Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Математиканың шексіз қырлары»



Дата01.02.2023
өлшемі17,62 Kb.
#167066
Байланысты:
дөңгелек үстел


Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Математиканың шексіз қырлары»

Амина:Қайырлы күн құрметті 9-сынып оқушылары. Математика да өнер; оның өз стильдері мен стильді кезеңдері бар деп Освальд айтқандай математика адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Мектеп – лицейімізде жұмысын бастаған “Математика айналамызда” атты математикалық сауаттылық апталығы аясында өткізіліп жатқан дөңгелек үстелге қош келдіңіздер.


Айсұлтан:Бүгінгі дөңгелек үстелдің мақсаты:
Оқушылардың
1) Математика пәніне деген танымдық қызығушылықты өзектендіру.
2) Стандартты емес жағдаяттарда өз ойын жеткізе білу қабілетін қалыптастыру.
3)Топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту

Сәлеметсіздер ме, оқушылар!


Нақты ғылымдарға қызығушылар.
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.

Есепті түрлі — түрлі шығарамыз,


Арасында ойын ойнап жарысамыз.
Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.
Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.

Бүгінгі ойын дөңгелек үстел түрінде өтеді.


Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді, — дей отырып оқушыларға өз өздерін таныстыруға сөз берейік

Қайырлы күн қадірменді көрермендер!


Жүргізуші: Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М. Ломоносов «Ақыл — ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан да оны оқу керек,»- деген. Олай болса, бүгін сендер математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар.
Амина:Ең алдымен математика жайлы ұлы адамдардың пікірлерін тыңдайық
Айсұлтан:Ақыл ойды қалыпқа келтіретін – математика М.Ломоносов
Амина:Математика-барлық ғылымдардың тұңғышы ,және оларға пайдалы да,қажет те Р Бэкон
Айсултан: Әлем математика тілімен бейнеленген.Г Галилей
Амина:Арифметика математиканың, ал математика – ғылымдардың патшасы. К.Гаусс

Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.


Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болуы керек және тәртіп сақталғаны жөн.

Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысыңдар:

Таныстыру(Оқушылар өз тобын таныстырады)
Білім минуты (Нақыл сөздерге анықтама бер)
Топ басшылар
1. Математика дегеніміз не?
Математиканың біздің өміріміздегі маңыздылығы
2 Математика қай мамандықтарды таңдауға ықпал етеді?
3. Кім жылдам?
Викториналық сұрақтар
Қорытынды

Жүргізуші:Мықты болсаң – алдағыны басып оз,


Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, — деп келесі сайысымыз «Білім минуты» сайысына кезек береміз.
.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет