90
3) егер осы сандардың біреуінің ҥлкен разрядтары жетіспесе, оны
нӛлдермен толтыру;
4) ең кіші разрядқа қосу амалын орындау және келесі разрядты
қарастыруға кӛшу;
Бҧл жағдайда, келесі ҥлкен разрядқа ӛтетін бірлік пайда болса, онда оны
еске сақтап қою керек;
5) барлық разрядтар біткенше оңнан жылжи қарастырып, есте сақталған
бірлікті ескеріп және пайда болған жаңа ҥлкен разрядқа ӛтетін бірлікті қайтадан
еске сақтай отырып әрбір разрядқа қосу амалын орындау;
6) нәтиже ретінде барлық разрядтарда қосу амалы орындалғаннан кейін,
шыққан санды аламыз және есте сақталған бірлік болса, онда оны нәтиженің ең
ҥлкен разрядының мәні ретінде есептейміз.
Бҧл жазылған ережемен екі кӛпразрядты бҥтін санды қосу ҥшін
орындаушының қазақ тілін білуі және бір разрядты сандарды қосатын қабілеті
қажет.
Енді ондық сан деген ҧғымды білетін, екі кӛп разрядты бҥтін санды
кӛбейте алатын және қазақ тілін тҥсінетін қабілеті бар деп есептеп, кез келген
екі ондық санды кӛбейтуге болатын ережені қҧрастырайық.
1. Екі ондық санның мәндерін анықтау;
2. Осы сандардың ондық белгісін кӛрсететін ҥтірді ескермей, оларды
бірінің астына бірін бҥтін кӛбейткіштер ретінде жазу;
3. Кӛбейткіштерді кӛбейтіп, кӛбейтіндіні табу;
4. Берілген екі ондық сандардағы ҥтірдің оң жағындағы таңбалардың
санын қосу;
5. Нәтиже ретінде ҥтірден кейінгі таңбалардың саны 4-қадамнан шыққан
санға тең болатындай етіп жазылған 3-қадамнан шыққан кӛбейтіндіні аламыз.
Осындай арифметикалық амалдарды орындау ережелерін алгоритм деп
тҥсінсе, кейін келе ―алгоритм‖ деген сӛз тҥрлі математикалық есептерді шешу
ережелерін белгілеуге қолданыла бастады.
Мысалы, грек ғалымы Евклид қҧрастырған екі натурал санның ең ҥлкен
ортақ бӛлгішін табатын тӛмендегі ережені
Евклид алгоритмі
деп атайды.
1) екі натурал санды алып, олардың мәндерін анықтау;
2) егер екі сан ӛзара тең болса, онда нәтиже ретінде осы сандардың кез
келгенін алу керек немесе осы сандардың ҥлкенін анықтау қажет;
3) ҥлкен санды ҥлкен сан мен кіші санның айырмасына алмастыру керек;
4) 2-қадамнан бастап, қайталау.
―Алгоритм‖ ҧғымын нақтылаудың бірнеше тәсілдері белгілі:
-
ақырлы және ақырсыз автоматтар теориясы;
-
есептелетін (рекурсивті) функциялар теориясы;
-
Черчтің λ есептеуі.
Достарыңызбен бөлісу: