Дќрiстi жзЋргiзу жоспары


төрт түрлі кванттық сандармен



бет3/3
Дата30.10.2022
өлшемі289 Kb.
#155705
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
2 тақырып
1 тақырып
төрт түрлі кванттық сандармен сипаттайды. 1. Бас кванттық сан п. Ол электронның ядродан қашықтығын, яғни энергиясын көрсетеді. Оның мәні тек нақты сан болады 1-ден ∞ дейін өзгереді. Бас кванттық санды цифрмен және әріппен белгілейді: п = 1, 2, 3, 4 немесе К, L, М және т.б.Деңгей саны артқан сайын электронның энергиясы да жоғарлайды. Бас квант сан периодты жүйедегі период номеріне тең. 2. Орбиталь (қосымша) квант сан l. Ол электронның энергиялық күйін және орбитальдарының пішінін көрсетеді. Орбиталь квант саны бас квант санына байланысты, оның мәндері 0-ден n-1 дейін өзгеріп отырады. Мысалы n=3 болса l=0,1,2 болады. Орбиталь квант санын цифрмен немесе әріптермен белгілейді l=0,1,2,3 немесе s-, p-, d-и f- орбитальдар. 3. Магнит квант сан m орбиталь квант санға байланысты болады да орбитальдардың кеңістіктегі орнын көрсетеді. Ол орбиталь квант санының l барлық мәндеріне, 0-ді қоса ие болады, яғни l=1 болса, онда m=-1,0,+1. Әр орбиталь квант санына сәйкес магнит квант санын және орбитальдар (ұя) санын есептеуге болады: s орбитальда орбиталь саны 1, p орбитальда 3, d орбитальда 5, f орбитальда 7 электрондық күй болады. 4. Спинді квант саны s электронның өз осінен айналуын сипаттайды. Электрон өз осі бойымен біріне-бірі қарама-қарсы бағытта айнала алатындықтан онын тек екі мәні болады: + 1/2 және — ½. Егер екі электронның басқа квант сандары бірдей болса, олардың спиндері әр түрлі болады. ондай электрондарды жұптасқан деп атайды да, қарама-қарсы айналатынын былай ↑↓ белгілейді. Егер ұяда бір электрон болса оны дара деп атап былай белгілейді ↑.
7. көп электронды атомдарда электрондардың орналасу ережелері

Ережелер

Мысалдары

1. Паули принципі. 1925ж. Атомда барлық квант сандары бірдей екі электрон болмайды

7Li – 1s22s1
1s 2s
↑↓ ↑

n=1

n=1

n=2

l=0

l=0

l=0

m=0

m=0

m=0

s=+1/2

s=-1/2

s=+1/2




2. Гунд ережесі. Бір деңгейшеде орналасқан электрондардың спин квант сандарының қосындысы максималь болуы шарт.

14N – 1s22s22p3





3. Энергиясы аз деңгейшеге электрондардың алдымен орналасу принципі.
Клечковский ережесі
А) Электрондардың деңгейшелерге орналасуы бас және қосымша квант сандарының қосындысының (n+l) арту ретімен болады.

Б) Егер бас және қосымша квант сандарының қосындысы бірдей болса, электрондарының деңгейшелерге толуы бас квант санының мәнімен анықталады




n+l=1

n=1

l=0 (1s)

n+l=2

n=2

l=0 (2s)



n+l=3

n=2

l=1 (2p)




n=3

l=0 (3s)



















n+l=4

n=3

l=1 (3p)




n=4

l=0 (4s)

E (3p) < E (4s)



Атом радиусы элементтердің ең маңызды қасиеті . Радиус неғұрлым кіші болса , электрондар ядроға соғұрлым жақсы тартылады және керісінше атом радиусы артқан сайын электронның ядроға тартылуы кемиді. Период бойынша атомның радиусы рет нөмірі өскен сайын кемиді. Оны сыртқы деңгейде электрон санының өсуі нәтижесінде олардың ядроға тартылуының күшеюімен түсіндіреді. Периодты жүйеде топтар бойынша жоғарыдан төмен электрондық деңгей саны артуының нәтижесінде атом радиусы үлкейеді.

Иондану энергиясы деп атомның ең әлсіз электронын үзіп алып, оны ионға айналдыруға жұмсалатын энергияны айтады. Оны электронвольтпен өлшейді. Периодтарда элементтердің иондану потенциалдары рет номері өскен сайын өседі. Иондану энергиясы электронның энергиялық күйіне де байланысты. Мысалы, s электрондарды үзу үшін жұмсалатын энергия р электрондардікінен жоғары болады. Топ бойынша жоғарыдан төмен иондану энергиясы азаяды. Өйткені, жоғарыдан төмен қарай электрондық қабат өскен сайын электронның ядродан қашықтығы артады.


Элементтің рет нөмірі артқан сайын период бойынша сілтілік металдан бастап иондану энергиясы өседі де, инертті газдарда оның мәні ең жоғары болады . Келесі период басталған кезде осы заңдылық қайталанып отырады. Яғни бүкіл периодты жүйе бойынша рет нөмірінің артуына қарай атомдардың иондану энергиясы да периодты түрде өзгеріп отырады. Атомдардың электрон беруімен қатар, оны қосып алуы да мүмкін. Атомның бір электронды қосып алуы кезінде бөлінетін энергия электронға жақындық деп аталады. Атом электрон қосып алған кезде анион пайда болады. Электронға жақындықты иондану энергиясы сияқты электронвольтпен белгілейді.


5. Сабақты бекіту, қорытындылау


Электртерістілік ұғымы бұрыннан белгілі. Атом құрылысының ашылуы оны жаңаша түсіндіруге мүмкіндік берді. 1932ж. Америка ғалымы Полинг электртерістікке мынадай анықтама берді: молекула құрамындағы атомның өзіне электрон тарту қабілетін электртерістілік деп атайды. Ол период бойынша артады. Сілтілік металдардың электртерістігі төмен болады. Электртерістігі ең кіші элемент франций (0,86), ал ең жоғарғы элемент фтор (4,1) . Элементтердің электртерістігі атомның рет нөмірінің артуына орай периодты түрде өзгереді, период бойынша артады, топ бойынша кемиді.

Пән оқытушысы ___________ Э.А.Байбазарова


Әдіскер ___________ А.Шапазылова



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет