Ә. Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романындағы махаббат, адамгершілік мәселесі



бет6/7
Дата11.01.2017
өлшемі1,37 Mb.
#6923
1   2   3   4   5   6   7

Пайдаланған әдебиеттер


1. Қара өлең. Ел аузынан жинап құрастырған, алғы сөзін жазған Оразақын Асқар. – А. 1989. -320 б.

2. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. – А. 1994. -312 б.

3. Қыраубаева А. Қазақ әдебиетіндегі шығыстық қисса-дастандардың түп-төркіні мен қалыптасуы. - А. -1997. -270 б.

4. Субханбердина Ү. Ғашықтық дастандар. - А. 1997. -468 б.

5. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. - А. 1991. -264 б.

6. Ибатов А. Құтыбтың «Хұсрау уа Шырын» поэмасының сөздігі.- А. 1974. – 37 б.

7. Абай. Өлеңдер, поэмалар, аудармалар мен қарасөздер. – А. 2005. – 448 б.

8. Ысмағұлов Ж. Абай: ақындық тағылымы. – А. -1994. -280 б.

9. Әбдіғазиев Б. Шәкәрім шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері. – А. – 2000. - 216 б.

Әйелдер образын жасаудағы ұлттық ерекшелiк

Тапанова С.Е.,

ф.ғ.д., профессор,

Еуразия ұлттық университеті

Қазақ жұртында әйел затын ерекше ардақ тұтатын салт-дәстүр бар. Қыз баланы аз күндiк қонақ ретiнде сыйлап, алтынның сынығы, шұғаның қиығы деп тақиясына үкi қадап, үлпiлдетiп өсiрген. Нәзiктiк пен сұлулықтың бастауы болған әйел затына ерекше құрметпен қараған қазақ халқының өткендегi тарихына үңiлсек, ел аузында аңыз боп тараған қажыр-жiгерi арқылы ел билеп, топқа түсiп, сөз сөйлеген әйелдерi де аз емес. Қызай, Қарашаш, Мұрын, Бәтей, Ұлдай, Енең т.б. әйел атымен аталатын ру аттары күнi бүгiнге дейiн мәлiм.

Батыс әдебиетiндегi Джульетта, Изольда образдары, орыс әдебиетiндегi – Татьяна, Анна Каренина, Шығыс әдебиетiндегi – Ләйлi, Зухра, Шырын, қазақ әдебиетiндегi тапқыр, ақылымен ханды да жеңген қарапайым әйел Қарашаш, адал махаббатын ардақтаған, елiн қорғаушы батырға серiк болған Ақжүнiс, Назым, Құртқа, Гүлбаршын, бас бостандығына, теңдiкке талпынған Баян, Қыз Жiбек, Айман-Шолпан, Мамыр мен Еңлiк, Ғайша мен Шұғалардың образы әдiлетсiз қоғамның құрбандығы болғанмен халық ойын, арманын баршаға аян еткен жарқын образдар едi.

Әдебиет сахнасындағы әйелдер бейнесiнiң суреттелу жайын талдау - әдебиеттану ғылымының басты мәселелерiнiң бiрi. Бұл саладағы зерттеу мәселесiне ерте кезден-ақ көңiл аударылған. Мұны бiз барлық әдебиет зерттеулерiнен де байқауымызға болады.

Әйел бейнесiнiң көркем әдебиетте алатын орны туралы алғаш зерттегендердiң бiрi Д.Мордавцев болды. Зерттеушi өзiнiң “Жаңа кезеңдегi орыс әйелдерi” атты еңбегiнде әйелдердiң де ер адамдардай игiлiктi iстерге шамасы келетiнiн атап өтедi, әйелдiң ерлермен тең дәрежеде болуын уағыздайды.

Х1Х ғасырдың аяғында көркем әдебиетте әйелдердiң тұрмыс жағдайы арқылы қоғам цивилизациясының, дамуын байқауға болады деген критерий қолданыла бастайды. Яғни қоғам дамуының белгiсi – сол қоғамдағы әйел тұрмысы, жағдаймен өлшенедi деген идеяны орыс әдебиетiнде Н.Г.Чернышевский “Не iстеу керек?” деген еңбегінде қолданса, ал қазақ әдебиетiнде 1917 жылы М.Әуезов “Адамдық негiзi - әйел” атты тырнақалды туындысында қолданады.

Қазақ әдебиетiнде “мiнсiз ару”, “ғажайып әйел”, “адал жар” үлгiсiн жасау дәстүрi әр түрлi қиссалардан, эпостық жырлардан және аңыз-ертегiлерден айқын көрiнедi. Мысалы, “Ай астындағы Айбарша”, “Күн астындағы Күнiкей”, “Айдай сұлу Айсұлу” ертегiлерiнде, “Жүсiп-Зылиқа”, “Мухаббат-наме”, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Қыз Жiбек”, “Ер Тарғын”, “Алпамыс батыр” жырларында сүйгенiне деген адалдық, үмiт отын өшiрмей, жарын ұзақ жылдар бойы күткен арулардың тамаша келбетi айырықша әсемдiгiмен ерекшеленедi.

Қандай бейне болмасын ол ұлттық мiнезге сүйенiп жасалады. Ұлттық мiнез халықтың өзiндiк психологиялық құрылымының негiзiнде жасалады. Қоғамдық-тарихи, сондай-ақ жағрапиялық орта ең алдымен ұлттық психологиялық құрылымында, содан кейiн психологиялық құрылым арқылы көркемөнер мен әдебиеттiң өзiндiк сипатын, ерекшелiгiн бейнелейдi.

Ұлттық мiнездiң әдебиеттегi көрiнiсiне терең ену үшiн, сол ұлттық мiнездiң әрбiр қырынан ұлт тiршiлiгiнде қалыптасу, өсу себептерiн айқындау қажет. Мысалы, қазақ әйелдерiнiң мiнезiндегi қайсарлық, аңғалдық, бауырмалдылық, қонақжайлылық, жайбасарлық, кешiрiмдiлiк кең даланы керегiнше пайдаланып, көшiп-қонып жүрген ата-бабаларымыздың ғасырлар бойында сақталған ерекше белгiлерi десек артық айтпаған болар едiк. Дегенмен, бұл мiнездердi ешқашан өзгермейтiн тұрақты метафизикалық құбылыс деуге болмайды.

Сұлулық, әсемдiк, әдемiлiк символы болған әйелдер бейнесі туралы сөз қозғағанда, әрбiр ұлттың әдемiлiктi сезiнуi мен әсемдiктi қабылдауында өзiндiк ерекшелiк болатынын естен шығаруға болмайды. Мәселен, қазақ ауыз әдебиетiнде, поэтикалық шығармаларында әйел сұлулығын, кескiн-келбетiн мүсiндеуге арналған туындылар баршылық. Қазақ халқының түсiнiгiнде көздiң атаулары көп: мысалы, қой көз, бота көз, қара көз, мөлдiр көз, күлiм көз т.б. қас сұлулығына “ақша маңдай”, “ай қабақ”, “бiлектей арқасында өрген бұрым, шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын” деген тiркестер арқылы қазақ аруының табиғи әрi дәстүрлi жиынтық келбетiн көремiз.

Қай елде болмасын шаштың ұзындығы әйелдiң сұлулығын, еңбекқорлығын бiлдiретiн болған. Қазақ әдебиетiнде шаш туралы: “қолаң шаш”, “сүмбiл шаш”, “майдай қою қара шаш” т.б. сөз өрнектерiмен берiледi.

Әрбiр ұлттың тiлдерiнiң бөлек болатыны сияқты, әйел сұлулығына байланысты ұғым түсiнiктерi де түрлiше болып келедi. Қазақ әйелiнiң бейнесiн сомдауда ең алдымен төрт түлiк малға қатысты ұғымдарды қолдану ұлттық сипат. Өйткенi мал шаруашылығы – ата-бабамыздың ғасырлар бойы шұғылданған кәсiбi.

Орта ғасырдың сахара заңын бойына сiңiрген тәрбиелi, тәкәппар, салқын ойлы, парасатты арманы үлкен рухы мықты әйел образдары төл әдебиетiмiзде Аққозы, Гауһар (I.Есенберлин “Көшпендiлер”), Айшешек-бегiм (М.Мағауин “Аласапыран”), Патшайым, Бопай (Ә.Кекiлбаев “Үркер”, “Елең-алаң”) т.б. атауға болады. Бұлардың талғамы нәзiк. Көкiрек көзi өткiр, бекзат, ер де өжет. Мұндай образдар Құлшан (Х.Есенжанов “Ақ жайық”), Ботагөз (С.Мұқанов “Ботагөз”), Айғанша, Бөбек, Кенжекей (Ә.Нұрпейiсов “Қан мен тер”), Рухия, Аршагүл (С.Сматаев“Елiмай”).

Әйелдің бет әлпетiндегi нәзiк құбылыстарын суреттеу арқылы адамның iшкi жан дүниесiне бойлап, оның адамгершiлiгiн, мінез-құлқын көрсете алған қазақ әдебиетiнде – М.Әуезов, С.Мұқанов, Ж.Аймауытов, М.Мағауин, I.Есенберлин, Ә.Кекiлбаев т.б. болды.

Халықтың ұлттық санасы, байсалды, иманды рухы шығыс әйелiнiң бойында барынша тереңнен сақталғандығы, олардың сыпайгершiлiк әдеттерi, отбасының береке-бiрлiгi үшiн күресу, сүйген жары мен бала-шағасы жолында өзiн құрбан етуге әзiр мәрт мiнез-қылықтары әр кезеңнiң, әр халықтың әдеби шығармаларында ортақ орын алып келген.

Бiздiң ұлттық ерекшелiгiмiз, салт-дәстүрiмiз, әдет-ғұрптарымыз, моралiмiз ауылда қалыптасқан. Ал жазушы Шәрбану Құмарова шығармаларында ауыл әйелдерiнiң жомарт мiнездi, сырбаз да кiшiпейiл, ақжарқын да бауырмал табиғатын ерекше сомдаған.

Әйелдер образының бүтiн дерлiк галлереясын жасаған Ш.Құмарова өз туындыларында шиеленiске толы әйелдердiң сыртқы дүние болмысын ғана емес, iшкi жан дүниесiн тереңнен ашуды көздейдi.

Ш.Құмарова кейiпкерлерi негiзiнен тағдыр талқысына түсiп, қандай қиыншылықтарға тап болса да, адамдық бейнесiн, қасиетiн жоғалтпаған, жақсылықтан үмiттерiн үзбеген, тағдыр тауқыметiне мойымай, адалдық пен әдiлдiктi баянды етiп, қашан да таза, iзгi ниеттерiн бойында сақтап қалуға тырысатын қазақ әйелдерi.

Жазушының бiр қарағанда кәдiмгi әйелдiң күнделiктi тұрмыс тiршiлiгi, қам-қаракетi көрiнген шығармаларында үлкен астар, философиялық ойлар тұнып жатыр. Мұнда қазақ әйелдерiнiң кең жазира даласындай, дархан көңiлiн, байсалдылығын, жомарт дала аруларының бар болмысын, ұлттық табиғатын көрсетуге ұмтылған.

Жалпы шығыс халықтарына, соның iшiнде қазақ халқына тән қасиет - үлкендi сыйлау, оған ешқашан қарсы келмеу, бұл да жарына адалдықты ойлаған қазақ әйелiне тән таза табиғи мiнез.

Мәселен, “Сезiм патшалығы” атты романындағы Гүлмира образын алып қарайық. Бiр адамның басына берiлетiн ауыртпалық болса, ол осы Гүлмираның басында. Оның мiнез-құлқы, жүрiс-тұрысы, көркi жарасымдылықпен үйлескен дала аруының болмысын елестетедi. Ол сыпайы да инабатты, қайырымды да әдептi, нәзiк те сезiмтал. Гүлмираның бойындағы бұл қасиеттердi автор iс-қимылмен беруге көбiрек ұмтылған. Мәселен, ата-анасындай болған аға-жеңгеге, бауырларына о бастан қамқорлық жасауы, жеңге мен қайын сiңiлi арасындағы сырластық, үлкен сыйластық, берекесi кеткен шаңырақтың жылуын сақтауға ұмтылған әрекеттерi қазақ әйелдерiне тән қылылықты аңғартады. Кезiнде ақшаны күреп тауып жүрген бiлдей қызметкер, серi жұбайы Жәнiбектiң мүгедектер арбасына таңылып, жанында жүрген жақындарының сырт айналып кеткен кезiнде жанына жұбаныш, үлкен тiрек болған да осы Гүлмира болатын. Жәнiбектiң бойындағы олқылықтарын кешiрген кең жүрегi - оның өзгенiң жанына қаяу түсiргiсi келмейтiн қайырымдылығының айғағы секiлдi. Оның үстiне ол ұстамды да салмақты, адамның жаман жағынан гөрi жақсы жақтарын көбiрек көруге тырысады.

Романда Гүлмира көрiнер сәттiң бәрi әдептiлiктi, инабаттылықты насихаттағандай. Бұдан бiз автордың адамгершiлiктiң озық қасиеттерiнiң бiрi - әдептiлiк жайына ден қойғанын аңғарамыз. Жазушының оқырман санасына халқымыздың асыл қасиеттерiн ексем деген түпкi мақсатын көремiз. Сондықтан мұны жастар тәрбиесi, әйел әдептiлiгi туралы шығарма деуге болады.

Ш.Құмарова жасаған әйел бейнелерi – бiз бiлетiн бiраз шығармалардағы кейiпкерлерге ұқсамайды. Мұқияттап қарайтын болсақ, оның бүкiл шығармаларындағы әйел бейнелерiн үлкен екi топқа бөлуге болады: көне әдеби ескерткiштерде әйел белгiлi бiр үлгi бойынша көрiктi, сүйкiмдi және нәзiк, әлсiз сияқты екi түрлi ауытқу орбитасында танылса, қазiргi кезеңдегi әдебиетте әйел образының екi түрi қалыптасқан: олар – дәстүрлi түрде қалыптасқан алғашқы үлгiлерге қарама-қарсы образ және ауыспалы бейнелер. Алдыңғы топқа - әйелдiң баяғыдан қалыптасқан арманын (идеялын) танытатын бейнелер енсе, екiншi топқа қоғам қыспағы әсерiнен өзiнiң шынайы, табиғи келбетiнен ауытқыған, ерлер билiгiне наразылығын танытқан бейнелер енедi.

Ш.Құмарова сомдаған бейнелердiң алғашқы тобына - өзiндiк санасының оянып, өзiнiң құны мен бағасын жетiлдiрiп, жоғарлатуға ұмтылған кейiпкерлер енедi. Олар өмiрдегi, қоғамдағы өз орнын табуға, қоғамдағы белгiлi iрi кәсiппен шұғылдануға әуес жандар, әйел қасиетiн қорғауды, әйелдiң жеке басының тәуелсiздiгiн талап етедi. Бұл топтағы кейiпкерлерiне жазушының “Киiк оты” повесiндегi Әсем, “Буыршын мұзға тайған күн” повесiндегi Алуа, “Оркестрге әншi керек” туындысындағы Кұндыз, “Әйелдер патшалығындағы” Ұлданай, “Әйел шырағындағы” Перизат, Ақтеңге, “Cәуiрдiң ақ таңындағы” Кермеқас т.б. енедi.

Бұл үлгiдегi кейiпкерлер - жағымды топ санатына қосылады, өйткенi жазушының пiкiрiнше, олар өздерiнiң сөзiмен, iс-әрекетiмен әйел дәрежесi әркез ерлердiң сүйенiшiне, қолпаштауына қарап қалмайды, шешушi мезетте әйел де өз күшiн, қасиетiн, дарынын, қабiлетiн таныта алады.

Мәселен, “Әйелдер патшалығы” шығармасындағы Ұлданай – заты мықты, ұсақ-түйекке бола талпынбайтын, қай iсте де әлiптiң артын бағып, шыдамдылықпен ештеңеден сескенбейтiн жан ретiнде суреттеледi.

Әйелдiң жан дүниесi - табиғаттың өзiндей жұмбақ әлем болса, сол әлемде осы жазушының баспаған нүктесi кемде-кем. Жазушы әйел болмысын әбден бiлiп, соның бiр өкiлi ретiнде өз болмысының сан қырлы қатпарларын, қырларын жан-жақты ашып көрсете бiлген.



Каталог: bitstream -> handle -> data
data -> Шындалиева М. Б
data -> Бейсенбай Кенжебаев алаш туы астында (мақалалар мен зерттеулер)
data -> М. Б. Шындалиева Филология ғылымдарының докторы, профессор
data -> Олжабай Нұралыұлының шығармашылық мұрасы хаһында
data -> Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
data -> Қазақ очеркі
data -> Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия
data -> -
data -> МЕҢдігүл шындалиева қазақ очеркінің поэтикасы (монография)
data -> МЕҢдігүл бұрханқызы шындалиева уақыт және суреткерлік шеберлік: жанрлар поэтикасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет