Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-нің тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, проф



Pdf көрінісі
бет48/76
Дата08.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#118323
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   76
Байланысты:
Нугман Цивилизация Великой степи каз

 империялық стандарттар
қалыптасты. 
Батыс түрік пен Шығыс түрік қағандығының мемлекеттік басқару жүйесі 
ұқсас болды. Жоғарғы билеушісі қаған, кейінгі лауазымдар: жабғы, тегін, шад, 
еркін, тарқан, бек, бұйрық, шор, елтебер, тұтық деп аталды. Бұл лауазымдар 
атадан балаға мұрагерлік жолымен ауысып отырды. Барлығы 28 дәрежелі 
лауазым иелері болған ақсуйек тегіне жататын империялық билік институтын 
құрды. Астанасы Суяб қаласы, ал жазғы резиденциясы Түркістан маңындағы 
Мыңбұлақ болды. 
Мемлекет ішінде өріс алған дағдарыс ыдыраушылықты асқындырды, соның 
негізінде Таң патшалығының көмегімен Батыс Түрік қағанаты 630-634 
жылдары Сырдариядан батысқа қарай созылған ортаазиялық иеліктерінен 
айырылып қалды. Он алты жылға созылған тайпалар арасындағы соғыс пен 
әулеттік қырқыстардың (640-657) аяғы, 657 жылы Жетісуға кең көлемде 
бағытталған Таң патшалығының жорықтарымен аяқталды. Қағанат жеңіліс 
тапты, енді қағандықты қытайдың тағайындаған адамы басқарды. 704 жылы 
Батыс Түрік қағанаты құлады. Оның соңғы қағаның түркештер өлтірді. Енді 
батыс түрік қағандығының орнына Түркеш қағандығы құрылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет