Эксперименттiк қондырғының сипаттамасы
«Доплер эффектісі зерттеу арналған әмбебап есептегіші бар қондырғы» 1-суретте көрсетілген.
1-сурет
2-суретте экран орнатылған дыбыс көзі (дыбыс күшейткіш) көрсетілген. Экранды суретте көрсетілгендей түрде жоғарғы қосқыш сымға бекітіңіздер.
2-сурет (дыбыс көзі, эмиттер) 3-сурет (микрофон, детектор)
Зертханалық жұмыста детектор (дыбыс қабылдаушы қондырғы) ретінде күшейткіші бар өлшеуіш микрофон қолданылады (3-сурет).
Бұл эксперименттің мақсаты Доплер эффектісінің акустикалық әсерін зерттеу
1. Қозғалыстағы эмиттердің (дыбыс көзінің) әртүрлі жиіліктері мен жылдамдықтары үшін Доплерлік ығысуды өлшеңіздер. Өлшеуде алынған нәтижелерді теорияда болжаған мәндермен салыстырыңыздар және (4) теңдеуді тексеріңіздер.
2. Қозғалыстағы детектор (дыбыс қабылдаушы қондырғы) әртүрлі жиіліктері мен жылдамдықтары үшін Доплерлік ығысуды өлшеңіз. Өлшеуде алынған нәтижелерді теорияда болжаған мәндермен салыстырыңыздар және (6) теңдеуді тексеріңіздер.
1-тапсырма
1.Тыныштықтағы детектор (дыбыс қабылдаушы қондырғы) мен қозғалатын дыбыс көзіне арналған тәжірибе қондырғысы 1 және 2-суреттерде көрсетілгендей түрде құрастырылады.
2. Дыбыс көзі қозғалтқышы бар арбаға бекітіледі. Дыбыс көзі мен микрофон бірдей биіктікке реттелуі керек.
3.Дыбыс көзіне бекітілген экранды көлік құралының қозғалысына әсер етпей, жарық тосқауылынан (4-сурет) өтетіндей етіп орналастырыңыздар. Дыбыс көзі функционалдық сандық генератордың (5-сурет) шығысына қосылады.
4-сурет (жарық тосқауылы) 5-сурет (функционалдық сандық
генератор)
4.Микрофон сандық әмбебап есептегіштің (6-сурет) кірісіне қосылады. Жарық тосқауылын әмбебап есептегішке 1-суретте көрсетілгендей түрде қосыңыздар.
6-сурет (сандық әмбебап есептегіш) 7-сурет (қозғалтқышы бар арба)
2-тапсырма
Тыныштықтағы дыбыс көзі мен қозғалатын детекторға (дыбыс қабылдаушы қондырғы) арналған тәжірибе 8-суретте көрсетілгендей түрде құрастырылады.
Микрофон (детектор) қозғалтқышы бар арбаға бекітіледі. Дыбыс көзі мен микрофон бірдей биіктікке реттелуі керек. Микрофонға бекітілген экранды көлік құралының қозғалысына әсер етпей, жарық тосқауылынан (4-сурет) өтетіндей етіп орналастырыңыздар.
Дыбыс көзі функционалдық сандық генератордың (5-сурет) шығысына қосылады. Микрофон сандық әмбебап есептегіштің (6-сурет) кірісіне қосылады. Жарық тосқауылын әмбебап есептегішке 8-суретте көрсетілгендей түрде қосыңыздар.
8-сурет
0,06 м/с-тен 0,16 м/с дейінгі кемінде үш түрлі жылдамдық пен 5 кГц және 10 кГц аралығында жататын жиілік үшін Доплер ығысуын және бастапқы (негізгі) жиілік өлшенеді. Арбаның жылдамдығын анықтау үшін сандық әмбебап есептегіштің параметрлерін келесідей тәртіппен таңдау керек (9-сурет):
жылдамдық өлшеу (velocite);
функция (Function): жылдамдық
триггер (Trigger) ;
ара қашықтық (set-Distance): 50 мм;
режим: аналогтық.
9-сурет 10-сурет
Достарыңызбен бөлісу: |