«Ә д ебиет т ік о қ у»



бет6/8
Дата11.05.2022
өлшемі1,93 Mb.
#141774
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
zhb debiettk-ou 2kl kaz

6. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

15
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Менің мектебім» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
Тыңдалым және айтылым

2.1.3.1 Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп оқиғаның соңын болжау


2.1.5.1 Өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу

Білім алушы
• Мәтіннің тақырыбы мен үзіндісі бойынша оқиғаның соңын болжайды
• Өз ойын түсіндіру үшін тірек сөздерді қолданады

Қолдану



20 минут


Тапсырма
1. Берілген үзіндіні мұқият тыңда. Ары қарай не болуы мүмкін? Жалғастырып айт.

Кітапханада
Біздің мектептің екінші қабатында кітапхана бар. Кітапханада әр түрлі кітаптар көп. Біз сыныбымызбен кітапханаға келдік. Бізді кітапханашы Айжан апай қарсы алды...

2. Сұрақтарға сүйене отырып, өз мектебіңдегі кітапхана туралы әңгімелеп бер. Сипаттау сөздерін қолдан.
• Сенің мектебіңде кітапхана бар ма? • Ол қандай?
• Ол жерге не үшін барасың?
• Қандай кітаптар оқығанды жақсы көресің?


Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіннің тақырыбы мен үзіндісі бойынша оқиғаның соңын болжайды

1

оқиғаның соңын болжап айтады;

1

оқиғаның логикалық жүйесін сақтайды;

1

тақырыпқа сәйкес мәтін құрастырады;

1

Өз ойын түсіндіру үшін тірек сөздерді қолданады

2

сұрақтардың негізінде тақырыпқа қатысты ойын айтады;

1

сөйлеу барысында сипаттау сөздерін қолданады;

1

лексикалық және грамматикалық нормаларды сақтап сөйлейді.

1

Барлығы

6

16



Бағалау

критерийі



Білім алушының аты-жөні _________________________________________________

17


«Менің туған өлкем» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты
Оқылым Жазылым

2.2.2.1 Мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу


2.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету

Білім алушы
• Мәтін бойынша қарапайым және нақтылау сұрақтарын қояды
• Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді
• Мәтінде жіберілген қателерді анықтайды және түзетеді

Қолдану

20 минут



Тапсырма
1. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.

Алматының әсемдігіне сөз жетпейді. Қала Алатаудың баурайында орналасқан. Қаланың орталығында Үлкен Алматы, Кіші Алматы өзендері бар. Көшелері оқтай түзу. Зәулім үйлер, театрлар мен жоғарғы оқу орындары көп. Алматы – ғылым мен мәдениеттің орталығы. Халқымыздың мақтанышы болып саналатын «Медеу» мұз айдыны да Алматыда. Алматыда дүниежүзіне әйгілі апорт алмасы өседі.

1) Жауабын мәтіннен тап және астын сыз.

• Алматы қаласы қайда орналасқан? • Қалада қандай өзендер бар?

2) Сұрақтың жауабын белгілеп көрсет: Иә () Жоқ (×)

Дүниежүзіне әйгілі апорт алмасы Алматыда өсе ме?

3) Мәтін бойынша «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретіндей сұрақ құрастырып жаз. __________________________________________________________________

18


2. Мәтінде жіберілген қателерді тап. Мәтінді қатесіз көшіріп жаз.

Мен қазір астанада тұрамын. Өзім алыстағы бал-ықшы ауылында туып өстім. Мен туған жерімді сағынып жүрмін.

19


анықтап,

Білім алушының аты-жөні: _________________________________

20

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.


Спецификация 2-сыныпта «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.

2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында), Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).

3. 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

3.1 Ұзақтығы – 40 минут Балл саны – 15
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.

3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.


Берілген нұсқа көп таңдауы бар сұрақтарды, қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/ сұрақтардан тұруы мүмкін.
Алғашқы екі тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, үшіншісі оқылым дағдысын, төртіншісі жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.

21





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет