Дүниетану пәні қажет пе?
Дүниетану пәні жалпы қоршаған ортаны танып білу және табиғат құбылыстары жайлы бізге түсінік қалыптастырады.
Сонымен қатар тірі табиғатпен, өлі табиғаттың байланыстарын түсініп, үйретеді. Жалпы дүниетану пәні бізге табиғаттағы үдерістерді ғана үйретіп қоймай, адам,қоғам яғни оның ішінде отбасы, мәдениет, ұлт, денсаулық, бір бірімізге деген қарым-қатынас міне осыларды да үйретеді. Біз дүниетану пәнін оқу арқылы өз халқының және өзге халықтардың мәдениеті,дәстүрін сыйлай білу, ұлттық және адами құндылықтарды құрметтеу сонымен қатар географиялық ойлай білуді қалыптастырамыз. Бастауыш сыныпта өтілетін дүниетану пәні үлкен сыныптың биология, география пәндерімен байланысты. Дүниетану пәні болмаса адамдарда табиғи, әлеуметтік пен технологиялық ортада өзін ұстау, өмір қауіпсіздігі нормалары болмас еді. Мен практика барысында дүниетану пәнінен “Отбасның қоғам өміріндегі маңызы” тақырыбында сабақ өттім. Сонда балалармен “Отбасының қоғам өміріндегі маңызы қандай?”,”Отбасы мүшелерінің функционалдық рөлі қандай?” деген сұрақтарды талқыладық. Сабақ барысында балалар осы сұрақтардың жауаптарын оқулықтан және бір-бірінің ойын тыңдау арқылы ала алды. Дүниетану пәні болмаса балалар отбасы құндылықтары не екенін білмес еді, сол себептен дүниетану бізге, балаларға керекті пән деп есептеймін!
Қауымбай Гүлназ Мейрамбекқызы ПМНО-31
Достарыңызбен бөлісу: |