Э. М. Мурзаев былай деп жазған: Қазіргі әлемді географиялық атауларсыз елестету мүмкін емес. Пошта, телеграф, темір жолдар өз қызметтерін тоқтатады, үшақ- тар әуежайда, кемелер аты жоқ кеме токтайтын жерлерде түры



бет29/90
Дата11.05.2022
өлшемі0,76 Mb.
#142622
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   90
Байланысты:
treatise53019

/ тарау. Ономастика - гылыми пэн

Орыс әкесінің аттары экеге (отчество) тиесілікті көрсетеді - бүл оның негізгі қызметі, -ович/-евич, -овна/- евна
жүрнақтары арқылы беріледі.
Орыс халқында фамилия негізінде лақап (Молчанов, Ужов, Кривощеков), белгілі бір территория иелігіне сілтеме (Мещерский, Тверской, Звенигородский), маман- дық (Гончаров, Мельников, Дегтяров), әке, аталардың есімдері (Иванов, Петров, Васин) т.б. жатады.
Жалпы антропонимдер зерттеуінің негізінде әрбір ха- лықтың өзіндік лингвомәдени, танымдық ерекшеліктерін, әмбебап белгілерін аңғаруға болады.

  1. Топонимдер

Топонимдер - жер бетіндегі кез келген табиғи немесе адам жасаған объектілер атауынан түратын жалқы есім түрі. Топонимдер гидроним, ороним, ойконим, урбаноним, спелеоним, дромоним, ареноним, дримоним т.б. түрлерге бөлінеді. Атауы бар объектілер нақты аймаққа бекітілген. Кез келген топоним атау қызметімен коса объектіге сілтеу қызметін де атқарады. Сонымен қатар олар объектінің ерекшелігіне, атаудың идеологиялық және эмоционалды бояуына қарай қосымша ақпарат бере алады. Белгілі бір аймақтың топонимиконы тарихи қалыптасады. Онда өткен дәуір топонимдері сақталады, сондықтан топонимдердің әр қабаты тарихи дәуірге, сол аймақта қоныстанған халық тарихына қатысты “қаттамаға” теңейді. Дегенмен барлық топонимдер осы түрғыдан талдана алмайды. Ең алдымен географиялық объект атаулары (гидронимдер, оронимдер, ареноттдер) туралы айту керек. Топонимдік жүйеде тілдік катынас орын алған. Топонимдерді ономастиканың арнайы бөлімі - топонимика зерттейді.
Топонимдердің жалпылық белгілері: Топонимдердің барлық түрлерінің ортақ белгісі - кез келген географиялык объектті атау.


Ономастика: зерттеу мәселелері



Топонимдердің жекеленуі аталатын объектке байланыс­ты. Осыған орай келесі аталатын объектілер ажыратылады:

  • гидрографиялық (өзендер, көлдер, теңіздер, мүхит- тар, бүлақтар, қүдықтар, каналдар);

  • орографиялык (жердің үстіңгі қабатының жағымды және жағымсыз рельеф объектілері);

  • кез келген жолдар (жер үсті, су, жер асты, әуе);

  • кез келген елді мекен (қала, ауыл);

  • кез келген қала ішіндегі топографиялық объект;

  • ресми, әкімшілік бөліністерінің кез келген объекті (территория, облыс, аудан);

  • кез келген табиғи жер асты объектілер (үңгір, жер асты бүлақтары, көл, қүдық, сарқырама);

  • флористикалық объектілер (орман массивтер, өсімдік әлемінің реалийлері).

Топонимдердің барлық түрлері бір-бірімен белгілі бір жүйелі байланысқан және өзінің семантикалық, сөзжасам- дық, морфологиялық қүрылымы жағынан сол тілдік жүйеге сай келеді. Сонымен бірге географиялық атаулар үлттық менталитет, үлттық таным бойынша ерекшеленеді. Осы- ған орай топонимдер келесі белгілерге ие:

  • әр халықтың географиялық атау жасауында тілдік жүйеге сай келетін белгілі бір зандылық сақталады;

  • атау беруші топтың әлемге көзқарасына сай қоршаған болмыс топонимде беріледі;

  • адамның қүндылықтарына сай ақпарат топонимде көрсетіледі;

  • топоним мазмүны тарихи, әлеуметтік, географиялық және басқа да экстралингвистикалық факторларға байланысты;

  • топонимдер тілдің үлттық-таңбаланушы белгілері болып табылады;

  • топонимдер антропонимдерден кейін ономастикалык кеңістіктің өзегін қүрайды (яғни адам санасындағы


I mapay. Ономастика - гылыми non



объектілерді қамтиды және кеңістікте қозғалысының бағыт-бағдары болады);

  • үлттық топонимиконның негізгі қорын көбінесе ана тіліндегі атаулар қүрайды;

  • топонимдік жүйені жаңа жәнс кірмс атаулар толтырады;

  • топонимдер макрогопонимдер (кеңінен танымал) жоне микротопонимдер (бір аймақ, бір ауыл көлемінде белгілі) больш бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет