Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы


КҮЙЗЕЛІСКЕ ҚАРСЫ ГИМНАСТИКА: «ТАМШЫ»



Pdf көрінісі
бет499/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   495   496   497   498   499   500   501   502   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

КҮЙЗЕЛІСКЕ ҚАРСЫ ГИМНАСТИКА: «ТАМШЫ» 
 
«Сәлем, аспан!»  
Аяқтың  арасын  иықтың  деңгейінде  ашып,  тік  тұрыңыз.  Қолды  артқа  қойып, 
саусақтарды айқастырыңыз және шынтақты бүгіп, мейлінше жоғары көтеруге тырысыңыз. 
содан  соң  қолды  тіктеп,  бүгіліңіз  және  «Сәлем,  аспан!»  деген  сөздерді  айтыңыз.  Содан 
кейін қолды босатып, төмен түсіріңіз, бірақ саусақтарды ажыратпаңыз.
 
«Тамшы» 
Қолды төмен түсіріп тік тұрыңыз. Қолдарыңызды жанға созып жоғары көтеріңіз. 
Денеңізден тамшы үзіліп түскенін елестетіп көріңіз. Тамшы табан, балтыр, жамбас, содан 
соң  –  дене,  мойын,  басты,  содан  соң  қолыңызды  бойлай  көтеріліп  келеді.  Міне,  ол 
алақаныңызға түсті. Тамшыны ақырындап жоғары көтеріңіз және «Рақмет саған, тамшы» 
деп қайталаңыз. 
«Шағала»  
Аяқтың арасын иықтан да кеңірек етіп ашып, тік тұрыңыз. Қолдарыңызды бастан 
асырып  көтеріңіз  және  алақандарыңызды  қосып  алға  созыңыз.  Мейлінше  алысқа  созуға 
тырысыңыз.  Содан  соң  бұлшық  еттерге  салмақ  түсіріп,  ақырын  төмен  түсіріңіз,  арқаға 
қарай  күшпен  итеріңіз.  Содан  кейін  кері  қимылдар  жасаңыз:  қолдарыңызды  қапталға 
созып жоғары көтеріңіз және алақандарыңызды қосып алға созыңыз. 
«Көбелек» 
Аяқтың  арасын  иықтың  деңгейінде  ашып,  тік  тұрыңыз.  Қолға  таспа  жіп  алып, 
жоғары көтеріңіз. Жіп тартылуы тиіс. Қолдарыңызды бүкпей иыққа қарай төмен түсіріңіз, 
жоғары көтеріңіз. 
«Үлкен пияз» 
Тік  тұрып,  қолыңызды  түсіріп  тұрыңыз.  Аяқтарыңыздың  арасын  иықтың 
деңгейінде  ашып,  ұшын  сыртқа  қаратыңыз.  Тізені  сәл  бүгіп,  мүмкіндігінше  артқа  қарай 
шалқайыңыз.  Осы  қалыпта  тұрып  иығыңызды  омыртқаның  осімен  алдымен  бір  жаққа, 
кейін екінші жаққа қарай айналдырыңыз.  
«Жарғанат» 
Тік тұрып, аяқтың арасын иықтың деңгейінде ашып тұрыңыз. Оң қолды жоғары 
көтеріп, сол қолыңызды түсіріңіз. Содан кейін шынтағыңызды бүгіп, екі қолды арқаңызға 
шығарып  қосыңыз.  Егер  мүмкін  болмаса,  таспа  жіпті  пайдаланыңыз.  Жіпті  оң  қолмен 
ұстап,  төменгі  ұшын  сол  қолмен  ұстаңыз.  Қолдарыңызды  мейлінше  бір-біріне 
жақындатуға тырысыңыз. Қолдарыңыздың орнын ауыстырып жаттығуларды қайталаңыз. 
«Итті сипа»  
Аяғыңыздың  арасын  иықтың  деңгейінде  ашып  тік  тұрыңыз.  Алдыңызда  ит, 
мысалы,  Алабай  иті  тұр  деп  елестетіңіз.  Оны  қолмен  сипап  жатқандай  болып  асықпай 
оңға-солға  бұрылыңыз  (шынтағыңызды  бүкпеңіз!).  Алабайға  айналып  бара  жатқандай 
елестетіңіз. Оның бойы сәл Алабайдан аласа болғандықтан аздап алға қарай еңкеюге тура 
келеді (бірақ тізеңізді бүкпеңіз). Тізені бүкпей, мүмкін болғанша еңкейіп, тұқымы әртүрлі 
иттерді сипаңыз. Содан соң осы қимылдарды кері қарай жасап, ақырындап көтеріліңіз.  
«Ағаш» 


210 
 
Қолдарыңызды  төмен  түсіріп  тік  тұрыңыз.  Сол  қолыңызбен  оң  аяқтың  табанын 
ұстап,  оң  қолыңыздың  алақанын  төмен  қаратып  қапталға  созыңыз.  Тепе-теңдік  сақтау 
қиын  болса,  бір  қолыңызбен  қабырғаға  немесе  басқа  бір  затқа  сүйеніп  тұрыңыз.  Осы 
позада  20-30  секунд  тұруға  тырысыңыз.  Содан  кейін  бастапқы  қалыпқа  оралыңыз. 
Аяқтарыңыздың орнын ауыстырып жаттығуды қайталаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   495   496   497   498   499   500   501   502   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет