Doi: 10. 47751/skspu-1937-0028 ДӘСТҮрлі білім беру жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата08.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#118212
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
7 oh n127 2021 0



«ОҚМПУ ХАБАРШЫСЫ – ВЕСТНИК ЮКГПУ», № 1 (27), 2021 ж. 
66 
ӘОЖ: 371.315.4
 
DOI: 10.47751/skspu-1937-0028
 
ДӘСТҮРЛІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН 
КЕМШІЛІКТЕРІ 
 
МАМАНОВА Мөлдір Тұрсынқызы 
Абай атындағы қазақ Ұлттық педагогикалық университеті 
«Филология және көптілді білім беру» институтының
 
2-курс магистранты 
Алматы/Қазақстан 
e-mail: moldir_maman@mail.ru 
Аңдатпа.
Мақалада зерттеу тақырыбымды тереңірек ұғыну мақсатында 
дәстүрлі білім беру жүйесінің оң тұстары мен кемшіл тұстары анықталмақ. Оқытудың 
жаңа жүйесіне көшкен білім саласы оң нәтижелерге жетіп жатқаны сөзсіз. Алайда, 
дәстүрлі оқытудың теріс тұстарын ғана алға тарта беруге болмайды. Ойшылдардың өз 
кезеңінде педагогикаға қосқан үлесін алға тарта отырып, дәстүрлі білім беру сапасының 
да өз кезінде жоғарғы дәрежеде іске асырылғандығын дәлелдегім келеді.
 
Дәстүрлі білім 
жүйесіне беделділік педагогикасы тән. Дәстүрлі білім берудің «беделі» өзі ішінде күрделі 
де құрама құрылымға ие, ондағы оқыту мен тәрбиелеу мазмұнының бөлігін ұлт пен ұстаз 
беделі айшықтайды. Мазмұнның дәлелі де міндетті түрде үлгі, стандарттың болуында.
 
Мұғалімнің ешбір дүние тең келмес орнын кез-келген «дамытушы жүйелер», 
«интерактивті 
тақталар», 
«технологиялар», 
«модернизациялар» 
алмастыра 
алмайтыны сөзсіз. Жаңартылған бағдарламаның да артықшылықтар мен ұтқыр 
тұстары ұшан теңіз. Дәстүрлі мұғалім білім алушының дамуына басшылық жасайды, 
оны дұрыс бағытқа бағыттайды (нұсқаулық көрсетеді), түрлі қателіктерден 
сақтандырады, оқушының «межелі мақсатқа» өз уақытында нық қадамдармен келуіне 
кепілдік береді және сол үшін тынымсыз еңбек етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет