ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы: «Дулат Исабеков шығармашылығына байланысты әдеби сын»
Орындаған: Асанхан Ә.
Тобы: 117-17
Қабылдаған: Нұрпейісов Н.
Шымкент 2020
Адамды таңдандыру қиынға айналған дәл қазіргі заманда оқырманы бар жазушы болу кез келгеннің қолынан келе бермесе керек. Осы тұрғыдан қарағанда Дулат Исабеков бақытты жазушы, қалың оқырманның көңілінен шығып, сүйіктісі бола білген қаламгер. Қазір он шақты кітаптың авторы болып үлгерген Дулат Исабеков ең алғаш әдебиете әңгімелерімен келген еді, әлі де сол шағын да қиын жанрдан қол үзбей, өзінің өсу деңгейін көрсетіп отыр.
Аз ғана кейіпкерлері бір-бір қоғами көзқарастың жүгін иығына артқан романның әрбір кейіпкері даралана типтік образдар деңгейіне жеткен.
Автор қарны аш, киімі жұпыны болса да жаны таза адамның аты арып, тоны тозбайтынын, адалдыққа іңкәрлығын көрсетуге құштар. Осы арқылы қалың оқырманның ойына олжа салған.
Жазушы тағдырында қызық жай бар. Қазақ жазушылары өзіміз тіршілік еткен уақыт шындығын жамырай жаза бастағанда Дулат Исабеков жұрттан жырылып қайдағы бір қайғысы мол, қара бояулы болмысқа барып кірді, қайдағы бір өмірде жолы болмаған "қияли" тағдырлар жайында қалам тербеді. "Кеңестік шындық" опа бермесін білген қазақ жазушылары ұйқыдан оянып тарих қойнауына тереңдеп, тарихи шығармаларға жаппай ден қойғанда Д.Исабеков шартты тарихи тақырыпты тастап, бүгінгі күн шындығына келіп килікті".
Жазушылық - өзіне жайлы болу емес, өзіне керек болу емес, жазушылық - қоғамына жайсыз болу, халқына жайлы болу, өзі қорлық көру, халқына шындықты сезіндіру, халқына керек болу, халыққа керек болсам деген арман - жазушылық!
Дулат Исабеков мейлі өткен күн тағылымын айтсын, мейлі бүгінгі күн шындығын жазсын, қайда қашан да - шынайы суреткерлігі танылады, ол айтарын характерлер арқылы бейнелеп айтады, жазарын көркем детальдарды ойната құбылтып жазады, шығармаларының көркемдігі жұтынып, композициясы дөңгеленіп шып-шымыр шығады.
Қазақ халқының өткен тарихи, жаңа қоғам тұсындағы рухани түлеуі – Исабековтің басты тақырыбы. Бірақ ол өзге тұрғыластары секілді тарихи оқиғаны мол қамтып, адам мінезін сол материал негізінде көрсетуді нысанаға алмайды, керісінше, белгілі бір характерлер философиясымен келіп тарихқа, халық болмысына барлау жасайды. Белгілі бір адам жанын зерттеу, қайғысы мен қуанышын әңгімелеу арқылы ол адам өмір сүрген қоғам шындығына шым бойлайды. Бүгін мен болашақ жайлы, жалпы тіршілік мәні туралы жазушы толғанысы сол мінез өзгешеліктері, кейіпкер тағдыры арқылы айтылып, ашылып жатады.
Оның романындағы кейіпкерлердің қайсысы да жеке характер ретінде ашылады. Оқиғаның мол қамтылуы кейде әр кейіпкердің дербес характер ретінде толық ашылуына кедергі келтіруі де мүмкін. Қазіргі қазақ прозашылары астар ашпайтын, мінез дараламайтын ситуацияларды молырақ қуып кетті. Мұның өзі көркемдікке жат өлі сурет, бөстекі сөз болып қала береді.
Автор әңгімелерінде шығармашылық еркіндікке көбіне ауыл адамының образы («Социализм зәулімі», «Талахан-186», «Бонопардтың үйленуі» т.б.) оның мінез-құлқын, табиғатын зерттеу танып-білу арқылы ауыл адамының белгілі бір уақыт ауанын, қоғам құбылысын қабылдауын кеңінен қамти арқылы барды.
Мәселен, автордың әңгімелеріндегі ауыл адамының образын жасаудағы ерекшеліктеріне тоқталалық. «Ақырамыштан наурызға дейін» атты әңгімесінде образ жасаудағы мінездеу тәсілін пайдалана отырып, бүкіл айтқысы келген ойы мен бүкіл қоғами кесел-кесапатты олардың бойынан көрсете білген.
Әңгімеден мысал келтірейік:
«Қысқаша мінездеме: Тауықшы Молдабай - өз ісіне адал берілген, әділетсіздікке төзе алмайтын, ымырашылдыққа жанымен қарсы ежелгі колхозшы. Моральдік жағынан ұстамды. Атеист. Әсіресе, ислам дінін жек көреді. Колхоз орталығындағы жалпы жиналыстың 1969, 1973, 1975, 1976 жылдарындағы делегаты.
Жазушы идеясы сан алуан жолмен көркем образ арқылы іске асады деген қағида бар. Ең алдымен, кейіпкердің сыртқы пішін-келбетінен бастап, оның көңіл-күйі, жан дүниесі психологиясын айқын таныту суреткердің шеберлігіне байланысты. Бұл тұрғыдан клгенде Д.Исабеков әңгімелері мен повестері көркемдігі жағынан биік талаптарға жауап бере алатындығы шын.
Д.Исабеков әңгімелері мен повестерінің жанрлық стильдік сипаттарын көрсетудегі жазушының көркемдік жанрлық ізденістері, дара стильдік қолтаңбасының қалыптасу жолдары қарастырылып, әдеби мұрат, бағдарын айқындау біздің жұмысымыздың негізгі мақсаттарының бірі болатын, сондықтан жазушының өмірлік тәжірибесі, шығармашылық еңбек жолы, материал жинау, кейіпкер мен тақырып таңдау өзгешеліктері, образ бен характер жасау тәсілдері сөз етіледі.
Д.Исабековтің жазушылық шеберханасын зерттеп қарасақ, прозадағы шағын жанр әңгіме мен орта көлемді жанр повесть арасында алма-кезек қалам тартқанын байқауға болады. Д.Исабековтің тынысы шығармасының бірі – «Сүйекші». Осы повестегі философиялық ой салмағы жазушының белеңді бір сәті. Қазақ прозасында көп тақырып жазылған, шиырлаған. Ал көр қазушы, диуана тағдыры бұрын жазыла қоймаған. «Сүйекші» осындай тақырыбымен де тосын шығарма. Осындағы Тұңғыш кім? Тұңғыш – қазақша айтқанда тірі әруақ. Автор нысанасы – адамның жүрек қазынасының тоналуын, адамның тірі әруаққа айналуын көрсету. Тақырып тосындағы шығарманың лабораториясына қызықтырған.
Қорыта айтсам, кейде бүгінгі өмір, замандастар тіршілігінен жазылған шығармалар – маусымдық киімдей келесі айналымға, тұтынуға жарамай шәркезденіп қала беретіні бар. Дулат бүгінгі замандастар өмірін де арқау етті шығармаларына. Соның қайсысы да оқушы көңілінен шығу, уақыт талабына шыдауды мұрат ететін секілді. Қай уақыт, қандай тақырыпты да Д.Исабеков адам тағдырын суреттеу, талдау арқылы игереді.
Достарыңызбен бөлісу: |