Е, биеке, әлгі өздеріңіздің күйеулеріңіз ғой



бет3/4
Дата06.02.2022
өлшемі23,13 Kb.
#81655
1   2   3   4
Байланысты:
Матиндер окирмандык

Шешем жайлы

Әкемді алсаң, ал, Құдай, шешемді қой,


Шекпен тоқып берсе де өлмеймін ғой.
Халық бұл өлеңді текке шығармаған. Шешелі балада бәрі бар. Менде қазір бәрі бар.
Үйде түк болмай қалған күнде де шешем мені аштан өлтірмейді, әйтеуір бірдеңе тауып, өз аузына салмастан, менің аузыма тосады.
Қыз кезінде шешем көрікті болыпты. Орта бойлы, қыр мұрын, қызыл шырайлының әдемісі болғанға ұқсайды. Ал мен ес білгелі ол науқасшаң. Ауру мен жоқшылық қоса қабаттасып, құр сүлдері қалған. Отырса, тұрса, аузынан ойбайы түспейді. Соған қарамастан, күні кешке қыбыр-қыбыр қимылдаумен болады. Жоқты бар етіп, түтін түтетеді.
Біздің үйдегі адамдардың қай-қайсысы да шешемді сыйлайтын еді. Ол не айтса, сол болады.
Біз тату тұратын едік. Айқай-шу, жанжал болғанын білмеймін. Момын әкем шешеме дауыс көтеріп, қораздана алмайтын. Қайта, шешем оған ынжықсың деп, ұрсып отырушы еді. Еркектік намысына тиіп, күйініп небір қатал сөздер айтатын. Әкем сонда да былқ етпейтін.
Мен оқуға ынталы болдым. Шешем оған қуанатын. Шұқшиып сабақ жазып отырсам:

  • Менің жаным үлкейгенде өкіметші болады, – деп көтермелеп қоятын.

Оқыған, ел басқару қызметінде жүрген адамдарды ауыл қазағы «өкіметші» дейтін.
Ал менде арман көп. Бір арманым – Сағатбайға ұқсап мұғалім болу; екінші арманым – дүкенші болу.
Өзге балалар секілді жас кезімде мен де тәттіге құштар едім. Кәмпит түгіл, қант қолға оңай түспейді. Дүкенде қант қабымен тұрады. Қанша жеймін десе, дүкеншінің еркі.
Мен дүкеншіні дүниедегі ең бақытты адам деп есептеймін. Ертеден кешке дейін ол аузы босамай кәмпит жеп тұрмайтынына таңырқаймын. Мен болсам, еркімше жер едім.
Дүниеде кәмпит жегеннен басқа да қызық бар деп мен ойламаймын.
Қолыма он, жиырма тиын түссе, дүкенге жүгіремін. Бірақ тиыны құрғыр біздің қолымызға лотореяның ұтысы секілді тым сирек түсетін еді.
Бір күні Сатылған ағам маған қант алып же деп, бүтін бір сом берді. Бұрын он тиын, жиырма тиын беретін. Өмірімде тұңғыш рет қағаз ақша ұстауым осы шығар.
Әлгінде ауылға арбамен көшпелі дүкен келген. Ауыл совет кеңсесінің қасында сауда жасап тұрғанын көрген едім. Жерден жеті қоян тапқандай болып, жүгіріп сол араға келейін. Арба жоқ, кетіп қалыпты.

  • Әне, кетіп барады, – деді біреулер.

Қос ат жеккен жүрдек арба ауылдан шығып кеткен. Сүмбенің жолымен зымырап барады.
Арбада бір қап қант бар. Қуып берейін. Жалаң аяқ, жалаң баспын. Екі өкпемді қолыма алып, ұшып келем.
Арбаны қуып жеттім. Сатушы не боп қалды дегендей аң-таң. Мен ентігіп сөйлей алмаймын. Тек бір сомды ұсынып:

  • Һант, һант, – деймін.

Дүкенші болуды армандауыма тағы бір себеп – бүтін, жақсы киіну үшін.
Шешеме де бастан-аяқ жаңа киімдер алып бермекпін: жаңа мәсі-калош, жаңа орамал.
Батырқанның әйелінің кемзалындай жаңа барқыт кемзал, т.т. беркенім әперді деп, жарқылдап киіп жүрсін. Сүмбеден Бөпке апам келгенде, мақтанып айтып отырсын. О, Бөпке апам қандай! «Дүкеншімін деші, жаман неме. Жүр дүкеніңе, не бар, көрсет? Көйлегім тозып кетті, көйлек алып бер. Әсбеттің мәсі-калошындай мәсі-калош алып бер. Сен дүкенші болғанда кимеген киімді қашан кимекпін?»
Немене, аяймын ба? Бөпке апамды да бастан-аяқ су жаңа киіндірем. Басқа кемпірлер оған қызғанышпен қарайтын болады. Несі бар, кисін менің арқамда. Мен үйлеріне барғанда, оның жаны қала ма? Қалмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет