24
тұрады, қолды алға сермеп аяқтың ұшымен көтеріледі; жартылай жүрелеп отырған күйі
қолды төмен түсіріп, сәл артқа созады және қолдарын алға-жоғары сермеп, аяқтың
ұшымен көтеріледі.
Ұшқан кезде бала денесін бос ұстайды, басы аздап алға еңкейеді. Аяқтарын артта
ұстайды. Педагог балалардың назарын секіру элементтерін дұрыс орындау қажеттігіне
аударады.
Жерге түскен кезде балалардың көбі салмақпен, табанын тегіс басып, тіпті, аяқтарын
тіктеп түседі. Тек кейбір балалар ғана тізесін аздап бүгіп, аяқтың ұшымен жеңіл түседі,
содан кейін ғана табанын тегіс басады. Соған байланысты балаларға жерге дұрыс түсуді
үйретуге ден қою қажет. Бұған көп жаттығу арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Бұл жастағы мектепке дейінгі балалар түрлі бұлшық ет топтарының қызметін тиісінше
үйлестіре алмайды. Сондықтан жерден екпінмен итерілуді және жерге жеңіл түсуді
үйренгеннен кейін ғана қолды сермеуге назар аударуға болады. Педагог жаттығуды жасап
көрсеткен кезде дұрыс секіруі тиіс. Яғни секірудің барлық элементтерін дұрыс орындауы
шарт: алдымен қолды артқа аздап итеріп, жерден аяқпен итерілген кезде қолды сермеу,
жерге түскен кезде қолды алға созып, түсіру қажет. Секіру жаттығуларын жүйелі түрде
орындағаннан кейін ғана балалар қолдарын дұрыс, шынайы қозғап үйренеді.
Ұзындыққа секіру үшін көрнекі құралдар, «жылға», «шалшық», сызық сынды тағы да
басқа нақты кедергілер қажет. Оларды пайдалану арқылы балалардың белсенділігін
арттыруға болады. Себебі, кедергілерді біртіндеп көбейту балалардың дұрыс секіруге
деген талпынысын арттырады, өз-өзіне деген сенімін күшейтеді, батылдыққа,
табандылыққа баулиды.
Достарыңызбен бөлісу: