп, үлкен болу оның арманы еді.
Ағасы аулаға турник орнатып берді. Бейбіт күн сайын турникке тартылып жүрді.
Денесін шынықтыру, спортпен айналысу Бейбіттің бұлжымас әдетіне айналды. Үшінші
сыныпқа келгенде бойы өсіп, қайраттана түсті.
Жазда ол ауыл балаларымен бірге бокс үйірмесіне барып жүрді. Бокстасамын деп
жүріп өзінен үлкен балалардан таяқ жеп қалған кездері де болды. Бірақ Бейбіт алған бетінен
қайтпады. Бокс өнеріне деген ынтасы арта түсті.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
• Бейбіт не үшін намыстанды?
• Оның арманы не еді?
• Бейбіт нені бұлжымас әдетке айналдырды?
• Ол қай спорт түрімен әуестенді?
• Спортпен айналысу Бейбітке қалай әсер етті?
[5]
Балл қою кестесі
Тапсырма
№
Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 Білім алушының ықтимал жауабы:
Саптың соңғы жағында тұратыны үшін
намыстанатын/денесі балалардан кіші
болғаны үшін/өзінің басқалардан кіші
болғанына/ ең кішкентай, ең нәзік
болғанына
1 Білім алушылардың
сұрақтың мазмұнына
сәйкес кез келген дұрыс
жауабы қабылданады.
Тез өсу/ Үлкен болу/Тез өсіп, үлкен
болу/Басқа балалар сияқты үлкен болу
1
Дене шынықтыруды/ Спортпен
айналысуды/Турникке тартылуды
1
Бокспен/Бокс спортымен/Бокс өнерімен 1
Денесі өсті/қайраттана түсті/турникке
жақсы тартылатын болды/бойы өсті
1
Барлығы 5
34
Оқылым
2. Мәтінді түсініп оқы.
Аңшы артынан естілген сыбдырға жалт қарайды. Өзіне
қарай келе жатқан сары ала жолақты, сойдақ тістері ақсиған
жолбарысты көріп, қорқып кетеді.
Ал жолбарыс аңшыға тиіспей, алдыңғы аяғын созыпты.
Аяғы ісіп кеткен екен.
Аңшы пышағымен жолбарыстың аяғын тіліп, іріңін
шығарады. Белбеуімен мықтап таңады. Сөйтеді де орнынан
тұрады.
Жолбарыс аңшыны жібермейді. Аңшы оның соңынан
ереді. Жолбарыс аңшыны қазынасы бар жартасқа ертіп әкеледі де, бір ақырып алып, жөніне
кетіпті.
1) Мәтін не туралы? Мәтінге ат қой ____________________________________
2) Аңшының бұл әрекетін қалай бағалайсың? 2 тұжырымды белгіле () .
3) Мәтіннен жолбарысты сипаттайтын сөздерді теріп жаз.
_____________________________________________________________
4) Мәтіннен қандай ой түйдің? Жаз. _______________________________________
_______________________________________________________________________
[5]
Балл қою кестесі
Тапсырма
№
Жауап Балл Қосымша ақпарат
2 1) Аңшы/Аңшы мен
жолбарыс/Мейірімді аңшы/Жаралы
жолбарыс/Жақсылыққа жақсылық/...
1 Білім алушының
мәтіннің мазмұнына
сәйкес басқа да дұрыс
нұсқалары қабылданады.
2 Әр дұрыс жауапқа 1балл
қойылады.
сары ала жолақты, сойдақ тістері
ақсиған
1
Жақсылыққа жақсылықпен жауап беру
қажет/ Біреуге жақсылық жасасаң қор
болмайсың/Әлсізге көмектесу керек.
1 Білім алушының
сұрақтың мазмұнына
сәйкес кез келген дұрыс
жауабы қабылданады.
Барлығы 5
Қорқақтық Батылдық Жанашырлық Аңқаулық
35
Жазылым
3. Сұрақтардың көмегімен оқыған мәтінге жоспар құрастыр.
1) Оқиға неден басталды? Аңшы қандай аңға кезікті?
2) Ары қарай не болды? Аңшы жолбарысқа қалай көмектесті?
3) Оқиға немен аяқталды? Жаралы аң қандай жақсылық жасады?
Жоспар:
1) __________________________________
2) __________________________________
3) __________________________________
[3]
4. Сөйлемдегі қатені тауып, дұрыс жаз.
1) Қамыс арасынан үлкен шыға келді жолбарыс.
__________________________________________________________________
2) Жолбарыс жөніне кетті бір ақырып алып.
________________________________________________________________
[2]