II. Негізгі кезең.
Ойын: «Белгіге құлақ сал». Қолдарына доп ұстап (оң қолға) зал ішінде «шашырап»
жүреді. Бір-бірден Тізбекке тұру. Балалардың назарын кеңістікте бағдарлауға аударады.
Екі тізбекке тұрады. Доппен жалпы дамытатын жаттығуларды орындау. Доппен
жасалатын жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсету. Жаттығулардың дұрыс
орындалуына, дене сымбатының сақталуына назар аударады.
Ойын түріндегі жаттығу: «Доппен фигура жаса»
Негізгі қимылдарды ойын түрінде орындау.
Допты жерге лақтыру және секіргеннен кейін қағып алу. Балаларға түсіндіру: қолды
қыспай, саусақтардың арасын ашып, екі жаққа созамыз; допты жерге төмен қарай тігінен
тастаймыз, жерге тиіп секіргеннен кейін, қолдың еркін қимылымен ұстап аламыз.
Бір қатарға қойылған заттардың арасымен алақаны мен табанын тіреп еңбектеу
(кегельдерді екі сызық бойына 6 данадан қойып шығады). Түсіндіру: қимылдарды
балалардың бірі көрсетіп тұрады.
Нұсқау: кегельдерді айналып, абайлап еңбектеу қажет.
«Біз көңілді балалар» ойынын ұйымдастыру. Ойын тәртібін түсіндіру.
Қуғыншыдан қашып құтылу керектігін, жүгіргенде бір-бірімен соқтығыспау қажеттігін
ескертеді.
Достарыңызбен бөлісу: |