22
халықтар, ұлттар өзара тату болу керек. Сондықтан, ең алды
мен, өз сыныбымызда достық орнауы қажет.
Шығармашылық диктант
1. Атасы бір қызық ә...гіме айтты. 2. Бөлме іші қара...ғы
екен. 3. Бұл – Әлияның со...ғы хаты. 4. Әсияның үйі клубтың
төме...гі жағында.
• Көп нүктенің орнына
н, ң
әріптерінің тиістісін жаздыру
.
Ескерту диктанты
Ләйлә мен Райхан орманға жидек теруге келді. Олардың үлкен
себетін көріп, жидектер тығылып қалды. Шырша бұтағына көбелек
ұшып келді. Қыздар көбелекті қуып кетті. Себет жерде қалды. Бәрін
байқап отырған тиін себетке жидек тере бастады. Қайта оралған екі
дос себеттің жидекке толы екенін көрді. Олар қатты қуанды.
***
Атасы қаладан келді. Талаптың ұзақ күткен сыйлығын
әкелді. Бұрандалы трактор. Кілтін бұраса, тракторы дырылдап
жүреді. Қуанып, досы Рахатқа көрсетті. Ол тракторға қатты
қызықты. Талап тракторын бір күнге ойнауға берді. Атасы
немересінің ісіне риза болды.
«Балдырған» журналынан
Достарыңызбен бөлісу: