'"'Жалқы есімдердің негізгі айырым белгілері мынада: біртектес объектілерге тән ерекіиеліктері бар объектілер тобына емес, ол жеке объектіге тагылады;
жалқы есім тагылган объект әрқашан да анықталг- ан, нақты, шектелген болып келеді; 3) атау угыммен тікелей байланыспайды және тіл тургысынан алганда нақты біржақты коннотациясы жоқ”[А. В. Суперанская, 1973];
“Жалқы есім дегеніміз жекелеуді көздейтін ерекіие мақсаты бар және сол мақсатқа бастапқы немесе объектті жекелеуде ие болган магынага ешңандай қаты- сынсыз өзіндік ерекше дыбыс арқыльі жететін сөз, сөз тобы” [А.Н. Gardiner. The theory of Proper Names, 1954]. Ономастикада макро- және микро- терминологиялық элементтері мен аталатын үғымдар нені білдіреді? [кара. Суперанская 1973, 165].
Ономастика: зерттеу мәселелері
Жалкы есімдер семантикасының жалпы мәселелері
Жалкы есім табиғатының күрделілігі және ерекшеліктері жалқы есімдердің мағынасы мен семантикасы жөніндегі сүракты ашық қалдырып отыр. Қазіргі лингвистикада бүл мәселе бойынша әр гүрлі көзқарас қалыптасқан: жалқы есім күрылымды-тілдік мазмүнынан, жалкы есім “кері” немесе әлсіз мағынасынан, энциклопедиялык магынасы- нан басқа жалқы есім мағына жоқ дегенге дейін айгылған. Жалкы есім мағынасы мен семантикасын шектеу туралы сүрак өте күрделі. Бүл мәселе қазірге дейін біржакты шешімін таппаған, сондыктан жалкы есімге қатысты бүл терминдердің анықтамалары да накты емес. “Жалқы есім категорияларын талдағанда терминдердің нақты болмауы біртекті терминологиялық қатарда “мағына” және “семантика” терминдерінің берілуіне байланысты, дегенмен мағына - семантиканың компоненттерінің бірі... Жалкы есім семантикасының көлемі, ерекшелігі компоненттердің сандық және сапалык деңгейіне (тіркестер, комбинаторлар) байланысты [Керімбаев, 1995, 153]. Аталған терминдер бір катарда болып кана коймай, бірін-бірі алмастыра береді жэне кейде синоним ретінде колданылады: “семантика - бүл экстралингвистикалык мағына...”, “ономастикалык мағынаның талдауы”, “ономастикалык семантиканы анықтаудың мүмкін еместігі”, “мағына (семантика)”. И. Ратникованың айтуы бойынша, “жалқы есім тіл жүйесінде виртуалды белгі және сөйленісте сөз белгісі ретінде толығымен бір терми- нологиялық парадигма ішінде талдауға болмайды... ономастикалык семантиканы зерттеудің негізгі қиындығы әр түрлі аспект түрғысынан талдауды жинақтауда” [1999, 6-7].
Атау мағынасынын ерекшелігін көптеген зерттеушілер жалқы есім дәрежесінің динамикасында деп қарастыра-