ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Жұмбақ жасырады.
Жауымнан мен қашқанда
Ағаштарға самғап бағам.
Ал қарыным ашқанда,
Отырып ап жаңғақ шағам.
Тиін келеді.
Тиін балаларды бірге ойнауға шақырады.
Сол сияқты епті әрі шапшаң болуды үйренеді
II. Негізгі кезең.
Бір-бірден шеңбер құрап тұру, қолды әртүрлі қалыпта ұстап (жоғары көтеру, қапталға,
алға созу, иыққа апару) аяқтың ұшымен жүру, өкшемен жүру.
Қарағай бүрлері немесе пластмасса ойыншықтарды пайдаланып, жалпы дамытатын
жаттығуларды орындау.
Негізгі қимылдарды ойын түрінде орындау.
Оң және сол қолмен алысқа лақтыру.
Ойын түріндегі жаттығу: «Кім алысырақ лақтырады?».
Лақтырудың орындалу тәртібін еске салады: қолда иықты үстіне қарай алға-жорғары
көтеру қажет.
Балалардың назарын лақтыру күшіне аударады.
Достарыңызбен бөлісу: |