Жобаны іске асыра отырып, біз нақты жəне анық белгіленген мақсаттарға (қысқа мерзімді де, стратегиялық), табыстылық деңгейлеріне, жобаның нəтижелерí мен шекараларына баға береміз. Əрине, кеңесшілер тиісті құжаттарды əзíрлеуге көмектесе алады, бірақ компания басшылығының да, жобалық топтың барлық негізгі мүшелерінің де бірдей түсінігі мен келісуіне қолжеткізу маңызды.
Сонымен, жобаларды басқарудың корпоративтік жүйесін қарастыра отырып, мынадай қорытындылар жасауға болады:
жобаларды басқару барысында кез келген компания жобаны басқарудың əдíстемесíн, Жобаның кеңсесі мен Жобалық комитет қызметтерін, жобаларды басқарудың ақпараттық жүйесін ескеру қажет;
жобаларды тиімді басқару үшін нормативтi-əдiстемелiк қамтамасыз ету, техникалық жəне ақпараттық қолдау, ұйымдық жəне кадрлық қамтамасыз ету бағыттарының қатынастарын анықтаған жөн;
жобаларды ұйымдастыруға əсер ететін басқару технологияларын, оның ішінде ақпараттық технологиялар мен əдíснама саласындағы жобаға қатысушылардың жəне пайдаланушылардың біліктілігін есепке алу керек.