Доклады казахской академии образования Ежеквартальный журнал издается с 2008 года



Pdf көрінісі
бет77/117
Дата31.10.2022
өлшемі2,64 Mb.
#155933
түріДоклад
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   117
Байланысты:
KAO-3-2020

жапырақ – 
«
жоғары сатыдағы өсімдіктердің фотосинтез, газ алмасу, буландыру, 
қор жинау, көбею қызметтерін атқаратын өсу мүшесі» [1, 61- 62 б.б.]. 
Берілген сөздің 
лексикалық мағынасынан көрінбейтін, алайда адамның 
танымына сәйкес жапырақтың өн бойындағы «жіңішкелік» белгісі 
санада қатталып, сөйлесім үдерісінде бір жапырақ нан, етті 
жапырақтап турау сынды тілдік бірліктердің туындауына әсер 
еткен. Сондай-ақ, «Жапырақ жүрек жас қайың, жанымды 
айырбастайын! Сен адам бола бастасаң, Мен қайың бола бастайын»
деген өлең жолдарындағы «
жапырақ жүрек
» тіркесінің қолданысы 
метафоралық тәсіл негізінде 
«кішкентай, нәзік»
деген ұғымды 
тұспалдап жеткізіп тұр. Алдыңғы мысалда көрсетілген 
«жіңішкелік»
белгісінің негізінде ассоциация бойынша 
«нәзіктік» 
сынды екінші 
ұғымдық белгі туындаған.


250 
Жалпы тіл білімінде мәтінге берілген анықтамалар көптеп 
кездеседі. Берілген анықтамаларды тұжырымдай келе, мына бір 
анықтамаға назар аударсақ: «
Мәтін
– жазба құжат түрінде толық 
аяқталған ойды білдіретін, әдеби тұрғыда өңделген, мәтін ішіндегі 
абзацтардың лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық 
байланыстардың әртүрлі типтерімен біріккен, күрделі фразалық 
бірліктерден тұратын, белгілі бір тілдік интенциясы бар сөйлеу 
шығармашылығының туындысы» [2, 1 8 б ] . Мәтінтүзімнің негізгі 
құралы ретінде тілдік жүйе, тілдік таңбалар жүйесі маңызды рөл 
атқаратыны белгілі, олай болса, тілдік жүйе, дискурс және мәтіннің 
арасындағы байланысты берілген диаграммадан көруге болады. 
Диаграмма 1 – Дискурс, мәтін және тілдік жүйе арақатынасы 
Психолингвистикалық аспект тұрғысынан алғанда, мәтін – 
адамның сөйлеу әрекетінің нәтижесі ретінде қарастырылады. 
Психолингвистердің айрықша назар аударатын мәселесі – мәтінді 
қабылдау және оны түсіну әрекеті. Өйткені мәтін психологиялық 
тұрғыдан адамға бағытталады және оны оқырман өз таным-түйсігіне 
қарай қабылдайды. Мәтінге деген қызығушылықтың артында тілдік 
санаға деген қызығушылық жатыр. Ал тілдік сананың артында тілдік 
тұлға, автордың идиостилі, индивидтің ойлау жүйесіне деген 
қызығушылық мәселелері туындайды. Әрбір мәтінге талдау жүргізу 
арқылы тілдік тұлғаны тануға болады. Кеңестік психолингвистикада 
тілдік сана
терминіне мынадай анықтама беріледі: «Тілдік таңбалардың 
көмегімен ішкі үдерістерді жоспарлау және сыртқа шығару үдерістерін 
реттеуші қызметін атқарады» [3,102-103 б.б.]. Тілдік таңбаға, мәтінге 
деген қызығушылық тілдік тұлға мәселесіне, ғалам бейнесіне деген 
қызығушылықты тудырды, өйткені мәтіннің артында белгілі бір тілдік 
жүйені меңгерген тілдік тұлға тұрады. Ғалам бейнесі – адам санасында 
мәтін
Дискурс
Құрал // 
тілдік жүйе


