155
Негізгі қимылдарды орындау:
Еденде жатқан тақтайдың үстімен жүру, тапсырмаларды орындау – екі жақтан жүріп
келіп, орта тұсына келгенде екі жаққа ажырап кету. Тепе-теңдікті сақтау және үйлесімді
қимылдау.
Тақтайлар бір-бірімен параллель орналасқан.
Тік бағытта фитболдарды домалату (арақашықтық – 6 метр):
фитболдарды саусақтардың
екпінімен домалату.
Тәрбиеленушілер әр тізбектен бір баладан фитболды модулге қарай домалатады.
Оны
қолдарына алады, жүгіріп өз тізбектеріне оралады,
фитболды келесі ойыншыға
береді. Қимылдың орындалу ретін бұзбауға тырысады.
Қимыл-қозғалыс ойыны:
«Қасқырға арналған қақпан»
Ойынның ережесін еске салады. Нұсқаулар:
бір-бірімен соқтығыспай,
шеңберді айналып
еңбектеу.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: