Э. М. Мурзаев былай деп жазған: Қазіргі әлемді географиялық атауларсыз елестету мүмкін емес. Пошта, телеграф, темір жолдар өз қызметтерін тоқтатады, үшақ- тар әуежайда, кемелер аты жоқ кеме токтайтын жерлерде түры



бет20/90
Дата11.05.2022
өлшемі0,76 Mb.
#142622
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   90
Байланысты:
treatise53019

I тарау. Ономастика - гылыми пән

нимия, топонимия, зоонимия) және перифериялык (космонимия, эргонимия, гемеронимия т.б.) шектеріндегі атау беру принциптері мен тәсілдерін аныктау;

  • психологиялык, аспект - жалқы есімдердің жасау, қалыптасу, қабылдау үрдістерін жеке адамға байла­нысты, оның психологиясын, сонымен катар түтас үжым психологиясын ескере отырып зерттеу; жалкы есімнің адамға ықпалын аныктау, өйткені атау эр түрлі көңіл-күйге келтіруі мүмкін: қуаныш, тандану, күлу, ашулану, жек көру, қайғыру, өкіну т.б.; окультурация (жалқы есімнің өз мәдениетінің көрініс табуы) және аккультурация (жалкы есімнің өзге ел мәдениетінің көрініс табуы) механизмдерін анықтау; жалқы есімнің формасының мағынасын, жалқы есімнің семантикасын, психологиялык бағыт түрғы- сынан жалқы есімнің мәтінде қолданылуын зерттеу;

  • семасиологиялық аспект - денотаттарды жекелеу үшін атау беруде және әр түрлі онимдер жасауда колданылатын лексиканың апеллятив тобын анықтау, нақты бір аймактың, халықтың атаулар сөздігінің, онимдік жүйесінің ерекшелігін көрсететін, жаңа атау жасауда пайдаланылатын жиі қолданбалы негізді анықтау;

  • семиотикалық аспект - тілдің таңба ретінде жалкы есімнің ерекшелігін аныктау, жалқы есімнің таңба- ланушы және таңбалаушы табиғатын ашып көрсету, олардың баска да семиотикалық жүйелермен, апеллятив лексикамен байланысын зерттеу;

  • терминологиялық аспект - ономастиканың метатілін зерттеу және оның күрамдык бөлігі болып келетін терминдер жүйесін, олардың бір-бірімен байланысын аныктау; ономастикалык терминологияның жүйе- лігін, терминологиялық аппаратының негізін қүрай- тын элементтерін, ономастикалык терминдердің


Ономастика: зерттеу мәселелері



иерархиялық байланысын анықтау; жаңа үғым және жаңа объектілердің ономастикалық кеңістікте калыптасуымен байланысты жаңа терминдер жасау, терминдерді унификациялау, кодификациялау және стандартизациялау себептерін, жолдарын, үрдістерін көрсету;
этнолингвистикалық
аспект - үлттық көзқарас, үлттық ерекшелік, этномәдени, этнопсихологиялық факторларды ескере огырып, жалқы есімді зертгеу, яғни этностың материалды және рухани дүниесін, оның үлттық болмысын ескеру. Этнолингвистикалық зерттеулерде жалқы есімнің рулармен, диалектілер- мен, тілдік үя, мәдени топтармен генегикалық бай­ланысын анықтауға көбірек коңіл болінеді. Бүл түста ономастикалық деректер халықтардың үлттык мента- литетінен, түрмыстық және мәдени ерекшелік- терінен, олардың шығу тегі мәселелерінен, көші- қонысынан мәлімет береді.
Зерттеу аспектілерін таңдау жүмыстың нысаны, мақ- саты, міндегтерінен туындайды. Ономастикалық материал- дарды зерттеу көп аспекті болуымен ерекшелінеді. Мәселен, топонимдерді зерттеу географиялық, тарихи, этнографиялык мәліметтерді қолдану арқылы іске асады, себебі, нақты бір аймақтың топонимикалық жүйесін толығымен талдау үшін зерттелетін объекгілерді бөліп алып, олардың геоморфологиялық, тарихи өлке, этника- лық қүрам, жергілікті этнографиялық ерекшеліктерін ескеру керек.
Қазіргі тіл білімінің жаңа бағыт және салаларының қалыптасуы, этно- және антропоцентристік бағыт түрғы- сынан лингвистикалык мәселелерді шешу ономастикалық зерттеулерді этноспен байланыстыра әр түрлі ономастика- лык бірліктерді анықтауда жаңа деңгейге көтерді. Сол себептен жалкы есім жаңа ономастикалық аспектілер түрғысынан қарастырылуы мүмкін:
AS


I mapay. Ономастика - гылыми пән



  • когнитивтік аспект - “оним” концепті оның ономастикалық тұлғамен байланысын, нақышын және тілдік қүрылысын қарастыру, үлттық лингво- мәдени қоғамдастықтың когнитивтік базасында сақ- талган прецедентті атауларды анықтау, яғни жалқы есім арқылы әлемдік болмысты тану, ономастикалық кеңістіктің ментальды қүрылымы, “әлемнің тілдік бейнесінің фрагменттер жүйесін” қүрайтын ономастикалық жүйені аныктау;

  • функционалды аспект - сөйленістегі жалқы есімнің қолданысын анықтау (коммуникацияда/мәтінде жал­кы есім жүмсалымы, ономастикалық узус мәселесі, ономастикалық норма, жалқы есімнің окказионалды қолданысы);

  • мәдениаралық коммуникация (қарым-қатынасы) түргысынан - жалқы есімді басқа үлтқа үйрету, та­ныстыру мақсатында сипаттап зерттеу (елтанымдық, лингвомәдени мүмкіндіктерін анықтау, коммуника- тивтік жағдайларда жалкы есім және олардың түрлерін қолдану жағдайларын, ережелерін талдау, жалқы есім туралы лингвистикалық мәліметтерін жеткізу және колдану әдістері мен тәсілдерін ойластыру).



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет