Е.А Бөкетов атындағы
Қарағанды Мемлекеттік
Университеті.
Карагандинский государственный
Университет имени
Е.А Букетова.
Эссе
«Маған не үшін жоғары білім қажет»
Орындаған:
Дүйсенбаева Мерей
.
Курс:
1 курс
Мамандығы:
Иностранные языки
Тобы:
КА 14
Қабылдаған:
Марат
Джумагельдинов
Қарағанды,
2021
2
Жоспар:
І. КІРІСПЕ
1.1. Білім беру мазмұны туралы ұғым.
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Білім беру құрылымының бөліктері
2.2. Білім беру жүйесінің қоғамдағы рөлі
2.3. Білім беру жүйесінің даму тенденциялары
2.4. Білім беруді ұйымдастыру жүйесі.
2.5.Білімнің көзі- кітапта.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3
«Маған не үшін жоғары білім қажет»
Кітап -көзі жұмаққа арзан.
Көзі ашыққа маржан.
Сол себебті білімнің қайнар көзі кітапта.Білім мен кітапты әрқашан
ұштастыра білуіміз керек.Кітапта біз білмейтін қанша ма білімнің алтын көздері
жатыр.Сол білімді алудың ең алғашқы баспалдағы- мектеп.Мектеп- білім мен
ғылымның ордасы.Осы мектеп табалдырығын аттағаннан бастап біздің білімге
деген жаңа көзқарасымыз қалыптасады.Білім көзін бізге беретін әрине ол-
ұстаз.Ұстаздарымыз бізге тек білім тұңғиығына нәр беріп қана қоймай
парасаттылыққа, адалдық пен шыншылдыққа тәрбиелей отырып ,табандылықпен
еңбек етуге , адамгершілік қасиеттерді бойымызға сіңіріп өзірді .Осы себебті
біздің екінші анамыз -ұстаз болған.Сол үшін ұстаздарға деген махаббатым
шексіз. “Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез”, деп Абай атамыз
айтқандай, өзім оқып шыққан мектебімнің, мені білім нәрімен суындатқан
білімді ұстаздарыма алғыс айтқым келеді. Біздің бойымызға ата-анадан кейінгі
ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші ол –
мұғалім. Яғни, өз ісіне берілген, кез келген жаңалықты жатсынбай қабылдайтын
ұстаздардың жөні де, жолы да ерекше бөлек.
Менің ұстаздарым маған алдыма мақсат қойуды уйретті.Осы мақсатқа жету
жолынды көптеген қиындықтар болатынын түсіндім.Міне осы кезден бастап мен
алдыма мақсат қоя бастадым.Әрине ол мақсатқа жету үшін маған бірінші
орында- жоғары білім қажет.Жай ғана күнделікті өмірдің өзінде адамдармен тіл
табысу үшін сауатты білім керек деп ойлаймын. Мысалы сен жақсы бір ортада
тұрып озіңнің сауатсыздығыңды көрсетіп жаман сөздер айтсаң сен ешкіммен тіл
табыса алмас едің, ал егер керісінше сол ортада өзіңнің ақылдылығыңмен көзге
түссең сені бәрі сыйлай біледі.Бәрі тек өзімізге байланысты.Қандай ортада
болмасын білімді адам әрқашан өзінің ақылдылығымен көзге түседі.Осы
сөздерден түсінгеніміздей білім алып оны өз өмірімізде жақсы жағынан
қолданып ,үлкенге құрмет бкішіге ізет көрсетіп, ұстаздарымызды әрқашан
сыйлауымыз керек.
Өміріміздің алғашқы жолын бірінші сыныптан бастап он бірінші сыныпқа
дейін білімнің ірге тасын қаладық Осы жылдар аралығында әрине ұстаздардың
сіңірген еңбегі орасан зор Мектепті аяқтаған соң тағы бір өмір жолына аяқ
басамыз Осы өмір жолынан сүрінбей өту үшін бізден қажымас қайратты талап
етеді Міне осы өмір жолынан тек қана білімді көзі ашық көкірегі ояу жан ғана оп
оңай қиындықсыз өте алады екен Сол себебті боз бала шағымыздан бастап білім
алуға әрқашан ұмтылғанымыз абзал
Қазіргі заман жылдан- жылға қарыштап дамып келе жатыр. Жастардың
бойынан тек жалындаған отты байқаймыз. Білім адамды осы заман талабына сай
шыңдайды.Осы өмір жолыны ілесу үшін тек сенен жоғарғы білімділікті талап
4
етеді .Білім әрине таусылмас қазына .
Білгенің бір- тоғыз.
Білмегенің -тоқсан тоғыз.
Қанша көп білім алған сайын жоғарғы биік шыңдарды бағындару өте оңай.
Кейбір адамдар жалқаулыққа салынып ешқандай білім көзін іздемесе ол
тұлғадан ешқандай даму процесі жүрмес еді. Ол дегеніміз сенің жарқын
болашағыңның күн өткен сайын сөне бастауы.Ол әр бір адамның ақыл-
парасатына, санасына байланысты. Әр адам тұлға болып қалыпатасқаннан
бастап жарқын өмірге аяқ басып ,сол жолда аянбай еңбек ету керек.Білім алу
әрине әрқашан оңай емес. Білім бар жерде қиыншылық пен жеңілмес қайрат
қатар жүреді.Қандай жағдай болмасын білімді адам ешқашан да жеңісті қолдан
бермейді.Білім – ақ пен қараны ажырататын, адам баласының көзін ашатын Алла
Тағаланың адам баласына берген үлкен сыйы деп ойлаймын.
Халқымыздың ұлыларынан білім жайында көптеген мақал-мәтелдер жеткен:
Өмірдің өзі - ұлы ұстаз.
Өнер — ағып жатқан бұлақ,
Ілім — жанып тұрған шырақ.
Білім басы - бейнет, соңы – зейнет.
Білімді бесіктен тесікке дейін ізден.
Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі
Ғылым - теңіз, білім - қайық.
Әліппенің ар жағы - білім бағы.
Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.
Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын.
Білегіңе сенбе, біліміңе сен.
Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.
Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
Алтын алма, білім ал.
Ұстаздан шәкірт озар.
5
ҚОРЫТЫНДЫ
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні біз бір жағадан бас, бір жеңнен қол
шығарып, білімнің әр саласында өз үлесімізді қосып, әлемнің ашылмаған
жаңалықтарын зерттеп-зерделеп, діни салада болсын дүниеуи салада болсын
еңбек етіп, егеменді еліміз Қазақстанды жоғары мәртебелерге паш еткізуіміз
керек. Алла баршамызға екі дүниенің пайдалы ілімін нәсіп етсін!
6
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
1.
Кәрішалова К. Кітапхана жаңа ғасыр мәденитетінде (балалар әдебиеті
проблемалары)// Саясат. - №3. - 2006. - 28-29б.
2.
Дүтбаева Н. Кітап неге оқылмайды: себеп пен салдар// Қазақ әдебиеті. -
2009. - 30 қаңтар. - 1-3б.
3.Қоянбаев Ж. Б. Педагогика. Алматы, «Рауан», 1992.
4.Крупская Н. К. Детское управление в школе. Пед. Соч. В десяти томах. Т.З.
И
Изд-во АПН, М., 1959
Достарыңызбен бөлісу: |