Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет520/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   516   517   518   519   520   521   522   523   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4
5-11 сынып дәптері, Нур Микробио 9срс
 
 
«Дауыста, атыңды айтам»    
Ойыншылар  шеңбер  құрап  отырады.  Шеңбердің  ортасында  жүргізуші  отырады. 
Оның  көзін  байлайды  және  бірнеше  рет  айналдырады.  Ол  кімнің  қай  жерде  отырғанын 
білмей қалуы тиіс.  
Жүргізуші  ойыншылардың  бірін  қолымен  көрсетіп,  «Дауыста,  атыңды  айтам» 
дейді. Таңдау түскен бала дауыстайды, даусын танымастай етіп өзгертіп сөйлейді.  
Егер  жүргізуші  бәрібір  танып  қойса,  екеуі  орын  алмасады.  Егер  таба  алмаса 
балалардың тілегін орындайды. 
 
«Кеттi, кеттi орамал!»
  
Ойынға қатысатын балалар шеңбер құрап отырады және бір-біріне иығын тірейді. 
Тізелерін  аздап  бүгеді.  Жүргізуші  шеңбердің  сыртында  қалады.  «Кетті,  кетті  орамал!» 
деген  сөздерді  қайталап,  орамалды  тізенің  астынан  береді.  Жүргізушінің  міндеті  – 
көрінбейтін  орамалдың  кімнің  қолында  екенін  айтуы  тиіс.  «Қолға  түскен»  ойыншы  мен 
жүргізуші орын алмасады. Егер жүргізуші қателессе, балалардың тілегін орындайды. 
 
«Ұшты, ұшты»  
Жүргізуші белгілі бір құстың атауын атайды, «ұшты, ұшты» деп қайталайды және 
қолын  бұлғайды.  Ойыншылар  қимылдарды  қайталайды.  Бір  рет,  екі,  үш...  бір  кезде 
жүргізуші  «Сиыр!»  деп  қалады.  Оның  қармағына  ілініп,  қолын  сермеп  қалған  бала 
ойыннан  шығады  немесе  ойыншылардың  тілегін  орындайды.  «Сақтанып»,  құстың  аты 
айтылғанда  қолын  көтермей  қалған  немесе  кешігіп  қалған  балаларға  да  сондай  шара 
қолданылады. 
 
«Бос орын» 
Балалар  шеңберді  айналып  малдас  құрып  отырады.  Қолына  қамшы  ұстаған 
жүргізуші ойыншылардың бірінің қасына тоқтайды және қамшыны соның артына қойып 
кетеді. «Бұл жер тар, өз орныңды тап!» деген сөздерді айтады. Ойыншы қамшыны алады 
және  жүргізушіні  қуа  жөнеледі.  Егер  оны  ұстап  алса,  қамшымен  ақырын  ұрады.  Ал 
жүргізуші сол ойыншының орнына отырып алуы тиіс. Егер отырып алса, ойыншы ойынды 
жүргізеді. 
 
«Соқыртеке»  
Ойынға  қатысатын  балалар  шеңбер  құрайды.  Санамақтың  көмегімен 
«Соқыртекені»  таңдап  алады.  Шеңбердегі  балалар  көзі  байланған  ойыншыға  кезекпен 
жақындап, қолының ұшын тигізеді. «Соқыртеке» оның кім екенін тауып, атын атауы тиіс. 
Өзінің кім екенін білдіріп қойған баланың көзін байлайды. 


218 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   516   517   518   519   520   521   522   523   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет