КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«ӘБІЛҚАС САҒЫНОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
А.Н.Данияров атындағы «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасы
Е.Атькен
6B11301 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды
ұйымдастыру» білім беру бағдарламасының студенттері үшін
«Жүктану» пәнінен СӨЖ және СОӨЖ орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
Қарағанды 2022
2
ӘОЖ 656.347.63(075.8)
Атькен Е.
6B11301 - «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен
тасымалдауды ұйымдастыру» білім беру бағдарламасының студенттері үшін
«Жүктану» пәнінен СӨЖ және СОӨЖ орындауға арналған әдістемелік
нұсқаулық. – Қарағанды: ҚарТУ баспасы, 2022. – 8 б.
Әдістемелік нұсқаулықта «Жүктану» пәнінің оқу жұмыс бағдарламасына
сәйкес СӨЖ және СОӨЖ жұмыстарын орындауға арналған мәліметтер
қамтылған.
©Қарағанды техникалық университеті, 2022
3
1.
СӨЖ (СОӨЖ) бойынша әдістемелік кеңестер
Студенттің өздік жұмыс (СӨЖ) тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз
аудиториядан тыс орындалады. СӨЖ-дің негізгі міндеті семинарлық сабақтар
мен дәрістерге дайындық. Семинар сабағынан тақырып бойынша негізгі
сұрақтар қамтылып, сабақтың тақырыптық жоспары, негізгі және қосымша
әдебиеттер тізімі және семинар сабақтарына қатысты тапсырмаларды орындау
тәртібі бойынша әдістемелік кеңестер беріледі. Семинар сабақтарының
тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестерді мұқият зерделеп, семинарлық
сабақтың тақырыптық жоспарының сұрақтарына өз бетінше жауап
дайындалуы керек. Әр сұрақты дайындау барысында жауаптың негізгі
қысқаша мазмұны мен тезистерін, тұжырымдарды қысқаша схемалық түрде
жазып алып, есептік формулалар мен есептемелерді СӨЖ дәптеріне жазу
керек. Дайындық аяқталғаннан кейін өз білімдерін өзін-өзі тексеру
сұрақтарының көмегімен тексеріп, өз бетінше жұмыс істеу кезінде қиындық
тудырған сұрақтар бойынша оқытушымен бірге жұмыс жасау керек.
СӨЖ тапсырмалары дәріс сабағына дейін орындалуы тиіс. Өз бетінше
алған білімдер дәріс сабағында тереңдетіліп, жан-жақты қамтылуы тиіс.
Алайда, семинарлық сабақ бойынша берілетін сұрақтардың көлемі
тақырыптың толық мазмұнын қамтымайды. Сондықтан студент өз білімін
тереңдету және кеңейту бойынша одан әрі жұмыс жасау қажет. Бұл СОӨЖ
барысында жүзеге асырылады. Сондықтан СОӨЖ-ге қосымша сұрақтар,
есептер, жаттығулар және т.б. қамтылады, олардың көмегімен тақырып
мазмұны толық ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: |