Дулат жырау қазіргі Семей обылысы, Аягөз ауданында туып өскен. Бұрынғы ру жігімен алғанда, ол Найманның Қаракерей табынан шыққан.
Мұсылманша сауат ашып оқыған, өз кезіндегі көзі ашық, алдыңғы қатарлы адамдардың бірі. Ол ─ тек жыршы ғана емес, заманы туралы терең толғаған, ойшыл, әсем тілмен өрнектеген ақын. Оны Абайдай ақынның ұстазы деуге болады. Қазақ халқының ұстазы деуге болады. Қазақ халқының қиын халін көрген, орыс отаршылдығын жаны ауыра жырлаған шайыр ─ зар заман ақындары аталған ағымның алып тұлғасы.
Ақынның бізге жеткен мұрасы мың жарым жылдай. Дулат өлеңдерін алғашқы жеткізуші ─ 1839 ─ 1919 жылдары ғұмыр кешкен Байділда атты адам. Кейіндері Ғаббас Байділдаұлы, Шәкір Әбенұлы жинаған. Баспаға Мүлкен Сейілұлы даярлап, алғаш рет Қазанда «Өсиетнама» деген атпен 1880 жылы басылып шыққан. Жинақтағы жыр көлемі 800 жолдай. «Еспенбет» атты поэмасы бар.
Ақынның алғаш аты 1939 жылы құрастырылған С. Мұқанов, Қ. Бекхожин хрестоматиясында кездеседі.
1940 - 1941 жылдары шыққан мектеп оқулықтарында Қ. Жұмалиев шығармаларын талдап жазды.
1961 жылғы «Қазақ әдебиеті тарихының» I томында ақын жайында толық айтылды. «XVIII ─ XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» (1962), «Үш ғасыр жырлайды» (1965), «Дастандар» (1960), «Бес ғасыр жырлайды» (1989) секілді жинақтарда Дулат өлеңдері көрінеді.
Дулаттың атын ақтап, қазақ еліне таныстырған ғалымдар: Х. Сүйінішәлиев, Қ. Жұмалиев, Р. Сыздықова, Қ. Өмірәлиев, М. Мағауиндер болды.
Дулат ─ өте қуатты, екпінді ақын.
Бұндай туындылар Қазтуғанның «Мадақ жырындай»,Махамбеттің «Мен, мен мен едім» секілді көрінгенмен, Дулатта лирикалық бояу басым. Кейде ақын әлеуметтік мәселені баса және ашына айтады.
Ақын өлеңдерінен заман, адам өзгерістері, басқа ел мақсат ─ мүддесіне бейімделе бастаған халық халі, туған жер, адалдық, адамдық қасиеттерді өрнектеген өзіне ғана тән бояуды табамыз. Дулатқа дейін ақыл айту, құр нақыл дәрежесінде келсе, ақын бәріне өзін кінәлі санап, ашына айтады. Бұған дейін көрінбеген өзгеше леп. Жаңа жол.
Секілді сөздер кейін ұлы Абайда жаңа өрнекпен көрінеді.
Ақын ел билегендерді де, басқыншы орысты да ашына, барын ақтара көрсетеді. Ғалым Р. Сыздықова айтқандай: «Дулат ─ қазақтың ұлы ақыны», ұлылықтың бастауы. Сонысымен құнды.
XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінде Дулаттың өзіндік үлкен орны бар. Өйткені ол өзінің толғау - жырларында көптеген келелі мәселелерді көтеріп, өз заманының шындығы бірқыдыру бере білді. Жеке кісілерге арналған өлеңдерінде (Кеңесбайға, Бараққа, ел аралаған ишанға т,б) сол кездегі тірліктің ұсқынсыз жақтарын өлтіре шенеп, кейде өткір сатира дәрежесіне дейін көтеріле алды. Дегенмен, түптеп келгенде Дулат жырау ескішіл ақын, феодалдық қоғамның жаршысы. Дулат толғаудың асқан шебері болғандықтан өлендердің барлығы дерлік еркін ұйқасты жеті-сегіз буыннан тұратын жыр үлгісінде болып келді. Ақының кіргізген бір жаңалығы кейбір толғауларының шумақтарында өзара қайталап отыратын заңдылық бар.
Дулат шығармалары ауызша тараумен қатар, 1880 жылы Қазан қаласында «Өсиет нама» деген атпен жарық көрді.
|