Сурет 9. Объектілер Сурет 10. Байланыс
Сурет 8. Өлшеу
Есептер облысы (Область задач) терезесінде келесі қандай жариялым құратыныңызға байланысты қажет пунктті таңдайсыз Мысалы, жаңа жариялым құру (Создание новой публикации): 1- баспаға жіберуге арналған жариялымдар (публикации для печати), 2 – веб-тораптар және электронды почта (веб-узлы и электронная почта), 3 – макеттер жиыны (набор макетов), 4 – бос жариялымдар (пустые публикации).
Баспаға жіберуге арналған жариялымдардың ішінде дайын үлгілер орналасқан: күнтізбелер, визиткалар, открыткалар, іс қағаздары, буклеттер, хабарландырулар т.б. Осы дайын үлгілерді пайдаланып, өзіңізге қажетті жариялымды көрнекі түрде жылдам жасай аласыз.
Келесі веб-тораптар және электронды почта үлгілері бар.
Макеттер жиыны жаңағы аталған үлгілердің макеттерін өзгертуге мүмкіндік береді. Мұнда дайын макет үлгілері бар. Өз қалауыңыз бойынша таңдау жасай аласыз.
Бос жариялымдар түрлерін таңдау мүмкіндігі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |