Теріні қорғайтын құралдар
Теріні қорғайтын құралдар қорғау және қорғауға икемднлген күнделікті пайдаланатын киімдерден тұрады. Қорғау киімдері изоляциялық (жалпы әскелік қорғаныс комплекті, жеңіл бөлуші костюм Л-1 және т.б.) және фильтрлік (қорғаныс фильтрлі киім ЗФО-52 және т.б.) болып бөлінеді.
Егер қарапайым киімдерге сабындымайлы эмульсияны сіңірсе, оны қорғаныс құралдары ретінде пайдалануға болады.
2.12. Медициналық қорғаныс құралдары
Медициналық қорғаныс құрардары радиоқорғаныс құралдарынан, антидоттардан, бактерияға қарсы құралдардан және жартылай санитарлық тазалау құралдарынан тұрады. Радиоқорғаныс құралдары бұл адам организмін радиоактивті заттарға қарсы төтеп беру мүмкіншіліктерін арттыратын препараттар. Антидоттар деп улы заттарды адам организмінен жоюға арналған препараттарлы айтады. Антибактериялдық құралдарды биологиялық қауіпте пайдаланады. Жартылай санитарлық тазалау құралдарына ИПП-8 пакеті, АИ-2 жеке аптечкалары жатады.
2.13. Жеке аптечка
Жарақат және күйік кезінде, улы заттарды, бактериялық заттарды жеке ионды сәулені әлсірету және алдын алу үшін, өзара және өзіне көмек көрсету, антидот препараттары және радиопротекторлар бар.
Жеке аптечка бірнеше ұялардан тұрады:
1–ші ұяда – ауруды басатын заты бар шприц-тюбик орналасқан. Ол қатты жарақат алғанда, сүйек сынғанда және күйгенде колданады. Оны пайдаланғанда сол колымен бұдыр дөңгелегінен ұстайды да тюбиктің денесінен оң қолысен ұстап сағат тіліне қарай айналдырады. Сосын инені жауып тұрған қалпағын алып, шприц-тюбикті жоғары қаратып, ине ұшына тамшы пайда болғанша ауаны шығарады. Сосын инеге қол тигізбей, санның жоғары жағынан егеді. Жедел жағдайда киімнің сыртынан да егуге болады.
2-ші ұяда - фосфорорганикалық улы заттармен улануды әлсірететін және алдын алатын зат – торен (6 дана) таблеткасы дөңгелек қызыл түсті пеналда орналасқан. Оны «Химиялық кауіп» белгісі берілгенде 1 таблеткадан қабылдайды. Улану белгісі күштірек болса, таблетканың тағы 1 данасын қабылдайды. Келесі қайталап қабылдау 5-6 сағаттан кейін болады.
3-ші ұяды – түссіз үлкен пеналда N2 бактерияға қарсы қолданылатын зат – сульфадимотксин (15 таблеткасы) орналасқан. Оны сәуле алғаннан кейін азқан-ішек қызметі бұзылуы пайда болғанда 7 таблеткасын ішеді, кейінен 2 тәулікте 4 таблеткадан қабылдайды.
4-ші ұяда – алқызыл түсті, сегізқырлы 2 пеналда, әр қайсысында 6 таблеткадан N7 радиоактивтіуланудан қорғайтын зат – цистамин орналасқан. Оны сәле алу қаупінде 6 таблеткадан бір қабылдайды және тағы сәуле қауіпі төнгенде6 таблеткасын 4-5 сағаттан кейін қабылдайды.
5-ші ұяда – түссіз төрт қырлы 2 пеналда, әр қайсысы 5 таблеткадан тұратын N4 бактерияға қарсы қолданатын зат тетракциклин гидрохлориді орналасқан. Оны бактериялық улану және қауіп төнгенде, жарақат және күйік алғанда пайдаланады. Алдымен 5 таблетканы су ішумен бірге қабылдайды. Сосын 6 сағаттан кеиін 5 таблетка қабылдайды.
6-ші ұяда – ақ түсті төрт қырлы пеналда N2 радтоактивті уланудан қорғайтын зат калий иодиді 10 таблетка) орналасқан. Оны радиоактивті заттар түскенде күніне 1 таблеткадан 10 күн қабылдайды. Ең алдымен балаларға 1 таблеткадан береді.
7-ші ұяда – көгілдір түсті дөңгелек пеналда құсуға қарсы қолданатын зат этаперазин 5 таблетка) орналасқан. Оны сіуле алғаннан кеиін тез арада және бас жарақатынан кейін лоқсу пайда болғанда 1 таблеткадан қабылдайды.
Ескерту! 8 жасқа дейінгі балаларға таблетканың 4/1 бөлігін, 8 жастан 15 жасқа деиінгі бплаларға 2/1 бөлігін береді.
2.14. Жеке химиялық пакет
Жеке химиялық пакет дененің ашық бөліктеріне және киімге түскен тамшы – сұйық улы заттарды залалсыздандыру үшін қолданады.
Комплектегі бұранды қақпаға жеке дегазды ертіндісі бар флакон және 4 мақталы-дәкелі тампондар кіреді.
Тамшы сұйық улы заттар дененің ашық бөліктеріне және киімге түскенде тампондарды флакондағы сұйыққа малып, ластанған дене бөліктерін және киімді сүртеді. Егер жеке химиялық пакет болмаса, тампон ретінде кәдімгі мақта мендәкені қолдануға, ал дегазды ертіндіні қолдан дайындауға болады. Бірдей мөлшердегі 3% тотыққан сутегі ертіндісі мен 3% сілтіті натрий ертіндісінің қоспасын немесе 3% тотыққан сутегі ертіндісі мен 150 г. конторлық силикатты желімнің қоспасын қолдануға болады.
2.15. Жеке таңба пакеті
Жеке таңба пакетінің ұзындығы 7 м., ені 10 см. дәке-бинттен және ұзындығы 17,5 см, ені 32 см мақта-дәкелі жастықшалардан тұрады. Жастықшаның біреуі дәке-бинттің басына қозғалмайтындай етіп бекітілген, екіншісі қозғалмалы, оны бинттің бойымен қозғалтуға болады.
2.16. Зақымденған ошақтағы құтқару және апатты қайта қалпына келтіру жұмыстары
Зардап шеккендерге берілетін көмектің негізгі мәні оның тезділігінде және жасалған іс-әрекеттердің тиімділігінде.
Құтқару жұмыстарға төмендегілер жатады:
көмекке келер күштердің жүрер жолдарын барлау;
жолдағы немес апат орындағы өрттің жайылынуына жол бермеу;
апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға ауа баратын жолдар іздеу;
құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру;
оларды шығару;
зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру;
халықты химиялық және радиацияланған аудандардан, су басқан аудандардан көшіру;
адамдарды, олардың киімдерін санитарлық тазартудан өткізу;
территорияны, құрылыстарды, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту.
Құтқару жұмыстарымен қатар, қалпына келтіру жұмыстары да қатар жүргізіледі.
Қалпына келтіру жұмыстарына төмендегі іс-әрекеттер жатады:
ластанған аумақтарға баратын жолдарды тазалау;
апаттың одан әрі тарауына жол бермеу;
бұзылған газ, су құбырларын және басқа да жүйелерді уақытында іске қосу;
қираған үйлерді қалпына келтіру немесе оларды жою жұмыстары;
көше бойында қауіпсіз қозғалысты және құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету;
құтқару жұмыстары үшін тез арада байланыс жүйелерін жүргізу.
Белгіленген жұмыстарға сәйкес зақымданған ошақтарға барлаушы күштер жіберіледі. Олар радиациялық жағдайды, қорғану құрылыстары мен орындарының мән-жәйін, апат орнына барар жолдарды, зардап шеккен адамдарды, оларды құтқару шараларын анықтайды. Зақымданған орынға АҚ күштерін жіберіп, іс-шаралар жүргізіледі. Адамдарды құтқару жұмыстарына АҚ жүйесінің қызметкерлерімен бірге кәсіпорындарда біріктірілген топтарды жұмылдырады. Сонымен қатар құтқару және қалпына келтіру жұмысына арнайы техникаларды да пайдаланады.
Жұмыс жүріп жатқан жерде арнайы аптечкалар, химиялық пакеттер, байлап орау жабдықтары болуы тиіс.
Апаттың зардабын жою бағытында жүргізілетін негізгі жұмыс – ол адамдарды құтқару, оларды ауруханаға жөнелту, қажет болған жағдайда ол жерден көшіру болып табылады. Көшірілетін адамдар қайда апаратылатындығы алдын ала белгілі болуы тиіс.
2.17. Радиациялық және химиялық барлау құралдары
Радиациялық барлау құралдарына ДП-5В, ИМД-21 және т.б. жатады.
Химиялық барлау құралдарына ВПХР, ПХР, ХУЗ, мөлшерін анықтау мүмкіншілігі бар индикаторлық түтікшелер, аспалы газталдағыштар (АГП-1), дозиметрлік бақылау құралдар ИД-1, ИД-11, ДП-22В, ДП-24 және т.б. жатады.
Сонымен қатар, жердегі, ғимараттағы радиация дозасының қуатын, сондай-ақ, азық-түлікті улы затпен ластануын анықтау үшін «Мастер-1», «Сосна», «Белла» тұрмыстық дозиметрлері пайдаланады.
2.18. Эвакуация
Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады. Оған, адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып-жою құралдары қолдануы мүмкін аудандардан халықты көшіру, соғыс уақытында қауіп төнген аймақтардағы жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.
Көшіру шаралары Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдарының және аумақтық басқару органдарының жалпы басшылығымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақытта қауіпсіздік қатері мен табиғи апаттық төтенше жағдайлар болуы мүмкін аймақтар үшін көшіру шараларын жүргізу тәртібі анықталады. Сонымен қатар, соғыс уақытына шекаралас аудандар мен қауіп төнген жерлердегі халықты көшіру тәртібі белгіленді.
Уақытша көшіру шаралары:
ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін - өндірістік принцип бойынша;
халықты көшіру – аумақтық принципі бойынша жүзеге асырылады;
көшіруді ұйымдастыру және меншік көлік иелерінің көліктерін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі.
Көшіру шараларын жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдарында, ұйымдарда көшіру комиссиясы құрылады.
Көшіру шараларын ұйымдастыру және оны жүргізу тиісті басқару органдарының және ұйымдарының бірінші басшыларына жүктелген.
Ұйымның эвакомиссиясының міндеттері:
ұйымның АҚ штабымен бірлесіп, объектінің жұмысшылары мен қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін орналастыру үшін олардың тізімдерін жасайды;
азаматтық қорғанысының басшысына эвакуациялық жинау пунктінің әкімшілік құрамы, эшолондар бастықтарын, автомобил колонналары мен жаяу саптар бастықтарын тағайындау туралы ұсыныс әзірленеді.
2.19. Зақымданған ошақтағы құтқару және қайта келтіру жұмыстары
Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстары (ҚжБШЖ) төтенше жағдай аумағында адам құтқару үшін және де жарақат алғандарға көмек көрсету және қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі.
Төтенше жағдайдың зардабын жою стратегиясы бір сыпыра қауіп-қатерге және соған байланысты төуекелділікке негізделеді. Сондықтан ең алғашқы міндет- адамдар қауіпсіздігін қамсыздандыру. Стратегия мен тактика қандай шараларды қалай қолдануын ескереді.
Адамдарды құтқару төтенше жағдайды әсерін жоюдың бір бөлігін құрайды, сонымен қатар, төтенше жағдайды зардабын жою жұмыстары арнаулы үш топқа жіктеледі:
құтқару;
арнаулы (жедел);
қосалқы.
Құтқару жумыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:
басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;
зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау);
зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;
зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру мыналарды қамтиды;
өрт сөндіру ;
коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;
тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;
осал құрылыстарды күшейту.
Арнаулы жұмыстардың атқарылу нәтижесінде құтқару жұмыстарының орындалуына және адамдардың қосымша зардап алмауына жағдай туындайды.
Қосалқы жұмыстар құтқару жұмыстарын алаңына және жұмыс орындарын инженерлік пен ұйымдастырушылық дайындығына байланысты. Оларға мыналар жатады:
аландарды тазалау;
техника орнату;
қоршаулар мен ескерту белгілерін орнату;
жұмыс орындарын жарықтандыру т.с.
Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі шараларында зандылыққа сәйкес азаматтық қорғаныс күштері қатысады.
Төтенше жағдай зардаптарын жою мынаны қамтиды:
халық пен ұйымдарды төтенше жағдай қауіпі туралы құлақтандыру;
барлау жүргізуді, қирау дәрежесін, зақымдану аймағын, су басудың немесе тасқынның таралу жылдамдығы мен ықтимал шекарасын, өртенген жердің көлемін, аудандары мен таралу бағытын және өзге де меліметтерді анықтау;
тікелей қауіп төніп тұрған нысандар мен елді мекендерді анықтау;
құтқару және басқа жұмыстар үшін іске қосылған күш топтамасы мен құралдар санын анықтау;
төтенше жағдай аумағындағы күш-құралдарды басқаруды ұйымдастыру;
зардап шеккендерге дәрігерлік көмек пен оларды емханаларға жеткізуді ұйымдастыру, сонымен қатар тұрғындарды қауіпсіз орындарға шығарып қоныстандыру;
құтқару жұмыстарды жүргізу барысында оған сәйкес қауіпсіздік шараларын даярлап іске асыру;
төтенше жағдай аумағында және оған шекаралас аудандарында коменданттык қызметті ұйымдастыру.
Сондай-ақ, төтенше жағдай зардабын жоюға және құтқару жұмыстарды қамсыздандыру мен даярлауға бағытталган материалдық және басқа шараларды ұйымдастыру кіреді.
Күрделі зақымдану ошағындағы құтқару жұмыстарды тек өрттер мен кирауларды ғана емес, сондай-ақ радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық зақымдауды ескере отырып ұйымдастырылады. Бұл жағдайда бактериологиялық зақымдану түрлері аңықталғанға дейін барлық шаралар аса қауіпті жұқпалы аурулардан қорғану режимінде ұйымдастырылады. Ауру қоздырғыштар түрі аңықталысымен зақымдану ошағында және оған жапсарлас аудандарда тиісті оқшаулау-шектеу және жұқпалы ауруларға қарсы шаралар жүргізіледі. Күрделі зақымдану ошағында құтқару жұмыстарын табыста жүргізу үшін мыналарды істеу қажет:
барлаудың барлық түрлерін үздіксіз және бір уақытта жүргізу және оның мәліметтерін жылдам пайдалану;
мақсаттары әртүрлі күш пен құралды бір уақытта және дұрыс пайдалану;
зақымдау, қирау, өрт аймағын тез жою немесе айналып өту;
күш-жігерді маңызды нысандарға жұмылдыру, күш пен құралды бағыттау;
тұрақты және нақты өзара іс-қимыл қарқының қолдау;
күш пен құралды үздіксіз, мығым және ұтымды басқару.
Зақымдану ошағында медициналық күш пен құралды жылдам еңгізудің, соңдай-ақ улағыш және қатты әсер ететін улы заттармен зақымдалғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетуді бастау мерзімін барынша жақындатудың ерекше маңызды бар.
Хайуанаттар мен өсімдіктердың, ауылшаруашылығы өнімдері мен жануарларды, су көздерін қорғау бойынша Азаматтық қорғаныс іс шараларын орындау мақсатында хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау қызметтері мен қызмет бөлімшелері құрылады.
Қызметтердің негізгі міндеттері:
мал мен өсімдіктерді, ауылшаруашынық өнімдерін және өсімдік шаруашылығын, су көздері мен сумен жабдықтау жүйесін радиоактивтік, химиялық, бактериологиялык (биологиялық) зақымданудан қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыру және орындау;
ветеринарлық және фитологиялық барлауды, зақымданған хайуанаттарды емдеуді ұйымдастыру;
зақымдалған хайуанаттарды амалсыз союды және оларды көмуді ұйымдастыру; егістікті, жайылымды және мал мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін залалсыздандыру;
ауылшаруашылығы өнімдері мен малды қауіпсіз аймаққа апаруды ұйымдастыру;
жем-шөп пен астықтың артық қорын жасау;
қызмет бөлімшелерін мақсат бойынша іс-әрекеттерге даярлата ұстау және оларды жеке құралмен, техникамен және мүлікпен қамсыздандыру;
дәрі-дәрмектердің, залалсыздандырғыш заттардың қорын жасау және де дер кезінде жаңарту;
төтенше жағдайдағы, зақымдану ошақтарындағы іс-әрекеттерге ауыл халқын оқытып-үйретуді ұйымдастыру және өткізу.
