Ол үйде жоқ
(етістік),
书
在桌子上
[Shu zai zhuozi shang]
Кітап үстелдің үстінде
(предлог);
2) етістіктерді қосарлап айтуға болады:
你
们俩
比一比
[Nimen liang
bi yi bi];
3) етістіктердің соңынан шақтық мағыналарды білдіретін
着
,
了
,
过
шылауларын қосып айтуға болады:
顺利通过了考试
[Shunli tongguo
le kaoshi]
Емтиханнан сәтті өтті
.
他当了市
长
[Ta dang le shizhang]
Ол
әкім болды
.
Предлогты тіркестер, көбінесе, етістік баяндауыштың алдында
тұрып, пысықтауыштың қызметін атқарады:
他从日本来
[Ta cong Riben
lai]
Ол Жапониядан келді
. Предлогты тіркестер кейде анықтауыштың да
қызметін атқарады:
这是
关于太阳和月亮
的
传
说
[Zhe shi guanyu taiyang
he yueliang de chuanshuo]
Бұл бір Күн мен Ай туралы аңыз
. Анықтауыш
болғанда, міндетті түрде
的
құрылымдық шылауы жалғанады.
Кейбір
предлогты тіркестер толықтырғыштың қызметін де атқарады:
他生于
1940
年
[Ta sheng yu 1940 nian]
Ол 1940 жылы туған
.
这列火车开往
阿
拉木
图
[Zhe lie huoche kaiwang Alamutu]
Бұл пойыз Алматыға барады
.
Қытай тіліндегі толықтырғыштар қазақ тіліне, көбінесе, пысықтауыш
болып аударылады.
245
Кейбір предлогтардың болымды және болымсыз мәнде қатар келуі
арқылы сұраулы сөйлемдер жасалады. Мысалы,
从不从上海出
发
[cong bu cong chufa]
Шаңхай арқылы кетеміз бе,
жоқ па?
对
没
对
她
说起
[dui mei dui ta shuoqi]
Оған айтылды ма, жоқ па?
向不向他学
习
[xiang bu xiang ta xuexi]
Одан үйренеміз бе, жоқ па?
(Одан үйренеміз бе, үйренбейміз бе?)
Қорыта айтқанда, предлогқа берілген анықтаманың дұрыс болуы
үшін предлогтарға тән мынадай ерекшеліктерді атап көрсету керек:
- предлогтардың толық лексикалық мағынасының болмауы;
- өзі қатысты сөздерге әртүрлі грамматикалық мағыналар үстеуі;
- предлогтар, көбінесе, зат есім, есімдік немесе зат есімді сөз
тіркестерінің алдынан келіп, предлогты тіркес құрауы;
- предлогты тіркестердің етістік немесе сын есімнен жасалған
баяндауыштың алдында тұрып, пысықтауыш қызметінде жұмсалуы,
кейде анықтауыш немесе толықтырғыштың да қызметін атқаруы.
Әр тілдің грамматикалық құрылымындағы ерекшеліктерді білу
практикалық тұрғыдан алғанда тілдік қатысымның (ауызша, жазбаша)
сауатты жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Лю Баушун, Шуй Шужын. Қазіргі қытай тілі. – Үрімжі: Шыңжаң оқу-ағарту
баспасы, 1987. – 468 б.
2. Ділдә Түсіпқанқызы, Нұршат Әділбекқызы. Қытай тіл грамматика білімдері
(
тізбекті қос тіл кітапшалары
). – Күйтың, Іле халық баспасы, 2010. – 147 б.
3. Мәсімханұлы Д., Әбиденқызы А. Қытай филологиясына кіріспе. – Астана:
Күлтегін, 2004. – 237 б.
4. Нурсаидов М. Қытай тіліндегі жәрдемші сөздер. – Алматы: Қазақ
университеті, 2011. – 101 б.
5. Мәкен Ілікенов. Қытайша-қазақша тіл ғылымы сөздігі. – Бейжің: Ұлттар
баспасы, 1984. – 438 б.
6.
Дукенбай Назари. Қытайша-қазақша тіл ғылымы атауларының
салыстырмалы шағын сөздігі. –Үрімжі, Шыңжаң халық баспасы, 1985. – 431 б.
7. Ғабитқанұлы Қ. Қытайша-қазақша-орысша/қазақша-орысша-қытайша/
орысша-қазақша-қытайша тіл білімі атаулары. – Үрімжі: Шыңжаң оқу-ағарту баспасы.
2009. – 203 б.
8. Большой китайско-русский словарь; жалпы редакциясын басқарған Гу
Байлинь. –Shanghai: Shanghai Waiyu Jiaoyu Chubanshe. 2009. – 2877 с.
9. Қалибекұлы Т. Қытайша-қазақша-орысша тіл білімі терминдерінің сөздігі. –
Бейжің: Орталық ұлттар университеті. 2018. – 287 б.
10. Абдырақын Н. Базалық шығыс тілі: Қазіргі қытай тілінің грамматикасы. –
Алматы: Қазақ университеті, 2015, – 166 б.
11. Лу Фубо. Қытай тілі грамматикасының оқытулық қолданбасы. – Бейжің:
Бейжің тіл және мәдениет университеті, 2001. – 411 б.
246
Резюме
В статье анализируются вопросы перевода дефиниции предлога на казахский
язык в китайских и казахстанских учебниках, учебных пособиях по грамматике
китайского языка. Также рассматриваются грамматические особенности предлогов и
синтаксическая функция предложных сочетаний.
Resume
The author of the article analyzes the translation of the definition of the preposition
into the Kazakh language in Chinese and Kazakhstan textbooks and manuals on the grammar
of the Chinese language. And also their (prepositions) grammatical features and syntactic
function of prepositional phrases are considered.
247
Достарыңызбен бөлісу: |