Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет291/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

 ҰОҚ барысы:  
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Ойындық сәт: балалардың назарын сиқырлы дорбаға аударады. 
Дорба – сыйлық салатын сөмке. Дорбадан ерекше бір конверт алып шығады. Онда 
тапсырмалар жазылған карточкалар жатыр. 
Күшті әрі епті болу үшін осы тапсырмаларды орындау қажет. 
II. Негізгі кезең. 
№1 карточка. Ырғақты-музыкалық қимылдар: – тізбекте музыканың ырғағымен бір-бірден 
жүру, тапсырмаларды орындау. 
Ырғақты гимнастиканы орындау (денесін тік ұстау, музыканың ырғағымен үйлесімді 
қимылдау) 
Карточкаларды пайдаланып негізгі қимыл-қозғалыстарды орындау. 
№2 карточка. 
Төрт сызықтан (бір-бірінен 0,5 метр қашықтыққа қойылған төрт таяқша арқылы) екі 
аяқтап секіру, бір уақытта екі аяқпен екпінмен секіру, қолын сермеп көмектесу. Секірудің 
ізбе-із орындалуын қадағалау.
 
№3 карточка. 
2 метр қашықтықта тұрып, бастан асыру тәсілі арқылы допты бір-біріне лақтыру. Нұсқау: 
өзіне қарай ұшып келе жатқан допты шынтағын аздап бүгіп, саусақтарының арасын ашып 
қағып алу керек. 
№4 карточка. 
«Қасқырға арналған қақпан» ойынын ұйымдастырады. 
Ойын ережелерін түсіндіру. Қасқырлардың қимылдарына және аңшылардың үйлесімді 
әрекет етуіне назар аударады.   
 
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет