7. Қорытындылау. «Әр халықтың тілі – қайнар судың тұнбасындай мөлдір, ал дәстүрі саф алтындай бағалы, ән-жыры үн болған шалқар дариясы. Сондықтан бейбітшілік пен татулықтың тоғысында елдің болашағы жастар болып, бұл мерекені тойламақпыз, өйткені бұл беріктігіміздің айнасы, татулығымыздың тұтқасы. Баршамызды бір шаңыраққа біріктірген Отанымыз тұрғанда біз Достыққа сенеміз!» – деп өздерінің еліміздің жарқын болашағына деген сенімдерін білдіріп, білім мен өнерді, жаңашылдық пен ізгілікті, достық пен бірлікті өздеріңе үлгі тұта біліңдер.