Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-нің тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, проф



Pdf көрінісі
бет8/76
Дата08.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#118323
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76
Байланысты:
Нугман Цивилизация Великой степи каз
Нугман Цивилизация Великой степи каз, Нугман Цивилизация Великой степи каз
Бесінші кезең.
XIIІ-XIV ғасырлар. Орталық Азияның тарихы Шыңғыс 
әулетінің көтерілуінен басталды. Бұл жойқын күш еді, Ұлық Ұлыс заманы 
орнады. Бұл кезеңнің басында атақты Майқы би дүниеге келді. Ел аузындағы 
аңызға қарағанда ол біздің тарихымыздағы билер институтының түп атасы. 
Бар қазақтың басын біріктіруге жұмылған Майқы би әйгілі қазақ шежіре-
намасының негізін қалаушы болды. 
Ел аузындағы аңыз бойынша халықтың санасына үш жүздің бас 
таңбаларын тасқа қашаған сол кісі екен дейді. Үйсіндердің нысаны – Ту, 
арғындардың нысаны – Көз, Алшындардың нысаны – Найза содан қалса 
керек. Бір ғажабы, қазақ халқының негізгі төрт Мұраты дәл сол тұста 
тұжырымдалыпты. Олардың үшеуі үш жүздің жауынгерлік ұраны: Ұлы 
жүздікі – Бақтияр – бақыт, Орта жүздікі – Ақ жол – әділет, Кіші жүздікі – 
Алшын – От-ана, барлық қазақтардың ортақ ұраны – Алаш ұғымына біріккен. 
Халық руханияты сол заманның ең бір қуатты империялық идеологиясы – 
шыңғысшылдықтың ықпалына түседі. Шыңғыс әулетінің ұлы империясының 
ұстынына тірек, көрік болған рухтың революциясы еді. Ол уақытқа дейін 
үстемдік еткен далалықтардың түркішілдігі, оғызшылдығы, ұрандары 
(жүздік және жалпы алаш), олардың бұрынғы шежіресі жаңа шежіре-намаға 
тарихи тамырласа кірігіп кетті және ішінара халықтың зердесінен өшіп 
қалды. Осы кезден бастап іс жүзінде тегі басқа ақсүйектердің екі тармағы – 
төрелер мен қожалар – түркілердің ру-тайпалық ақсүйектерінен биіктеу 
мәртебе алды да , оларды саяси және рухани биліктен ада қылды. Төрелер 
Шыңғыс әулетінің ұрпақтары, ал қожалар Мұхаммед пен оның үмбеттерінен 
тараған рухани биліктің иелері. Уақыт өте келе, бұл екі тармақ өкілдерінің 



өздері де жергілікті халықпен кірігіп, олардың, әдет-ғұрпын, дәстүрін 
қабылдап, қазақ халқының жалпы руханиятына сіңісіп кетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет