Тыныс алу гимнастикасы: «Қонжықтар» «Қонжықтар ұйықтап жатыр…»
«Қонжықтар оянды, керіліп, екінші бүйіріне ауысып жатты».
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия). ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады. Әрдайым дос, тату, қайырымды
болу керектігін, бір-бірін ренжітуге болмайтынын айтады.
Психофизикалық жаттығу: «Қолымызды ұстайық».
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 46 Білім беру саласы: Денсаулық. Таным
Бөлімі: Денешынықтыру .
Тақырыбы: Біздің шағын стадион
Мақсаты: Көз мөлшерін дамыту, салауатты өмір салты машықтарын қалыптастыру.
Міндеттері: биікте жүрген кезде денені тік ұстап, дене сымбатын сақтау қабілетін
жетілдіруді жалғастырамыз. Дененің дұрыс қалпын сақтап, қолдың көмегімен тартылу
113
қабілетін нығайту, организмнің жалпы төзімділігін дамыту, күшін арттыру. Балалардың
санасына салауатты өмір сүру дағдысын сіңіруге ықпал ету.