жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 4-сынып
Нұр-Сұлтан, 2019
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Дүниетану» (оқыту қазақ тілінде) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Дүниетану» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
МАЗМҰНЫ
І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4
«Менің Отаным - Қазақстан» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 4
«Құндылықтар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 7
тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы 10
ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 16
«Мәдени мұра» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 16
«Мамандықтар әлемі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 20
тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы 23
ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 29
«Табиғат құбылыстары» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 29
«Қоршаған ортаны қорғау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 32
тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы 35
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 41
«Ғарышқа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 41
«Болашаққа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 44
тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы 47