Досыбаева Жарқеткен Әбілқызы
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,
Ө.Қанахин атындағы орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Алғы сөз
Қазақстан Республикасының бастауыш білім беруге арналған Мемлекеттік жаңа білім стандартында көрсетілгендей , бастауыш білім мазмұнының жаңа бағдарламалары оқушылардың білім , білік, дағдаларына қойылатын талаптар түрінде екі деңгеймен беріледі:
Оқу материалдарының ең аз (минималды) қажетті деңгейі (яғни міндетті деңгейі).
Оқу материалдарының мектеп ұсынатын базалық (инварианттық) деңгейі немесе мүмкіндік деңгейі.
Жоғарыда аталған деңгейлердің арасында әлі де бірнеше деңгей болуы мүмкін. Бірақ бастауыш сатыны бітіруші оқушы меңгеретін білім, білік, дағдылары міндетті деңгейдегі талаптардан төмен болмауы қажет.
Міне осы аталған деңгейлер көлемінде сапалы білім бере отырып оқушылардың логикалық, шығармашылық ойлау қабілеттерін қалыптастырып, интелектуалды тұлға дайындауда таптырмайтын әдістің – тесттік тапсырмалар. Осыған байланысты бүгінгі күні оқу үрдісінде тесттік тапсырмаларды қолдану қажеттілігі пайда болды.
Тест (ағылшын тілінен аударғанда байқау, сынақ, бақылау) – орындалуы белгілі бір білім, білік, дағды мен қабілеттілік деңгейін анықтауға бағытталған стандартты нысандағы тапсырма. Тест түрлері барлық пән бойынша оқу бағдарламасындағы жүйенің қатаң сақталуымен беріліп, іс –жүзінде екі деңгейдегі білім мазмұнынын сапасын анықтауға арналған дидактикалық құрал.
Тесттік тапсырманы орындату арқылы оқушылардың өткен тақырыптар бойынша жинақтаған білім сапасын анықтауға нақты мүмкіндік туады.
Тест тапсырмаларының сапасын арттыру үшін әр мұғалі оқушылардың білім дәрежесін , жас ерекшеліктерін ескере отырып тестті өзі әзірлегені тиімді.
Тест жұмыстарының дұрыс құрылуы , бала жасы мен шамасының лайықтылығы нәтижесінің талданылуы білім сапасының арттыруға мүмкіндік тудырады.
Бұл жинақта 1-4 сынып бағдарламасында ұсынылған негізгі тақырыптар және қортындылау тапсырмалары жан-жақты қарастырылған. Өскен жеріміздің, ауданымыздың табиғи ерекшеліктерімен елінің тарихы, мал шаруашылығы , өсімдіктері мен жануарларын тест сұрақтарынан кездестіруге болады. Осы ұсынып отырған тест жинағы оқушылардың білімін толықтыруға, алған білімін бекітуге дүниетану пәніне деген қызығушылығын арттыруға зор ықпал етеді деп сенемін.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев табиғат байлығы туралы былай деген: «Жердің де судың да иесі сендерсіңдер жас ұлан!» жас ұрпақты қоршаған ортаға ерекше құрметпен қарап сүйе білуіне ықпал ете білуіміз керек.
Мақсаты: Әдістемелік құралдың мақсаты - оқушылардың ой - өрісін кеңейту , алған білімдерін одан-әрі тереңдету. Өтілген тақырыптарды қаншалықты меңгерілгендігін анықтап және шығармашылық қабілеттерін,ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, интеллектуалды жан-жақты тұлға етіп тәрбиелеу. Тест жинағында әр сыныпқа тарау бойынша жас ерекшеліктеріне қарай тапсырмалар жинақталып алынған. Әдістемелік жинақтың білімділік, тәрбиелік
мәндерінің жоғары болуымен қоса пәнаралық байланыс жағы қарастырылды. Тақырыптық тестік тапсырмаларды орналастырғанда оқулықтардағы тарау реті сақталды.
Міндеті: Оқушылардың ой-өрістерін кеңейту ойлау қаблетін дамыту. Сұрақтарға дұрыс жауап беру. Оқушылардың білімін толық ашуда оқытудың барлық әдіс-тәсілдері пайдаланылды.
Күтілетін нәтиже
Дүниетану тест жұмыстары 1-4 сыныпқа арналған көмекші құрал ретінде оқушылар мен ұстаздарға ұсынылып отыр.Бұл жинақ тест тапсырмаларын пайдалана отырып оқушылардың ойлау қабілетін дамытып , шығармашылық жұмысқа бейімділігін арттыра отырып, ұйымшылдыққа , адамгершілікке , инабаттылыққа, тәрбиелейді.
Сонымен бірге жергілікті жердің табиғат ерекшеліктерін жан-жақты білуіне , құрметтеуіне ықпал етеді. Тест жинағы әртүрлі жұмыс түрлерімен толықтырылған. Атап айтсақ сәйкестендіру , бақылау , білімін тексеру , ашық тест ,жабық тест түрлерінің қамтылуымен ерекшеленеді.
Бұл ерекшелік сөз жоқ оқушыларды жан-жақты дамуға , өз пікірін айта білуге, білімге деген құштарлығын , табиғатқа деген сүйіспеншілігін , туған жердің ерекшеліктерімен жете танысуға ықпал етеді деген мақсатпен құрылды.
Әдістемелік құралдан күтетін негізгі нәтижелеріміз төмендегідей:
Оқушылардың дүние туралы ғылыми түсініктерін қалыптастыру;
Денелер,нәрселер,құбылыстар,олардың қасиеттері мен өзара байланысы туралы ұғымдарды түсіндіру;
Оқушылардың шығармашылық дағдыларын қалыптастыру және дүниені танып білуге қызығушылығын дамыту;
Оқушылардың экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастыру;
Табиғатты қорғау, сақтау, қамқорлық жасау және үнемдеудің жолдарын үйрету;
Қоршаған орта жайлы білімді оқушылардың өздігінен меңгеруі және оны қолдана білуі;
1-сынып
Табиғат және оның бөліктері.
Тест №1
1.Табиғатқа жататындарды белгіле.
А)ай,күн,өзен,құс,ағаш
Ә)трамвай,есік,мектеп
Б) ауыз,мұрын,тіл
2.Табиғат құбылыстарын белгіле.
А).тау,бұғаз,аспан
Ә).қар,жаңбыр,боран
Б) глобус, көбелек, тақта
3. Табиғат заттарын белгіле
А) тау, тас, бұта
Ә) қар, жауын, бұршақ
Б) трамвай. Есік, мектеп
4. Тірі табиғатты тап
А) күн, су, ауа
Ә) адам, өсімдік, жануар
Б) үй, есік, терезе
5. Өлі табиғатты тап
А) күн, су,ауа
Ә) адам, өсімдік жануар
Б) үй, есік, терезе
6. Адам қолымен жасалатын заттарды тап
А) күн, су,ауа
Ә) адам, өсімдік жануар
Б) үй, есік, терезе
7. Адам қолымен жасалатын құбылыстар
А) өсімдік, жануар, дам
Ә) бұта, шөп, тау
Б) шамның жануы,машинаның жүруі, ұшақтың ұшуы
Тәулік мерзімдері
Тест №2
Күн шығып жарық болатын кезді көрсет:
А) күндіз Ә) түнде Б) тәулік бойы
2. Ай туып жұлдыз шығатын кезді көрсет:
А) күндіз Ә) түнде Б) тәулік бойы
3 Жаңбырдың жаууына қарап адам нені ойлап тапқан:
А) ұшақ жасау Ә) егістікті қолдан суару
Б) сүңгуір қайық жасау
4. Құстың ұшуына қарап адам нені ойлап тапқан:
А) ұшақ жасау Ә) егістікті қолдан суару
Б) сүңгуір қайық жасау
5. Балыққа қарап нені ойлап тапқан?
А) ұшақ жасау Ә) егістікті қолдан суару
Б) сүңгуір қайық жасау
Мамандық түрлері
Тест №3
1.Диқан еңбегін көрсет:
А)ғарышты зерттеу,
Ә) бидай,тары,т.б,егу
Б)мал өсіру
2.Ғарышкер еңбегін көрсет:
А) ғарышты зерттеу
Ә) бидай, тары, т.б, егу
Б) мал өсіру
Шопан еңбегін көрсет:
А) ғарышты зерттеу
Ә) бидай, тары егу
Б) мал өсіру
Жүргізуші еңбегін көрсет:
А) жүк, адам тасиды
Ә) Ғарышты зерттейді
Б) мал өсіреді
Адам жанының арашашысы деп қандай мамандық иесін айтамыз?
А) ғарышкер
Ә) дәрігер
Б) жүргізуші
Балаларға білім беретін маман иесі.
А) мұғалім
Ә) дәрігер
Б) дихан
Сезім мүшелері.
Тест №4
Адамның сезім мүшелерін жаз.
------------------------------
------------------------------
------------------------------
Көру мүшесін белгіле:
А) көз Ә) құлақ Б) тіл
Есту мүшесін белгіле :
А) көз Ә) құлақ Б) тіл
Иіс сезу мүшесін белгіле:
А) көз Ә) құлақ Б) мұрын
Дәм сезу мүшесін белгіле:
А) көз Ә) құлақ Б) тіл
Сипап сезу мүшесін белгіле:
А) көз Ә) тері Б) құлақ
Тест №5
Көздің көру мүмкіндігін күшейтетің аспапты тап:
А) көзілдірік Ә) градусник Б) термометр
Жануарлардың дауысын қалай ажыратамыз?
А) құлақ арқылы Ә) мұрын арқылы Б) көз арқылы
Ащы затты тап:
А) алма Ә) пияз Б) сүт
Тәтті затты белгіле:
А) алма Ә) пияз Б) сүт
Жағымды иісті тап:
А) әтірдің иісі Ә) қоқыстың иісі Б) ауа
Көру арқылы заттын қандай сапасын анықтауға болады?
А) түрін, түсін, пішінін Ә) дәмін Б) иісін
Ауа температурасы.
Тест№6
Ауа температурасын өлшейтін құралды көрсет:
А) градусник Ә) термометр Б) компас
Термометрдің ішінде қандай сұйықтық бар?
А) сынап Ә) су Б) қорғасын
Термометр көрсететің температураны жаз:
Күн жылы болғанда сынап бағанасы қандай денгейде болады?
А) С Ә) нольден төмен Б) нольден жоғары
Күн суық болғанда сынап бағанасы қандай деңгейде болады
А) 0 С Ә) нольден төмен Б) нольден жоғары
Жылылықты көрсететін санның алдына қандай таңба қойылыды?
А) + Ә) - Б) ешқандай
Суықтықты көрсететін санның алдына қандай таңба қойылады?
А) + Ә) - Б) ешқандай
Табиғат құбылыстары
Тест №7
Қардың шартты белгісін тап:
А) * Ә) : : Б) О
Шықтың шартты белгісін тап:
А) * Ә) Б) O
Аспан тұтас бұлтты деген белгіні көрсет:
А)O Ә) Ө Б)●
Қар жауып түр, аспан ала бұлтты, температура15 С суық шартты белгісін көрсет:
А) * -15° С Ә) : : +15°С Б) * О -15°С
Қыраудың шартты белгісін көрсет:
А) О Ә) * Б)
Түманның шартты белгісін көрсет:
А) О Ә) : : Б)
Бағдарлау
Тест №8
Оңтүстік тұсты қалай белгілейді?
А) О Ә) Ш Б) Б
Солтүстік тұсты қалай белгілейді?
А) О Ә) С Б) Б
Шығыс тұсты қалай белгілейді?
А) О Ә) Ш Б) Б
Батыс тұсты қалай белгілейді?
А) О Ә) Ш Б) Б
Солтүстіктен соққан жел бағытын қалай белгілейді?
А) Ә) Б)
Оңтүстіктен соққан желдің бағытын қалай белгілейді?
А) Ә) Б)
Батыстан соққан желдің бағытын қалай белгілейді?
А) Ә) Б)
Шығыстан соққан желдің бағытын қалай белгілейді?
А) Ә) Б)
Жыл мезгілдері
Тест №9
Бір жылда неше мезгіл бар?
А) 4 Ә) 2 Б)3
Жапырақтар сарғайып, құстар жылы жаққа ұшатын мезгілді айт?
А) күз Ә) қыс Б) жаз
3. Дала аппақ қарға оранып, өзендерде мұз қатады. Бұл қай кезде болады?
А) күз Ә) қыс Б) жаз
4.Ағаштар бүршігін жарып,жылғалардан су ағады? Бұл қай кезде болады?
А) күз Ә) көктем Б) жаз
5. Айнала жасыл желекке оранып, күн нұрын молынан төгеді.
Бұл қай кезде болады?
А) күз Ә) қыс Б) жаз
Күн ашық, солтүстіктен жел соғып тұр, ауаның температурасы 10°С жылы. Шартты белгісін көрсет.
А) О + 10°С Ә) + 10°С Б) - 10°С
Өсімдіктің құрылысы
Тест №10
Өсімдіктер тобын көрсет.
А) ағаш, бұта, шөп Ә) қайың, шырша Б) бидай, жүзім, ағаш
Ағаштың сабағын қалай атайды?
А) бұтақ Ә) дің Б) сабақ
Өсімдіктің жер асты мүшесін тап
А) тамыр Ә) сабақ Б) жапырақ
4. Өсімдікке қорек ең бірінші қай мүшесі арқылы беріледі?
А) тамыр Ә) сабақ Б) жапырақ
5.Бидайдың жемісі қалай аталады?
А) дәнек Ә) жидек Б) жаңғақ
6.Еменнің жемісі қалай аталады?
А) бүр Ә) жидек Б) жаңғақ
Өсімдіктер тіршілігіне қажетті жағдайлар
________________________________________________________________________________________________________________________________
Тест№11
Өсімдіктің ұрпағы қалай аталады?
А) тұқым Ә) жеміс Б) гүл
Жеңіл тұқымдармен жемістер қалай тарайды?
А) желмен ұшады Ә) егіледі Б) жабысу арқылы
Көкеніске жататын өсімдіктер тобын тап
А) алма, шие Ә) пияз, картоп Б) қызанақ. Алмұрт
Өсімдіктер қалай көбейеді?
А) тұқым арқылы Ә) бүршік арқылы Б) гүл арқылы
Картопты қалай көбейтуге болады?
А) бұтақ арқылы Ә) пиязшық арқылы Б) түйнек арқылы
Бұтақта пайда болатын өсімдік мүшесі
А) жапырақ Ә) гүл Б) жеміс
Көрсеткішпен қос.
Шырынды жемістер
алма
Қара бидай
жаңғақ
Құрғақ
жемістер
қарақат
Тест 12
Қыста түсін өзгертпейтін ағаш
А) Шырша Ә) Қайын Б) Емен
Қар еріп болысымен қар астынан шығатын алғашқы гүл.
А) бәйшешек Ә) раушангүл Б) қызғалдақ
Шөп шабу қай кезде басталады?
А) жазда Ә) қыста Б) күзде
Барыс тірі табиғаттың қай түріне жатады?
А) адам Ә) өсімдік Б) жануар
Табиғатта өздігінен тіршілік ететін жануарлар қалай аталады?
А) жабайы аң Ә) үй малдары Б) жануарлар
Үй құстарын көрсет.
А) дуадақ,тырна бүркіт Ә) қаз,үйрек,тауық Б) әтеш,бірқазан, аққу
Біздің жаққа келетін жыл құстарын жаз.
________________________________________________________________________________________________________________________________
Балықтар,қосмекенділер,жорғалаушылар
Тест №13
Қосмекенділерді белгіле:
А) балық Ә) бақа Б) шағала
Жорғалаушыларды белгіле:
А) бақа Ә) жылан Б) балық
Бунақденелілерді белгіле:
А) бақа Ә) өрмекші Б) кесіртке
Тиіннің азық қорын белгіле:
А) шөп Ә) тышқан Б) жаңғақ
Аңдардың жүнінің түсі өзгеріп жанаруын қалай атайды?
А) жанару Ә) түлеу Б) түрлену
Тышқанның зиянын көрсет:
А) егінге зиянкес Ә) аңдарға зиянды Б) ағашқа зиян
Жануарлар тіршілігіндегі маусымдық өзгерістер
Тест №14
Күзде алғаш жылы жаққа ұшатын құсты тап:
А) тырна Ә) тырна Б) тоқылдақ
Бұлбұл қандай құстар тобына жатады?
А) жыл құсы Ә) қыстайтын құс Б) ешқандай
Қыста түлкі немен қоректенеді?
А) тышқан Ә) қасқыр Б) кесіртке
Қыста мұзды арнайы неге ояды?
А) балық аулау үшін Ә) балыққа ауа керек Б) су алу үшін
Бақа қыста қайда болады?
А) өзенде Ә) жағада Б) су түбінде ұйықтайды
Сауысқан қандай құстар тобына жатады?
А) жыл құсы Ә) қыстайтын құс Б) үй құсы
Тест №15
1.Киіктің лағын қалай атайды?
А) елік Ә) бұзауқан Б) құралай
2. Аю қалай қыстайды?
А) жеміспен қоректенеді Ә) ұйықтайды
Б) жаз бойы жиған азығын қорек етеді.
Аңдар қай уақытта балалайды?
А) күз Ә) көктем Б) жаз
5. Жыл құстары қай мезгілде оралады?
А) күз Ә) көктем Б) жаз
6. Біздің жаққа келетін жыл құстарын жаз.
________________________________________________________________________________________________________________________________
7.Балық пен бақаның жұмыртқасые қалай атайды?
А) уылдырық Ә) дернәсіл Б) қуыршақ
8.Жәндіктер мен жануарлардың жұмыртқадан жарып шыққан әлі есейіп
өспеген баласын қалай атайды?
А) уылдырық Ә) дернәсіл Б) қуыршақ
Отбасы. Қоғам.
Тест №16
Арқардың баласы қалай аталады?
А) бұзауқа Ә) күшік Б) қозықа
Барыстың баласы қалай аталады?
А) марғау Ә) қонжық Б) мәулен
Қасқырдың баласы қалай аталады?
А) марғау Ә) бөлтірік Б) мәулен
Әр отбасының жері қалай аталады?
А) саяжай Ә) мекенжай Б) сарай
Мектептің бірінші басшысы кім?
А) мүдір Ә) мұғалім Б)оқу тәрбие меңгерушілері
Бір мекемеде жұмыс істейтін адамдар тобы қалай аталады?
А) отбасы Ә) ұжым Б) сынып
Көлік және оның түрлері. Құқық.
Тест №17
Көше қиылыстарында жолды не реттейді?
А) бағдаршам Ә) көліктер Б) жүргізушілер
Көлік жүретін кең жерлер қалай аталады?
А) көше Ә) дала Б) жазық
Алыс жерге тез жету үшін қандай көлік түрін пайдаланасың?
А) ұшақ Ә) машина Б) кеме
Қазақстан Президенті кім?
А) Н.Ә.Назарбаев Ә) Ж.Тұяқбаев Б) Ә.Байменов
Қазақстанның бас қаласы қалай аталады?
А) Алматы Ә) Астана Б) Өскемен
Қазақстанның азаматтарының жеке бас құқығын қорғайтын негізгі басты заң қалай аталады?
А) Ата заң Ә) Тіл заңы Б) Білім за
Заңды шығарушы орган.
А) парламент Ә) халық Б) билер
2-сынып
Адамның айналадағы дүниемен қарым-қатынасы
Тест №1
1 Адамның өміріне аса қажет емес нәрсені көрсет.
А.су Ә.Ауа Б.Ақша В.жылу Г.тағам
2.Адам өз өміріне қажетті барлық жағдайды қайдан алады?
А.күннен Ә.өзеннен Б.пештен В.табиғаттан Г.дүкенне
3.Нан дастарханға қалай келеді?
А.көп еңбекпен Ә.оңайлықпен Б.дүкеннен В.егістіктен Г.қырманнан
4.Адам табиғаттың қандай бөлігіне жатады?
А)тірі табиғат Ә)өлі табйғат Б)табиғатқа жатпайды
5.табиғат құбылысына жатпайтын нәрсені тап
А)жауын Ә)боран Б)ағаштың жеміс беруі В)күннің күркіреуі Г)тұман
6.Күннің жартылай бұлттылығын білдіретін белгіні тап.
А) Ә) Б) В)* Г)::
7.Күнге арқаңды қаратып тұрғанда сол жақ қолың қай тұсты көрсетеді?
А)оңтүстік Ә)солтүстік Б)батыс В) шығыс Г)солтүстік-батыс
8.Табиғатта ерекшке рөл атқарады?
А) табиғат заттары Ә) адам Б) табиғат құбылыстары В)адам жасаған заттар.
9. Жылдың қай мезгілінде кейбір аңдар түстерін өзгертеді?
А)жаз Ә)күз Б)қыс В)көктем
№ 2
Табиғат
1.Жай көзбек қарағанда көз жеткенге дейінгі кеңістік қалай аталады?
А)аспан Ә)жер Б)көкжиек В)ауа Г)дала
2.Негізгі тұстардың ішіне жатпайтынын тап.
А)оңтүстік Ә)солтүстік-батыс Б)солтүстік В)шығыс Г)батыс
3.Солтүстік-шығыс аралық тұсының белгілеуін тап:
А)СБ Ә) СБ Б)СШ В) ШС Г)ОШ
4.Жеке жатқан тастың қай бөлігін мүк басады?
А)оңтүстік Ә)солтүстік Б)шығыс
В)батысын Г)солтүстік-шығысын
5.Құмырсқа илеуінің қай жағы аласа болады?
А)Оңтүстік Ә) Слотүстік Б)Батыс Г)Солтүстік-шығыс
6.Жеке өскен ағаштың қай бөлігінің бұтағы ұзақ жайқалып өседі?
А)Оңтүстік Ә)Слотүстік Б)Батыс
В)Шығыс Г)Слотүстік-шығыс
7.ОБ белгісі қандай тұсты білідреді?
А)оңтүстік-батыс Ә)слотүстік-батыс Б)оңтүстік
В)солтүстік Г)батыс-шығыс
8.Ертеректе адамдар бағытты неге қарап ажыратқан?
А)күнге Ә)айға Б)жұлдызға
В)өсімдікке Г)жануарға
Тест № 3
1.Көкжиек тұстарын не арқылы анықтайды?
А)сағат Ә)тұсбағдар
Б)жұлдыз Г)жануар
2.Тұсбағдардың көк ұшы қай бағытты көрсетеді?
А)Оңтүстік Ә)Слотүстік Б)Батыс
В)Шығыс Г)Солтүстік-шығыс
3.Затты төбесіне қарағанда көрінетін орнын тікелей қағазға түсіретін сызба қалай аталады?
А)сұлба Ә)Слотүстік Б)сызба
В)сурет Г)көшірме
4.Заттың көлемін кішірейтіп көрсететін санды қалай атайды?
А)сұлба Ә)масштап Б)сызба
В)сурет Г)көшірме
5.Партаның сұлбасын қандай фигура?
А)тіктөртбұрыш Ә)дөңгелек
В)үшбұрыш Г)шеңбер
6.1см:10см масштабының оқылуы
А)10см-10см-ге тең Ә)10см-1см-ге тең
В)10см және 1см Г)10см-дің 1бөлігі
7.Жер сұлбасын салғанда үй,өзен т.б қандай белгімен белгіленеді?
А)шартты белгімен Ә)санмен Б)әріппен
В)суретпен Г сызықпен
8.Ауа неге көрінбейді?
А)түссіз Ә)ақ Б)сұр
9.Допты қысып қайта жібнрсең қалпына келеді.Бұдан ауаның қандай қасиеті көрінеді?
А)түссіз Ә)серпімді Б)көлемді
В)жандырғыш Г)жылу шашпайды
Су
Тест №4
1.Судың түсі қандай?
А)түссіз Ә)ақ Б)сұр В)көрінбейді
2.Судың қасиеттерін тап
А)аққыш,жабысқыш,жұққыш,серпімді
Ә)аққыш,жабысқыш,жұққыш,пішінсіз
Б)аққыш,жабысқыш,жұққыш,көлемді
В)аққыш,жабысқыш,жұққыш,пішінді
Г)аққыш,жабысқыш,жұққыш,өзгергіш
3.Мақалдың жалғасын тап. Сулы жер- .................
А)шулы жер Ә)нулы жер Б)көлді жер
В)өсімдікті жер Г)шалғынды жер
4.Жердің бетінде өсімдік өсетін борпылдақ,жұмсақ қабат қалай аталады?
А)борпылдақ Ә)құм Б)топырақ
В)саз Г)қиыршық
5.Топырақтың құрамында не бар?
А)су,ауа Ә)су,ауа,саз,құм шірінді
Б)ауа мен құм В)құм және шірінді Г)саз,ауа,құм
6.Өсімдіктің жайқалып өсуі неге байланысты?
А)құнарлы топыраққа Ә)сазға Б)құмға
В)ауаға Г)шірінді
7.Бойында шіріндісі көп топырақ қалай аталады?
А)құнарлы Ә)шірінді Б)өнімді В)қара Г)қоңыр
8.Жануарлар үшін топырақтың маңызы қандай?
А)одан пана жасайды Ә)өсімдік өседі Б)шіріндімен қоректенеді
В)сазымен қоректенеді Г)құмын паналайды
9.Мына белгі нені білдіреді? : :
Тест № 5
Өсімдіктердің тіршілігі
1.Өсімдіктер тобын көрсет.
А)бұта,ағаш,шөп Ә)бұта,шөп,өсімдік Б)ағаш,бұта,өсімдік
В)ағаш,бұта,өсімдік Г)ағаш,өсімдік,шөп
2.Өсімдік табиғаттың қандай бөлігі?
А)тірі Ә)өлі Б)жанды В)жансыз Г)өсетін
3.Өсімдікке толық қажеттілікті көрсет.
А)жарық,жылу Ә)жарық,қорек,ауа жылу,су
Б)жарық,ауа,су В)жарық,жылу,ауа,су
4.Өсімдік мүшелерін жаз
5.Өсімдіктің негізгі жер асты мүшесі қалай аталады?
А)сабақ Ә)тамыр Б)шашақ
В)жеміс В)дән
6.Негізгі тамыр қалай аталады?
А)шашақ Ә)жанама Б)кіндік
В)жіңішке В)қосалқы
7 Өсімдіктің барлық мүшесін бір-бірімен жалғастырушы қандай мүше?
А)тамыр Ә)сабақ Б)бұтақ
В)жапырақ Г)жеміс
8 Таңқурайдың сабағы қандай?
А)өрмелегіш Ә)төсемелі Б)тік В)иілгіш Г)шырмалғыш
9 Қиярдың сабағы қандай?
А)төсемелі Ә)тік Б)иілгіш В)шырмалғыш Г)өрмелегіш
10 Өсімдік сәні,тыныс алуы,буландыру қызметін атқарушы мүше
А)тамыр Ә)сабақ Б)жапырақ В)гүл Г)дің
11Жапырақтағы жасыл бояу қалай аталады?
А)хлор Ә)хлорофилъ Б)хлорофлор В)флор Г)жасыл
94 бет
Достарыңызбен бөлісу: |