Дорогие коллеги



бет16/17
Дата12.09.2022
өлшемі234,14 Kb.
#149268
түріУчебник
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Ф КАЗ 1-50

Г)ЖЕДЕЛ УЛАНУДЫҢ СИМПТОМАТИКАЛЫҚ ТЕРАПИЯСЫ
Симптоматикалық терапия жедел улануды емдеуде маңызды рөл атқарады. Әсіресе арнайы антидоттары жоқ заттармен улану кезінде оның үлкен мәні бар.
Алдымен өмірге қажетті қызметтерді — қан айналымды және тынысты қалыпты ұстап тұру қажет. Осы мақсатта жүрек гликозидтерін, артериялық қысымның деңгейін реттейтін заттарды, шеткі тіндерде микроциркуляцияны жақсартатын заттарды, жиі оксигенотерапияны, кейде тынысты ынталандырғьштарды және т.б. қолданады. Науқастың жағдайын қиындататын жағымсыз симптомдар пайда болғанда, оларды тиісті препараттардың көмегімен тоқтатады. Атап айтқанда, тырысуды тырысуға қарсы айқын
1 Антидотдеи көбіне анық тек улармен физико-химиялық принциптер (адсорбция, тұнба немесе белсенді емес комплекстер түзілу) бойынша өзара әсерлесетін уға қарсыларды ғана атайды. Әсері физиологиялық механизмге негізделген (мысалы, субстрат-«нысана» деңгейінде өзара әсерлесетін антагонистер) уға қарсылар, осы номенклатура бойынша антагонистерді белгілейді. Дегенмен, практикада қолданғанда барлық уға қарсыларды, олардың әсер ету принцине қарамастан әдетте, антидоттар деп атайды.
48
белсенділігі бар анксиолитик диазепам қолданып тоқтатады. Ми ісінуінде де гидратациялық ем жүргізіледі (манниттің, глицериннің көмегімен). Ауыру сезімі анальгетиктермен (морфин және т.б.) жойылады. Қышқыл-негіздік жағдайына көп көңіл бөлген жөн және бұзылысы пайда болған жағдайларда оны түзету қажет. Ацидозды емдеу үшін натрий гидрокарбонаты, трисамин ерітінділері. ал алкалозда- аммоний хлориді қолданылады. Су-электролиттік тепе-теңдікті қалыпты ұстап тұру да соншалықты маңызды.
Сонымен, дәрілік заттармен жедел улануды емдеуге детоксикациялық шаралардың кешенімен қатар симптоматикалық және егер қажет болса реанимациялық ем де қолданылады.
Д) ЖЕДЕЛ УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ
Ең басты мәселе - уланудың алдын алу. Бұл үшін дәрілік заттарды рецептке түсінікті жазып беру және оларды медициналық мекемелер мен үй жағдайында дұрыс сақтау қажет.Сонымен бірге, медикаменттерді тағамдар тұратын шкафтарда және тоңазытқыштарда ұстамау керек. Дәрілік заттар сақталатын орынға балалардың қолы жетпеуі тиіс. Қажет емес ирепараттарды уйде сақтаудың керегі жоқ. Сақталу мерзімі өтіп кеткен дәрілік заттарды колдануға болмайды. Қолданылатын препараттардың міндетті түрде тиісті этикеткасы атымен болуы керек. Әрине, көпшілік дәрілік заттарды тек дәрігердің ұсынуы бойынша олардың мөлшерін катаң сақтай отырып кабылдау қажет. Бұл әсіресе уытты және күшті әсер ететін препараттар үшін аса маңызды. Әдетте, өз бетінше емделуге болмайды, өйткені ол жедел уланудың және басқа жағымсыз әсерлердің жиі себебі болады. Химия-фармацевтикалық мекемелерде және дәрілік препараттарды дайындаумен айналысатын лабораторияларда химиялык заттарды сақтау және олармен жұмыс істеу ережелерін білудің зор маңызы бар. Осы міндеттердің барлығын орындағанда дәрілік заттармен жедел уланудың жиілігін айтарлықтай азайтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет