Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет29/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

 
Қашықтыққа лақтыру 
Қашықтыққа  лақтыру  нысананы  көздеп  лақтыру  секілді  көзбен  мөлшерлеу  қабілетін 
талап  етпейді.  Бұл  жерде  балалар  еркін,  екпінмен  қимылдайды.  Оларды  алға-жоғарыға 
қарай  дұрыс  лақтыруға  үйрету  қажет.  Доп  мұндай  траекториямен  алысқа  ұшады. 
Балаларға көзбен бағдарламай, оны қалай орындау қажеттігін түсіну қиындық тудырмақ. 
Сондықтан  педагог  арқанды  баланың  созған  қолдарынан  біршама  жоғары  етіп 
орналастырады. Ал, балалар арқаннан 2 метр қашықтықта орналасады. 
Педагог балаларға қимылдарды жасап көрсеткенде негізгі техника талаптарының бәрін 
сақтайды.  Допты  қашықтыққа  лақтыру  әртүрлі  тәсілдермен  жүзеге  асырылады:  иықтан, 
алдын  ала  туралап  арқадан,  төменнен,  жоғарыдан,  қапталдан.  Доптар  да  әртүрлі  болуы 
керек: диаметрі 5-6 сантиметрлік кішкентай резеңке доптар мен теннис доптары, диаметрі 
8–12  сантиметрлік  орташа  доптар,  диаметрі  18–20  сантиметрлік  үлкен  доптарды 
пайдаланамыз. 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет