83
мақсатында Бұхарамен «бітім» жасасты. Ол кезде Мәуреннахрда Шайбани
әулеті құлап, жаңа әулет Аштарханиліктер (1599-1735) билік құрған болатын.
Қазақстанның солтүстік аймағын реттеуге кеткен Есім хан, Тұрсын сұлтанға
хандығын тапсырып «ант» берісіп уәделескен болатын. Есім ханның
жоқтығын пайдаланған Тұрсын сұлтан Есім ханның жұртына әлек салып,
билікті өз пайдасына жұмсаған болатын. 1627 жылы ойрат жорығынан
оралған Есім хан антты бұзғаны үшін Тұрсынды өлтіреді. Бір деректерде
Есім хан 1628 жылы, ендігі мәліметтерде 1645 жылы қайтыс болды дейді.
ХVІІ ғасырдың екінші ширегінен бастап Орталық Азиядағы халықаралық
жағдай күрт өзгереді. Көшпелі өркениеттердің өміріне Ресей мен Қытай
араласа бастайды. Соның салдарынан басталған екі халықтың (қазақ пен
жоңғарлар) қақтығысы 150 жылға дейін созылады. Осыған қарамастан кейбір
деректерде Тәуекел мен Есім хандарды қазақ-қалмақ билеушілері деп
атайды.
Есімнен кейін оның ұлы Жәңгір – хан болады. Ол тұста Цин
империясының ығыстыруынан жоңғарлардың қазақ жерлерін басып алу
қаупі арта түсе бастады. Күшейген ойраттар 1635 жылы төрт тайпадан
тұратын (чорос, хошоут, дербет және торғоут) мемлекеттік бірлестігін
құрады. Батыр Хұнтайшы бастаған қазақ жеріне жорықтар 1635, 1643, 1652
жылдары болды. Осы жорықтың бірінде Жәңгір хан 600 сарбазымен қарсы
шығып, қалмақтың қалың әскерін тоқтатады. Көмекке келген Самарқан
билеушісі Жалаңтөс батырмен қалмақ әскерін қырғынға ұшыратады. Ақыр
соңында , 1652 жылы Жәңгір хан қалмақтармен кезекті шайқаста қаза
табады.
Жәңгір ханнан кейін Батыр хан билік құрды, бірақ ол туралы ешбір
мәлімет сақталмады. Батыр ханнан кейін тақ басына Жәңгір ханның ұлы Әз-
Тәуке (1680-1718) келді, оның толық аты Тәуекел Мұхаммад Батыр хан еді.
Оның кезінде Қазақ хандығы нығайып, жоңғарлардың басқыншылығы
бәсеңдеген кез еді. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы»
сияқты қазақ заңдарын жаңа жағдайға сай өзгертіп, толықтап дамыту
негізінде «Жеті Жарғы» заңын жасады.
Достарыңызбен бөлісу: