5.1. Бейнелеу өнерінің эстетикалық маңыздылығы Бейнелеу өнері - дүниені көзбен көріп түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнері негізінен кескіндеме, мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы тиіс. Сондықтан шартты түрде оларды да бейнелеу өнері қатарына жатқызамыз. Сондай-ақ, театр, кино, теледидарға безендіруді, көркем дизайнды да бейнелеу өнері ретінде таниды. Бүл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болды.
Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық, қүндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Суретші өз көзімен көріп,түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары түптік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке композициясы, ырғақ жатады. Шығармалар заттық материалдан дайындалатындықтан оған пәндік, заттық болмыс пән.
Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді: кескіндеме түрлі түсті бояуды, графика түрі сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтық астасуын, мүсін пластикалық үш өлшемдікті пайдаланады. Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары мазмүнына қарай монументальді - сәндік және қондырмалы шығармалар негізінен музейлер, галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады. Монументальді мүсін архитектура кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады. Бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ .
Өткен жолыңды қорытындылау, жете түсіну және бағалауға деген ұмтылыс әр саналы тұлғаға тән. Сондықтан, адамның осы қасиеті оның ұлттық рухани түсінігінің жалпылама процестерін де анықтайды. Өнердің көркемдік кейіпкерлеріне дүниетанымының қандай идеялары, сезімдері мен принциптері жүзеге асырылатынын түсінуге бағытталған ұмтылыс, әсіресе дәуірлер тоғысында, мәдениет кезеңдері алмасар сәттерде ерекше орын алады. Сол себепті ХХІ ғасырдың табалдырығын аттар сәтте, біз өткен ХХ ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстанның көркем өнеріне не әкелгені, оған біздің қандай үлесіміздің бар екендігі туралы ойланбай тұра алмаймыз. Өткен жүзжылдықта түрлі инновациялармен қатар дербес мәдени феномен ретінде кәсіби көркемөнер мен мүсін өнерінің ұлттық мектебі қалыптасты және өмірден өз орнын тапты.
Әр тарихи дәуір ғажайып көріністерін сақтаған қазақ халқының көркемөнерлік ғұламасы ХХ ғасырда әр қырынан көрінудің жаңа мүмкіндіктеріне ие болды. 20-30 жылдары Қазақстандағы кәсібі бейнелеу өнерінің дамуының негізгі терігі, республика үшін жаңа. Еуропадан келген ақсүйектік станоктық мүсін өнері мен майлы боямен кенепке сурет салудың техникасы, технологиясы, әдістері болды. Көркемөнер мектебінің аяқтан тұруының негізгі парадоксы өнердің сырттан келген түрлерінің дербес ұлттық мәдениеттің рухани ұясында біртіндеп қайта оралуы, толығу дәрежесінде 90 жылдары жеткен сана сезімнің ұлттық типіне пара-пар көркемөнер тілін құру болды.
Адам мен оны қоршаған орта арасындағы нәзік және рухани үйлесімділікті, қазақ ұлтының табиғат – анамен, соның нәтижесінде әлеммен біртұтастығын, туыстығын көрсетуге бағытталған, ұмтылысын, адамның рухани және ішкі дүниесін білуге деген қызығушылығын, мәңгіліктің бір буыны – қас қағым сәттің әдемілігіне, құндылығына сүйсіну, жалпыға белгілі жүйеге ерекше жолмен ену және дүниетанымның басқа да қырларын суреттеу – міне осылар, қазақ суретшілерінің еңбектерінен байқалатын рухани әдет-ғұрыптық көріністер. Республикадағы бейнелеу өнерінің әмбебап тақырыбы, идеясы, мазмұны мен ішкі қыр-сыры, ұлттың мәдени әдет-ғұрпымен үйлескен, тұрмыстың жанданған, дүние тірегі болатын табиғат пен үйлесімділігін қалыптастыру және адамның шығармашылық жігерін нығайту болды.
Түрлі жағынан көріне отырып, осы дүниетанымдық принциптер дамудың бүгінгі күнгі сатысында да бейне өнерінің негізгі тірегі болып отыр және сол арқылы қазақтың бейнелеу өнерін жалпы дүниежүзілік мәдени кеңістікке үйлесімді түрде енгізуде. Осыған орай, бүгінгі күні бейнелеу және мүсін өнері қандай нысандар мен ерекшеліктерге ие болады деген сұрақ туады?. Оның сарқылмас потенциалық қандай суретшілердің шығармашылығынан қандай ағымдарды пайда болуынан көре аламыз? Ата-бабаларымыздан қалған, ғасырлар бойы шындалған мұралармен байланысады, бүгінгі күні ұлттық суретшілер мектебі кәсіби толысудың қай дәрежесіне жете алады?
Мәдениет әлеуметтік және саяси оқиғаларға тікелей және дәлме-дәл тәуелді болмағанмен, қоғамдық сананың нысандарының бірі болып табылады. Көркем суретті нысандар өз тілімен үнемі адам сезіміндегі шамалы болсын өзгерістерді, оның рухани дүниесін көрсетіп отырады. Өнер өзінің мәнерлеу құралдары мен тәсілдері жүйесінде адам өміріндегі, оның ішкі дүниесіндегі өзгерістерді сөзсіз түрде көрсетеді, көп жағдайда оны ертерек сипаттайды, алдын алады, сол себепті әлеуметтік тұлғаның даму динамикасын үйлестіреді және белгілі бір арнаға бағыттап отырады. Оның дамуының әр сатыларында алдыңғы қатарға түрлі басым идеялар шығады. Қазақтың кәсіби бейнелеу және мүсін өнеріндегі 80-90-шы жылдардың соңындағы қалыптастырудың ішкі логикасы айрықша талап еткен идея бейнелеу өнерін ұлттық тұрғыдан дербес түрде сипаттау идеясы болды.
Келесі жайды айта кетуіміз керек, бейнелеу және мүсін өнері өз техникасы, технологиясы, әлеуметтік қызметі тұрғысынан алғанда Батыстан әкелінген бейнелеу өнерінің жаңаболса да, оның бүкіл жолы, ежелгі қайнар бұлағы бар қазақ өнерінің қуатты діңгегінің жаңа көгерген бұлағы тәрізді үйлесе дамуға толы болды. Сюжеттер ғана емес, суретшілердің ұлттық мінез-құлқы, менталитеті, қоршаған ортаны түсіну және бейнелеу тәсілдері, тікелей немесе жанама түрде бейнелеу және мүсін өнерінің сырттан келген тәсілдерінің арасынан көп ғасырлық көшпелілік өмірге негізделген, өзіндік ерекшелігі бар ұлттық сезімнің қайталанбас лебінің соғып тұруына ықпал етті. Соңғы онжылдықтардағы өнердің ерекшеліктері ұлттық сана сезімнің парасаттылық, философиялық дәрежесінің сапалық тұрғыдан алғанда өрлеуіне ықпал ететін, өнердің рухани толысуы мен жоғарғы кәсіби деңгейінің ұштасуы болды.
Өнердің шартты «ұлттық арнаға түсуі» 80-ші жылдардың екінші жартысында-ақ анықталды. Қайта құру кезеңі берген еркіндік, сырттан бақыланбайтын ерікті өнер саласының пайда болуы, суретшілер мен мүсіншілердің өз тамырлары мен пайда болу көздеріне қызығушылығын тудырды. Өнердің осы түрлерінің халықтың рухани әдет-ғұрыптарымен мирасқорлығы осы жылдары, өз мәдениеті мен әдет-ғұрпына деген қызығушылықпен қатар өнер туындыларының бейнелеу және пластикалық түрлерінің қазақтың ежелгі рухани байлығы жүйесі арқылы түрленушілік арқылы да көрініс берді.
Ежелгі құндылықтарға бет бұру осы мерзімдерге қазақ өнеріне оң бағыт бергіш, сонымен қатар тұрақтандырғыштық бастама енгізгеннің зор қызығушылықпен атап өтуге болады. Мәңгілік дүниетанымдық және рухани белгілерге арқа сүеп, осы кезеңнің сонымен бірге глобалдық және жалпыадамзаттық дүниемен, шексіз көп байланыстар арқылы жалғады. Адамзаттың тарихы, мифологиясы, бүгінгі күні Дала өмірінің ежелгі ережелер арқылы шағылыса отырып, олардың бейнелік шығармаларынан көрінеді. Сол шығармалардың космогоним мен экологиялық сезім, дүниені жетілдірудің иманентігіне деген даналық сезім, ата-бабаларымыздың буындарына ғана тән өнегелік және этикалық құндылықтардың дәл анықталған шкаласы көріністер береді.
Ғасырымыздың соңғы он жылдығында, әсіресе оның бірінші жартысында, көркемсуреттік нысандардың түрлену процесі қарқынды және біртұтас нысанда жүре бастады. Бейнелеу мен жалпылымалау құралдары мен әдістері рәміздендіру, белгілеу, шарттылық және метафорландыру бағытына қарай күрт өзгеруде. Суретшілердің өздерінің дербес және топтық шығармашылық концепцияларын қазақтардың әдеттегі түсініктерімен тығыз байланыстыра отырып өмірге әкелуі сол онжылдықтығы бейнелеу өнерінің ерекшелік белгілерінң бірі болды.
Cуретші өзінің ойы мен сезімін толық таныту жолында, тек қана өзіне қажеттілерін екшеп алуда, яки толық қанды тұтас образдарды жасау жолында ұзақ дайындықтан өтті. Ол барлық бейнелеу әдіс – тәсілдерін жете меңгере отырып, кенепке немесе ақ қағазға салған әрбір бояудың түрін жігерлендіруші қуатты күшті айналдыра білді. Ол бір мезгілде өнердің міндете – көзге көрінген нәрсенің бәрін жазып ала бермей, ең алдымен – шындықты дұрыс және терең түсіну, зат пен құбылыстың құпия сырларын жете ұғыну, сыртқы жалған көрініске құр еліктемей, оның ішкі әлемі, сезімін, ойын көре білу және оны бейнелеу өнерінің әр уақытта қолынан түспейтін, әрқашанда құлапта сақтайтын құралдармен дәл жеткізу қажеттігін жүрегімен ұғынды. Себебі, суретші алғашқы бояу жаққаннан-ақ, одан кейінгілерінде де салған суреттерін үнемі шындыққа жанаса ма және оған өзінің көзқарасы үйлесе ме деген жалғыз дара форманы тауып алғанға дейін кедергілергекездесе береді ғой. Әрине, бояу жағылған сайын формада жетіле береді, мазмұны да жақсара түседі. Суретшінің ойы мен сезімі заттың мәнісіне терең үңілген сайын, оның жеткен шегіне, сырт көрінісіне қанағаттануға тура келеді. Ал, егер салған туындысына көңілі толмай одан әрі іздене түссе, ілгері қарай жетілдіре берсе, тіпті жақсы, себебі іздену үстінде жоғын табады, машықтанады. Ал, болмысты творчестволық тұрғыдан меңгере берудің тіпті де шегі жоқ қой. Басқалардың творчестосынан үнемі үйреніп және қадағалап отыру суретшінің өзін-өзі сезінуіне және өз еңбегіне сырт көзбен қарай білуіне көмектеседі. Сондай-ақ, суретші өз өнерін басқалардың творчествосымен салыстыра бақылап, оны суреткердің қоғамдық міндетімен, мән-мағына туралы жалпы ұғыммен байланыстыра қарай алуы қажет.
Кең мағыналы «реализм» ұғымының шексіз кеңістігінде еркін қалыптап жүрген Қазақстан өнерінің санқырлығын айқын танытатын осы ерекшеліктер 3-ші мыңжылдықтың басындағы Қазақстанның бейнелеу өнерінің шарықтауы туралы менің сенімімді қуаттайды. Бүгінгі танда Қазақстан өнері бірегей өркениетті ғарыш ретіндегі қазақ мәдениетініңсақталуы мен дамуындағы ұлы жасампаз қызметі атқарады және әлемдік мәдени кеңістікке енуіне жол ашады.
¥лттық идеялардың сыртқы стилиризаторлары болмай-ақ, бейнелеушілер мен мүсіншілер өз шығармаларының ажарландырылған нысандарының тілі арқылы, әдеттегі дүниетанымның философия мен этиканың принципті, мәндік константаларын ашып беруге тырысатын болатын. Кәсіби өнердің потециалы арқылы әдеттегі қазақ мәдениетінің әлемдік универсумын қалпына келтіру, оның кординаталары мен принциптеріне сәйкес формалдық құрылымын қайта туғызу керек. Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлық өнерінің, түркілердің монументалдық пластикасының, тастарға ойылған графикасының, ежелгі алтьи мен қола мүліктерінің мұрасы ежелгі өнер иелерінің мирасқорлары, бүгінгі күнгі суретшілердің шығармаларынан да орын табуда.
Георг Вильгельм Фридрих Гегель «кескіндеме прогресі жетілмеген тәжірибелерден бастай отырып, портретке жетумен аяқталады» деп есептейді. Неге? Себебі тегінде, өнер ерекше жәйттерге тоқталғанды сүйеді. Адамдардың ерекше бейнесі мен әрқайсымыздың тағдырымыз не болуы мүмкін? Мүнда тек саясаткерлер мен статистіктер ғана жалпы мен жалқыны, сан мен салмақты көре алады. Суретшілер мен біздер өзімізді-өзіміз анықтаймыз. Портрет деген не? Адамның адамға қызығушылығы. Тең дәрежедегі әңгіме. Портрет дегеніміз - модельдің суретшіге сенуі, ал суретшінің модельден жеке адамды, түлғаны көруі. Осылайша ерекше жағдай тумақ: екі түлға шынайы қарым-қатынас жасайды. Бүл идеалда ғана. Алайда, ұқсастық проблемасы да бар. Портрет - ерте пайда болған жанр. Бұл адам баласының өзін көруге құмартқандығынан шығар. Әр түрлі ұғымдар да болды. Египттіктер адам жаны бейнеленген портретке ауысады деп ұққан. Суретші шеберлігінің нәтижесінде кейде салынған портреттен сол адамның өмірден көрген азабын, қайғы қасіреті мен бүкіл жүріп өткен өмірін көруге болады. Портреттің ерекше басты сипаты оның түпнсқамен ұқсастығы.
Адамның сырт бейнесімен қатар, оның ішкі жан дүниесін де сезе білуіміз керек. Адамның сартқы болмыс-бейнесіне қоса, ішкі жан сарайын, мінез-құлқын аша білгенде ғана көрермен шығарманың алдында ұзақ түрып, сүйсіне қызықтайды. Әсерлі сезімге бөленіп, қиялға беріледі.
Портреттер өзінің сипаты жағынан әр түрлі болады. Сәндік портреттер -адамның сүлулығын, әдемілігін, дәріптеу, оны әсемдік пен сәндікке көрсету. Адамдарды күнделікті өмірде көрсету. Ол интимдік, психологиялық портреттер деп аталады.
Ұқсастықты суретші неден іздеуі қажет? Тек табиғат берген дене пішініне ғана ма? Немесе бізді қоғамнан, мәдениет пен уақыттан бөліп түратын адам баласының «мәнінен» бе? Адам қашан шынайы, өзіне-өзі тең болады? Ең жақсы портреттер ұшқыр көңіл-күймен, ондағы кескіннің игілігімен және ақылдың ұлылығымен ғана емес, натураның, табиғаттың көп қырлылығымен және тағдырдың қүбылмалығымен тамсандырады. Суретші астан-кестең әсерден көркемсурет ғарышын, өмір ырғағын бейнелеуге тырысады. Бірақ, суретші салған образ іштей өзіңді түсінетін бейнемен сәйкес келе ме? Осы сәйкессіздіктен сомдалған сурет қуандырып немесе ренжіте ме? Әрқашан «Адам бейнесі - ол әрдайым әлем метафорасы және менің бір нәрсеге ықтимал ұмтылысым» деп есептеу қажет.
Суретшінің негізгі және басты міндеті - бояуды, қалам ізін, мәрмәр мен қоланы жанды бейнеге айналдыра білу. Кез-келген картина, оның ішінде портрет те бар, суретшінің жанында көптеген әсерлердің қосылуындағы образдардан туындайды, бояуға да, не мәрмәрға да еш үқсамайды. Әрбір суретші ішкі сырын сыртқы ортақ тілге «аударумен» айналысады. Интуицияны қосқанда барлық бес сезімге әсер ететін мөлдір де, езгелек образды түс немесе қола тілімен қабылдап, түсіну қажет. Әр дәуірде бейнелеу өнерінің әр түрлі жүйесі жасалынды. Әлемдік бейнелеу өнері процесіне кіретін біздің суретшілер оларды XX ғасырда ғана дайын күйінде пайдаланды. Алайда, өзіңдікі туралы айтуға тура келгенімен бұл олардың қызметтерін төмендетпейді. Әрбір тіл оны жақсы сөйлеу үшін қызмет етеді. Ол үшін дарын мен мектеп қажет. Халық айтқандай: «Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын».
Кескіндеме - бейнелеу өнерінің ең толысқан түрі. Онда көптеген қүралдар қолданылады. Әр суретшінің өзіндік бейімі таңдаған жолы бар. Біреулері натюрморт жазуға, екіншісі портрет, үшіншісі пейзаж жазуға, төртіншісі әр түрлі тарихи тақырыпты, тұрмыстық көріністерді, т.б. жазуға құмар. Суретші өзі қалаған, сүйген тақырыптарды қалап алады. Бейнелеу өнерінде бұлай бөліну жанр деп аталады. Жанрлар: натюрморт, пейзаж, портрет, жанрлық картиналар болып бөлінеді. Натюрморт XVII ғасырда Голландияда пайда болды. Натюрморт, суретшінің көзқарасын ашып береді. Суретші әр түрлі тақырыпта жүмыс істеуі мүмкін. Натюрмортта сан түрлі тағамдар: нан, жеміс, т.б. бейнеленуі мүмкін. Болмаса тұрмыстық жағдайда пайдаланылатын заттар қойылып, салынады. Кейде бір затты салу арқылы, белгілі бір ойды, мағынаны ашуға болады. Суретшінің қиялынан туған, табиғаттың әр түрлі образдары берілуі мүмкін.
Пейзаж - табиғатқа қарап отырып, айнытпай сурет салу емес, оның мағынасын ашу, шебердің ойын, сезімдерін, көңіл күйін беру. Табиғат еш уақытта өзгерген емес. Мыңдаған жылдар бойы сол бейнесінде қалып отырады. Тек суретші оны уақытына қарай бейнелеуі мүмкін. Әр ғасырда әр суретші оны өзінше түсініп, өмір сүрген уақытына қарай, сол уақыттың қоғамдық қүрылысына байланысты бейнелеген (Базарбаева Д.Т., Мұхаметжанов Д.А., Ли К.В., Көпбасынова Р.Т. «Қазақстанның ХХ ғ. бейнелеу өнері. Алматы: Рауан. 1996, 46-бет.)..
Картина салу - ұзақ қажырлықпен жететін жүмыс. Суретші, өзінің түпкі мақсатының композициялық түйінін тауып, сол арқылы тақырып негізі мен картинаның мән-мағынасын ашуға тырысады. Бұл өте күрделі жүмыс. Оған суретші бар шеберлік машығы мен іс-тәжірибесін, шабытын жұмсайды, қаншама уақытын сарп етеді.
Болашақ шығарма жазу жайлы нақтылы бір ой, елестету пайда болғанда әскиз жасау басталады. Көп толғанып, ізденудің арқасында ойлаған тақырыбыңыз біртіндеп тереңдей береді. Картина салуда, композиция негізі мен колорит шешуші орын алады. Эскиз жасау үстінде негізгі ойды қалай ашуға болатынына баса көңіл бөлінеді. Көріністерді, адамдарды, пейзажды, т.б. орналастыруда алғашқы бөліктердің мағынасын ашпай-ақ басты ойды іздестіру шарт. Сонымен қатар түстің құрылыстарын, дақтарды, олардың ара қатынасын ойластырады. Кейде кейбір заттар картинадағы жарық пен көлеңке, өң-түс қалай болатынын анықтайды.
Суретші басқа да қосымша материалдармен бірге натураны егжей-тегжейлі зерттеу арқылы картина салу жүмысын шыңдай түседі. Ол кейде жұмысын орта жолда тоқтатып қайып, біраз уақыт өткізіп барып қайта оралуы мүмкін. Бүл көзбен көру қасиетін шыңдау,яғни өз ісіне сын көзбен қарау тәсілі болып табылады.
Шебер, бұл айтылған әдіс-тәсілдер мен шарттарды, портрет, пейзаж, натюрморт салу кезінде де дұрыс пайдалануға міндетті. Суретші портрет салуға кіріспес бұрын, портреті салынатын адамды зерттейді, мінезін, ішкі жан-дүниесін түсінуге тырысады. Бірнеше суреттемелер сала отырып, оларды, үзақ ізденісті натурамен байланыстыра көптеген сеансты жүмыстар жүргізуге тура келеді. Бір қарағанда жеңіл көрінетін адамдар портретінде, суретшінің орасан зор еңбегі мен ізденістері жатқанын ұмытпаған жөн.
Пейзаж, натюрморт, сәндік эскиз, интерьер жасағанда да әр бөлікті ой елегінен сан қайтара өткізіп, жөндеп, түзетумен ғана табысқа қол жеткізуге болады. Салып отырған затының өзіне қарап, салыстырып, үқсамаған жерлерін түзетіп, қайта жөндеумен суретші өзінің шығармасын аяқтайды.
Бейнелеу өнеріндегі негізгі тұлғалар яғни, біріншісі «суретші» болса, екіншісі сол суретшінің көркем шығармада туындаған қызықты да әсем дүниелерін тамашалап, одан үлкен әсер алушы «көрермен». Картина (суреттер көрінісі) және оның көрермені – тарихи егіздер, бір уақытта жарық көрген. Бұл және түсінікті: қажеттілік белгілі қоғамға картиналық жауабы ретінде пайда болады әрі болған оқиғаны қай уақытта және өнер туындыларының аяқталуын алдын-ала өзіне қабылдау. Сондықтан «живопись» картинаны тек қана көрермендер үшін ғана жасап шығармайды, көрермен картина үшін қажет».
Әр-туынды – бұл тек қана жеке қадам емес, жеке ашылу, жеке сәттіліктер немесе әтсіздіктер өйткені барлық ұрпаққа, өз уақытында, өзін танытатын қадам. Мұнда кішкене жаңалық болса да, қоғам үшін анағұрлым қымбат! Өнер туындысын өмірге алып келуші үшін ең маңыздысы, көрермен оның шығармасына көз жүгіртіп өте шықпай көңіл аударып, өзінің ішкі жан дүниесіне жаңалық ретінде қабылдау керек». Автор (суретші) өзінің шығармасын көрерменнің қабылдауынан туындаған ойлардан кейін өзін-өзі тексеріп отыруы қажет. Әйтпесе өнердің ең басты жасаушысы – халықтың жан дүниесімен санасып, өзінің бүкіл болмысымен жақсы қасиеттерін саналы түрде тәрбиелеп жетілдірмесе, ондай суретшілер өз әріптестері ортасында өзімен-өзі тұйықталып қалуы мүмкін. Бұл жағдайда оның шығармашылығы өзі өмір сүріп жатқан ортада ұштасуы екіталай.
Әдемілік, көркемділік адамның күнделікті өмірінде зор роль атқарады. Адамды қоршаған орта көркем болса, оның өзі адамды көңілдендіріп, еңбек пен өмір шабытын тудырады. Адам тек ғылым заңдарына сәйкес қана емес, «әдемілік заңы бойынша» да еңбек етеді. Өнер адамның шексіз болмыстық сұрақтарына жауап табуға талпыныс барысында гуманистік принциптерді қалыптастырады. Нәтижесінде, өнер тек белгілі бір қоғамның даму нәтижелерін көрнекілеп қана қоймай, сонымен қатар, әлеуметтік-рухани өмірдің күйіне әсер ететіндігін білдіреді. Сол себепті өнердің жекелеген түрлерін және олардың бір-бірінен ерекшеліктерін білу, ажырату адамзаттың көнеден бергі толғандырып келген мәселесі, ал оны зерттеу Қазақстан мәдениетін ерекшелеп, айқындай түспек.