251 
қоршаған орта туралы белгілі бір ұғымдық мазмұны мен когнитивті 
сызбалары бар көрініс. 
Мәтін күрделі семантикалық түзілім ретінде көптеген 
психолингвистикалық белгілерге ие, атап айтқанда, мәтіннің 
бүтіндігі, 
тұтастығы, эмотивтілігі, преценденттік сипаты, бейвербалдылығы
сынды белгілері бар.
Тұтастық – мәтін ішіндегі абзацтардың, тілдік бірліктердің 
арасындағы өзара байланыс. Бұл мәселеге мәтін лингвистикасы жауап 
береді. Себебі, кейде мәтін ішіндегі өзара тұтастық сақталғанмен, 
мәтінде толыққандылық, бүтіндік болмауы мүмкін. Кейде керісінше, 
толыққандылық, бүтіндік болғанмен, өзара тұтастық сақталмауы 
мүмкін.
В.П. Беляниннің көрсетуінше, мәтінтүзім моделі үш фазалық 
құрамнан тұрады: бағыт (жүзеге асыру), бақылау, реципиент 
тұрғысынан қабылдау [4, 180 б.]. Бағыт фазасында мәтінтүзімнің 
коммуникативті мақсаты туындайды. Осы коммуникативті мақсат 
мәтінтүзімнің уәжін құрайды. Осы уәж кеңейтілген сөйлесімнің 
жоспарланған коммуникативті-танымдық мазмұнын құрайды. Мәтін 
мазмұнын сипаттауда автор аргументтер енгізді, комментарий береді, 
интеллектуалды және эмоционалды бағасын береді.
Ойда қалыптасқан жоспарды, идеяны 
жүзеге асыру фазасы
тілдік 
құралдарды қолдану арқылы іске асады. Мәтін үшін ерекше тілдік 
құралдар ретінде фразааралық тұтастық пен бүтіндік көрсеткіштері 
қолданылады. Идея автордың санасында ойша туындайтындықтан, 
ойдағы идея толығымен сыртқа шықпайды. Демек, айтылатын ой тек 
мәтін арқылы түзіледі.
Бақылау фазасы
– мәтіндегі айтылатын ойды, идеяны қайта 
өңдеуден өткізу дегенді білдіреді. Қайта өңдеу кезінде ойдың 
толыққанды болуы, бір идея мен екінші идеяның өзара тұтастыққа 
құрылуы ерекше рөл атқарады. Өйткені ойдағы ассоциациялық қатынас 
мәтіндегі айтылатын ойды бір-бірімен байланыстыруға септігін 
тигізеді. 
Мәтін әрқашан коммуникативтік жағдаяттарға, тілдік материалды 
қолданушы мен тыңдаушыға байланысты болып келеді, әрі автордың 
белгілі бір бағытты таңдауының нәтижесі болады. Осыдан мәтіннің 
мазмұны құралады. 
Психолингвистикалық аспект тұрғысынан алғанда, мәтін – тілдік 
коммуникацияның негізгі бірлігі саналады, тілдік бірліктердің 
көмегімен түзілген, қоршаған ортаны шынайы бейнелеп көрсететін, 


252 
индивидтің сөйлеу әрекетінің нәтижесінде туындайтын шығармашылық 
үдеріс [5, 260 б.]. 
Кез келген тілдік коммуникацияның мақсаты – рецепиенттің 
(оқырман, тыңдарман) белгілі бір деңгейде вербальді, физикалық, 
ментальді не эмоционалды реакциясын тудыруға бағытталады. 
Мәтіннің міндеті – тыңдаушы жаққа, адресатқа әсер ету, мәтін авторы 
өзінің коммуникативті мақсатына сәйкес қажетті тілдік бірліктерді 
таңдап қолданса, реципиент мәтін авторының не айтқысы келгенін 
толық 
түсініп, 
қабылдай 
алуы 
тиіс. 
Сол 
себепті 
мәтін 
психолингвистикасының негізгі міндеті – мәтінтүзім және оны 
қабылдау 
механизмдерін 
зерттеу. 
Мәтінді 
қабылдаудың 
психолингвистикалық моделі (мәтіннің мазмұндық және құрылымдық 
сипаты) мәтіннің лингвистикалық тұрғыдан дұрыс құрылуына ғана 
емес, мәтін тудырудың психологиялық уәжіне де назар аударады. 
Өйткені мәтін мазмұндық тұрғыдан алғанда толық аяқталған, өзара 
тұтастыққа құрылған, белгілі бір коммуникативті жағдаяттың 
нәтижесінде түзіледі. Осылайша, мәтін сөйлеу (ойлау) әрекетінің жемісі 
саналады, алғаш рет мәтін автордың санасында бір рет туындаса, 
реципиенттің мәтінді қабылдау үдерісінде бірнеше рет туындайды. 
Автор мәтінтүзімде тілдік таңбалар селекциясын жасап, одан өзінің 
айтар ойын толығымен жеткізе алатын, екінші жағынан реципиенттің 
мәтінді түсініп қабылдауына қарай тілдік формаларды таңдайды
[6, 80 б.].
Енді осы мәтіндегі негізгі ой, идея (замысел) мәтіннен алынады ма, 
әлде мәтінге арнайы енгізеледі ме деген сұраққа тоқталайық. Егер, біз, 
мәтінді мазмұнның архитектоникасы деп білсек, онда оқырман, 
көрермен, реципиент мәтіннен негізгі ойды ала отырып өзі қайта 
құрастырады, қайта жаңғыртады. Ал реципиенттің мәтіндегі негізгі 
идеяны, астарлы ойды қалай қайта жаңғыртады, ол оқырманның өзіне 
байланысты. Мәтін ↔ реципиент арасындағы қарым-қатынас бұрыннан 
қарастырылып келе жатқан мәселе. Қазіргі кезде мәтінді қабылдау 
үдерісімен психологтар, психолингвистер (В.П. Белянин, Г. Вайнрих) 
айналысып келеді. В.П. Беляниннің пікірінше, белгілі бір 
коммуникативті жағдаят мәтінтүзімге негіз болатын уәж бен 
интенцияны тудырады [4]. 
Психолингвист 
ғалымдар 
мәтінді 
психолингвистикалық 
аспектіден қарастыра келе, мәтіннің өзіне тән дифференциалды 
белгілері мен мәтінтүзім категориялары бар екендігін айтады. Мәтіннің 
дифференциалды белгілері туралы айтқанда О.И. Москальскаяның 
мәтіндегі тұтастық идеясының үш белгісін негізге аламыз. Олар: 
мазмұн 


253 
тұтастығы, коммуникативті тұтастық, құрылымдық тұтастық
[7, 75 б.]. Бұл үш белгі мәтіннің кез келген түріне тән. Осы белгілердің 
негізінде мәтінтүзуші категориялар айқындалады. 
Кесте 2 – Мәтіннің дифференциалды белгілері мен мәтінтүзуші 
категориялардың өзара қатынасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет