Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы


Денешынықтыру  үдерісі  барысында  оқыту  мынадай  дидактикалық  қағидаларға



Pdf көрінісі
бет4/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4
5-11 сынып дәптері, Нур Микробио 9срс
Денешынықтыру  үдерісі  барысында  оқыту  мынадай  дидактикалық  қағидаларға 
негізделеді: 
- зерделілік және белсенділік; 
- көрнекілік; 
- қолжетімділік және дараландыру; 
- жүйелілік; 
- өрлеу. 
 
Зерделілік және белсенділік қағидасы 
Қимыл-қозғалыс  дағдысын  табысты  қалыптастыру,  баланың  дене  қасиеттерін  дамыту 
көп жағдайда олардың сабаққа саналы түрде қарауына байланысты. Осы мақсатта педагог 
балаларға  сабақтың  маңыздылығын,  жаттығулардың  мәнін,  оларды  орындау  техникасын 
түсіндіреді;  балаларды  қатар  құрбыларының жаттығуларды  орындау  барысын  бақылауға 
үйретеді;  оларды  өзін-өзі  бақылап,  сараптауға,  өзінің  әрекеттеріне  баға  беруге  баулиды; 
қимыл-қозғалыстарды  алдын  ала  «сезінуге»  (ойша  елестету)  үйретеді;  таныс 
жаттығуларды түсіндіріп беруге жұмылдырады. 
Зерделілік қағидасы балалардың бойында бастама көтеру, өзіне жүктелген міндеттерді 
шығармашылық тұрғыдан шеше білу (мысалы, шеңбердің ішіне қалай кіру жолын өзінше 
ойлап табу) қабілетін дамытып, олардың дербестігін күшейтуді қарастырады. Бұл қағида 
белсенділік қағидасымен тығыз байланысты. 
     Балалар сабаққа берілген уақыттың басым бөлігінде түрлі жаттығулар жасап, қимыл-
қозғалыс тапсырмаларын қызығушылықпен қабылдауы тиіс. Белсенділік қағидасының 
мәні, міне, осында. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет