I тарау. Ономастика - гылыми пән
Дегенмен де СТБ - ономастиканың зерттеу нысаны, олар жалқы есімдерге тән барлық белгілерге (белгілі бір тауарға бекітілуі, тектес объектілерден жекеленуі, аталмыш объектіні анықтауы т.б.) ие. СТБ тауар белгілері мен тауар маркілерімен тығыз байланысты. Тауар белгілерін бәсекелестік тудырушы тауарлардан айыру және анық- тау үшін өнім шығарушы колданады. Тауар белгілері сөз (Rolls-Royce фирманың негізін қалаушылары Чарльз Росс гіен Генри Ройстың есімдерінен, Xerox “қүрғақ” + “жазу” сөздерінен), бейнелеу (символ, сан немесе контур) немесе белгі мен сөз комбинациясы (Кока-Кола фирмасының си- яқты) арқылы беріледі. Сондықтан СТБ де фирмалық тауар маркілерін (белгілерін) да зерттеу керек.
Аз немесе тіптен зерттелмеген прагматоним түрлеріне хрематонимдер, порейонимдер, фалеронимдер т.б. жатады.
Хрематонимдерге материалды мәдениеттің жиі кездеспейгін зат атаулары жатады: Царь-Пушка, Единорог, Волк пушкалары, Голодарь, Красный, Баран коңыраулары, Звезда Юга, Шапка Мономаха алмаздары, Лебедь кубогі. Англияда үлкен қоңыраулардың ертеден өз атаулары бар.
О.А. Леоновичтің материалынан белгілі, сол елдің элемге әйгілі жеті қоңырауы: Great Paul - Лондондағы Әулие Павел соборының қоңырауы, Great Peter - Нью Иорктегі собор қоңырауы, Great George - Ливерпульдегі собор қоңырауы, Big Ben - Лондондағы парламент ғимаратында, Little John - Ноттингем биржасындағы коңырау, Great George - Бристоль университетіндегі қоңырау және Great Tom of Oxford - Крайст-Черч колледжіндегі мүнарадағы коңырау, Оксфорд.
Кез келген көлік (әскери және жолаушы кемелері, пароход, катер, су асты қайығы, баржалар, үшақтар, ғарыш кемелері, пойыздар т.б.) атаулары порейонимдерге жатады. А.В. Суперанскаяның пікірі бойынша, қалыптасу мезгіліне қарай ең көнесі - кемелердің атаулары. Көлік қүралдарына атау тағудың қалыптасу кезеңіне және қолданыс тарихына, колік көлеміне, оның кажеттілігіне,
Ономастика: зерттеу мәселелері
бағыты мен тасымал орынына байланысты өзіндік дәстүрлері мен уәждері бар. Атаулардың семантикалық қүрылымында мемлекет, қала, тау, өзен, асыл тас, күс атаулары, белгілі адамдар есімі, символдық атаулар қолданылады: Аврора крейсері, Нетте кемесі, Наутили- ус су асты кайығы, Смелый, Стремительный эсминцтері, Сергей Лазо, Волга, Монгол, Алматы, Алтай, Прокопий Плещеев, Петр Березницкий жолаушы кемелері, Апостол Андрей яхтасы, Илья Муромец үшағы, Восток-S ғарыш кемесі, Семерка, Little John ракеталары, Қазақстан, Оты- рар Россия пойыздары т.б.
Фалеротшдерге кез келген қызмет аясы, әскери істегі ерекшеліктері, белгілі бір оқиғаларға ескерткіш ретінде тағылатын белгілер (орден, медаль, белгі, крест) атаулары жатады.
Орденмен көрнекті қызметі үшін марапатталады: Қазак- станда - Алтын жулдыз ордені, Алтын қыран ордені, А на даңқы ордені, Барыс ордені, Қурмет ордені, Парасат ордені, Ресейде - Победа ордені, Александр Невский ордені, Трудового Красного Знамени ордені т.б. Ресейде ең жоғарғы марапат “За заслуги перед Отечеством” ордені, Англияда - “За битву при Ватерлоо”, “Орден Подвязки”, ‘‘Орден святого Джона”, Францияда - “Почетный легион” ордені.
Медаль - металдан эр түрлі бейнеленген пластикадан жасалган, марапат көрсету немесе белгілі бір оқиғаның ескерткіші ретінде тағылатын белгі: Қазақстанда - “Алтын алқа ”, “Ерлігіушін”, ‘‘Ерен еңбегі ушін”, ‘‘Куміс алқа” медальдері, Ресейде - “Золотая звезда ”, ‘‘За отвагу”, ‘‘За Полтавскую баталию”, “Нахимова” медальдері, Англияда - Ерлік, Куміс жулдыз медальдері.
Крест - айырым белгі, орден, геральдикалық белгі: Ресейде - Георгиев кресті, Андреев кресті, Англияда - ‘‘Виктория кресті”, ‘‘Георг крестГ (Ұлыбританияда ерлігі, айбыны үшін тагылатын ең жогаргы марапат), Германияда - “Железный крест” т.б.
101
I mapay. Ономастика - гылыми пән
Әр түрлі тарихи маңызды окиғалардың болуынан белгілі социум немесе әлемдік деңгейде идеологияның өзгеруінен жаңа айырым белгілері және соған байланысты жаңа атаулары пайда болады.
Халық ономастикалық кеңістігінің түрлерін, разрядта- рын қысқаша шолудан олардың әрқайсысы тілдің лексикалык жүйесінің ерекше бір қабатын қүрайтынын айту керек. Сондықтан да оларды жинақтап, түбегейлі зерттеуде үқыптылықты талап етеді, себебі олар таралу кеңістігіне, танымалдылығына және қолдану жиілігіне қарамастан, тілдік сана мен лингво-мәдени қоғамдастық- гың байлығы болыгі табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |