Павлодар қаласының
«№ 27жалпы орта білім беру мектебі» ММ
Тілдер күніне арналған
« Достар үні »
атты 4 сыныптар арасындағы сабақтан тыс сайыс
Жүргізген мұғалім: Келекеева З.М.
2016-2017 оқу жылы
Сынып: 4 а,б,в,
Мақсаттары: 1.Мемлекеттік тілге деген құрметті тәрбиелеу
2.Сөздік қорларын молайту
3.Әдептілікке, бірлікке тәрбиелеу
Сайыстың барысы
1. Топтардағы әр оқушы өзін таныстырады.
Мақсат: оқушы өзінің аты- жөнін дұрыс айтып, жалғауларды қолдана білуін тексеру.
2. « Мектеп» тақырыбы бойынша лексиканы жазу.
Мақсат: сөз байлықтарын тексеру.
3. Үй тапсырмасы. Достық туралы мақал -мәтелдер сайысы.
Мақсат: достыққа тәрбиелеу
4. Капитандар сайысы. Жаңылтпаштарды дұрыс айтып беру.
Мақсат: тіл дамыту.
5. Мәтінмен жұмыс. Әр топқа берілген мәтінге иллюстрация жасау.
Мақсаты: қаншалықты мәтінді түсінгенін бағалау
6. « Жаңылтпаш» сөзінен әріптердің орнын ауыстыру арқылы жаңа сөздер құрастыру.
Әр тапсырма арасында жанкүйерлермен жұмыс: сұрақтарға жауап алу
Сұрақтар:
1. Қазақ тілінде неше әріп бар?
2. Етістік сөйлемде қандай орында тұрады?
3. Кең тараған қандай ертегілерді білесіңдер?
4.Қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер?
5. Қазақша бір тақпақ оқып беріңдер
6.Қазақ тілінде неше жалғау бар?
7. Қазақ тілінің септіктерін атаңдар
8. Қазақ тілінде құттықтау айтып беріңдер
Достарыңызбен бөлісу: |