57
Түрік империяларының құрылуындағы уақыт бастамасы VІ ғасырға келді,
онда түріктік мәдени компоненттердің бірігуімен қатар, олардың дербестікке
деген нышаны да қатарласып жатты. Генетика жағынан туыстас компоненттері
қосылу барысында бір билікке орталықтандыру үрдісін қабылдаса, бір жағынан
бөліну себептері де ұштасып жатты. Сол себепті, Орталық Азия аумағында
түркі тайпалары он шақты мемлекет құрды: Көк Түркілер қағанаты, Шығыс
Түрік, Батыс Түрік, Түркеш, Қарлық, Ұйғыр, Хазар, Оғыз, Қыпшақ, Қарахан,
Қимақ, Найман және т.б.
Ерте түрік мемлекеті – Түрік Қағанаты (551-603) 551 жылы Бумын
басшылығымен пайда болды, тайпа көсеміне Қаған лауазымы тағылды. Оның
мұрагерлері Қара-қаған (552-553), Мұқан-қаған (553-572), Таспара-қаған (572-
581) билік құрды. Тарихи деректер: «Қытай мемлекеті алым-салық төлеуге
мәжбүр болды; іргелес қоныстанған – Парсы, Византия елдері саяси-
экономикалық қатынас орнатты», - дейді. Махмұт Қашғари: «түріктердің
күнбатыста Ұрым (Рим), күншығыста Қытайға дейінгі байтақ, сегіз мың фарсах
шамасындағы жерді иемденгенін», - жазып кеткен болатын.
Сонымен, түрік елі бір әулет билігіне топтасты. Күрделі дамыған
империялық басқарудың саяси құрылымын жаратты. Шаруашылығы әр
типті халықтар мен елдерді өзіне бағынышты және мұқтаж етті.
Мұқтаждық - әулетке тікелей бағыну немесе алым-салық төлеумен реттелді.
Көшпенділердің құрған мемлекеті
Достарыңызбен бөлісу: