119
Шаңғыларды қарға қою, аяқты шаңғы бекітпесімен бекіту.
Шаңғыда тұрып, біресе оң аяқты, біресе сол аяқты кезекпен көтеру.
Бір шаңғыны алға және артқа қозғау.
Шаңғыда тұрып аздап отырып-тұру.
Шаңғымен бірнеше адым жасау.
Шаңғымен жүру кезіндегі қауіпсіздік техникасына баса назар аудару.
Ойын жаттығуы: «Аттар».
Тәрбиеленушілер шаңғымен қарды жиі-жиі баса отырып жүгіреді. Педагогтің белгісі
бойынша жүгіреді. Педагогтің белгісі бойынша барлығы тоқтайды және ойларындағы
тізгінді тартады. Қауіпсіздік техникасы ережелерін естеріне салып отыру қажет.
III.
Ойын жаттығуы: «Үлкен және кішкентай». Тәрбиеленушілер қармен жүреді.
Педагогтің «Қандай үлкен болдыңдар!» сөздеріне – барлығы шаңғымен тұрып түзеледі
және қолдарын жоғары созады.
«Мынадай кішкентай болғанбыз» сөздеріне тәрбиеленушілер тоқтайды және сәл отырады.
Достарыңызбен бөлісу: