Қазіргі пандемия жағдайында балалар көп уақыттарын ұялы гаджеттермен немесе компьютер /ноутбук/ алдында өткізеді. Ата-ананың өз баласының бос уақытын тиімді ұйымдастыру өз қолдарында. Дойбы ойыны кезінде баланың мүмкіндігі кеңейеді, басқа да ерекше қасиеттері дамиды. Балаға дойбы ойынын үйрете отырып, бала бойына мінсіз қасиеттерді қалыптастырамыз: шыдамдылық, алғырлық, логикалық ойлауы дамыған бала қалыптасады. Сондықтан, ата-аналарға өз баласын дойбы ойынына қызықтыру үшін бірнегше кеңес ұсынамын:
1. 3-4 жастағы балаларға арналған дойбы тақтайшасы мен дойбы фишкаларын балаларға арналған ұшақ, машина тәріздес ойыншықтар түрінде алып беріңіз. Ол балаларға қызығушылық әкеледі.
2. Балаға түсінікті түрде дойбының ережесін түсіндіру керек. Бұл ойынның ең дұрыс таңдалған түрі «орыс дойбысы». Бұл ойын тақтайшада ойнатылады. 8х8 торкөзбен өлешенеді. Әр ойыншының 12 дойбысы бар. Ойын басында 3 қатар қойылады. Дойбыны бос қара торкөздерге қисығынан жүруге болады. Қарсыластың дойбысын жеп жолдан алып тасталынып отырады. Бір шеттен екінші шетке жеткен дойбы –би атанады. Би барлық жағдайда жолындағы дойбыларды жеп қояды. Ойын мақсаты – қарсыластың барлық дойбысын жеп қою.
3. Балаларға ойнау ережесіне байланысты мағлұмат беру.
4. Баланы дойбы ойынына үйреткенде алға талпынысын байқауға болады. Ойын кезінде бала өзінен мықты қарсыласпен де әлсіз қарсыласпен де ойнауы керек.
5. Бала ойын кезінде шатасып жатса, араласпау керек. Бала өздігінен ойланып тығырықтан шыға білуі қажет.