Шаруашылықтағы мал мен өсімдіктің зақымдалуын оқшауландыру және жою жұмыстары төтенше жағдай аймағында тікелей іс-әрекет ететін мал мен өсімдікті қорғау командасына (МӨҚК) жіктеледі, олар:
хайуанаттарға ветеринарлық көмек көрсетеді;
оларды көшіріп, қоныстандырады;
зақымданған хайуанаттарды, өсімдіктерді сынақтама тексерінен өткізеді, ескереді және зерттеу үшін зертханаға жеткізеді;
хайуанаттар нысандарына залалсыздандыру жүргізеді және зақымдалған хайуанаттарға ветеринарлық ем-дом жасайды;
улы химикаттар көмегімен зақымдалған егістіктерді залалсыздандырады.
АҚ шараларын және күштерінің іс-әрекеттерін қамсыздандырудың негізгі түрлері:
барлау;
инженерлік қамсыздандыру;
химиялық қамсыздандыру;
медициналық қамсыздандыру;
көлікпен қамсыздандыру;
материалдық-техникалық қамсыздандыру;
гидрометеорологиялық және метеорологиялық қамсыздандыру.
Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында негізгі күш пен құралдарды зардап шеккендерге алғашқы дәрі-дөрмек көмегін беру үшін, бұзылыста қалғандарды шығару үшін, жедел жетуде мақсатталады.
2.20. Жұмыс жүргізудің әдісі мен тәсілі
Құтқару жұмыстарын жүргізу тәсілдер мен әдістері жалғасымдығы ғимараттың бұзылуынан, коммуналды, энергетикалық, технологиялық жүйелерінің аварияларынан және нысанның радиация алу мен химикалық зарардану дәрежесінен, құрама іс-әрекеттеріне әсер ететін өрт және басқа да жағдайларына тәуелді.
Әуелі, адам болып қалуы мүмкін жерлерде қираған құрылыстарға, бұзылған ғимараттарға және құтқару жұмыстарын жүргізуге бөгет жасайтын авария орындарына жол ашылу керек. Бір бағытты кіретін жолдарың ені 3-3,5 м, ал екі бағыттағылардың ені 7 м болуы тиіс.
Қираған құрылыстар астынан адам құтқару шараларымен әдетте әскери бөлімшелері мен АҚ құрамалары айналасады. Бірақ бұл жұмысқа басқа да барлық тұрғыңдарды қатыстыру керек.
Жеке құрама панаханаларды іздестіріп, қорғаныс құрылыстарында қамалып қалған адамдарымен байланыс құралдарымен тұрақты байланыс жасауға тырысады, ол үшін желдеткіш саңылауларын, есік, ірге, су-жылу құбырларын тықылдатып пайдаланады. Ең алдымен желдеткіш арналары немесе қабырғаларда тесік жасап таза ауа жібереді. Панахананы ашу барысында қирау сипатына қарай әртүрлі тәсілдер мен саймандар пайдаланады: негізгі кіре-берісте бұзылғанды тазалау, одан кейін есікті ашу немесе бұзып ашу, үңгір немесе авариялық шығу люгін қазып алу, көршілес жатқан белмеден панаға қарайтын қабырғаны бұзу, бұзылыс үстіндегі бегетті ашу одан кейін адам шығару үшін жол жасау.
Армениядағы Ленинакан, Спитак қалаларындағы жер сілкініс зардабын жою кезінде адамдарды қирау астынан шығару бойынша алынған тәжрибесінен бұзылыстарды аршуға 16 тоннадан кем көтермейтін қуатты көтергіш крандар, үлкен экскаваторлар, жылжымалы электрстанциялары мен прожекторлар түнгі жұмыстарында талап етіледі.
Коммуналды-энергетикалық пен технологиялық жүйелерінде авария мен бұзылу зардабын жоюдағы негізгі амалы — қираған бөлімшелерді және ғимараттардағы электр мен газ және су жүйелерін ажырату болып табылады.
III-тарау. Жарақаттар түрі
Жарақаттар-бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептердің аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттардың әсерінен ұлпалары мен органдары тұтастығы мен қызметінің бұзылуы. Әсер механикалық, техникалық, химиялық, спецификалық (рентген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тоғы), психикалық (қорқыныш) болуы мүмкін. Балалар жарақатының көпшілігі механикалық әсерлерден болады, сіңірдің созылуы, буынның шығуы, аяқ-қолдың шығуы).
Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы мүмкін. Жабық зақымдану –бұл тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдану түрлері. Бұған терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, жұмсақ ұлпалардың ажырауы (бұлшық еттің, жүйкенің, сіңірдің), буын мен сүйектің зақымдануы жатады (буынның таюы, сүйектің сынуы).
Ашық зақымдану бұл органдар ұлпаларының зақымдалуы, артынша тері жамылғылардың кілегейлі қабықтардың тұтастығы бұзылады (жарақаттар, сүйектің ашық сынуы).
Организм ұлпасында бір сәтте, кездейсоқ, қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану қатты жарақат деп аталады, аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған жарақат созылмалы жарақат деп аталады.
Кез-келген жарақат бір орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар организмде басқа да белгілі бір жалпы өзгерістерді тудырады (жүрек-тамыр қызметінің, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы). Бұл құбылыстар орталық нерв жүйесінің тітіркенуінен, қанның кетуінен, өмірлік маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда болады. Қатты сырқырататын және қан көп кеткен ауқымды зақымдану кезінде сырқаттың жалпы жағдайы өте жедел және күрт нашарлайды.
Талықсу- адам миының қансыздануы нәтижесінде естен кенеттен уақытша айрылу.
Талықсу көбінесе психикалық жарақат деп аталады (қорқу, қанның түрі, дененің аяқ асты сырқырауы).
Талықсуға қажу, ашығу, қанның аздығы, жуынатын бөлмеде ұзақ отыру әсер етеді. Талықсу көбінесе аяқ асты пайда болады, алайда кейде сырқаттың құсқысы келеді, ауаның жетіспеуін сезінеді. Бұл жағдайда сырқат бозарады, тамыр соғысы әлсірейді, дем алысы күшейеді. Есінен айрылған бойда сырқат құлайды.
Дәрігер келгенге дейін талықсу кезінде сырқатқа жәрдем көрсету
Талықсу кезінде сырқатты оның басын денесінен төменірек етіп жатқызған жөн. Бұл бас миын қан ағынының көбірек келуіне көмектеседі. Сырқаттың тар киімдерін шешу қажет (жағаның түймесін ағыту, галстукты, белбеуді босату, таза ауаның келуін қамсыздандыру). Тыныс алуды қоздыру үшін сырқатқа иіскеу үшін мүсәтір спиртін береді, оның бетіне суық су себелейді. Әдетте осы құралдар сырқатты талықсу күйінен шығару үшін жеткілікті.
Өте ауыр жағдайларда жүрек қызметін жақсарту және тамырлардың соғысын арттыру үшін сырқаттың терісіне кофеин кордиамин енгізеді.
Коллапс-өмір үшін қауіпті жағдай, қан қысымының өмірлік маңызды органдардағы қан айналымының нашарлаған кезінде түсуімен сипатталады. Бұл кезде адам әлсіреп, бет әлпеті ағарады, аяқ-қолы суынады. Алайда коллапс уланған және ауырған (сүзек, өкпе ауруы, қауіпті панкриотит және тағамнан шыққан аурулар) Дене қызуы 34-35 градус шамасында болғанда артериалдық қысымы санап бағанасымен 50-80 мм байқалады. Егер де тез арада шара қолданбаса адам қаза болады.
Коллапс кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету
Талықсыған кезде қан айналымын жақсартатын, әсіресе қанның басқа келуі үшін шаралар қолданылады. Сондықтан сырқатты басын сәл түсіріп, етпетінен жатқызады. Белбеуді босатып, көйлектің жағасының түймесін ағытады; таза ауа ағынымен қамтамасыз етеді, мүсәтір спиртін қолданады. Ауру сабасына түскен кезде ыстық сусын, бірнеше тамшы арақ ішкізген дұрыс.
Тамырлардың соғысын арттыру үшін теріге 1% -1мл мезатон, 25%-2мл кордиамин, 5% -1 мл эфедрин, 0,1%-1мл адреналин, 10%-1мл кофеин енгізеді. Осы шаралардың бәрін кез-келген жағдайда жүргізуге болады. Тамырлары қатты таралған сырқаттарды шұғыл көмек көрсеткеннен кейін кешіктірмей ауруханаға апарады.
Коллапс салдарынан туындаған ауыр жағдайда жүректің сыртынан ысқылайды (жүрек тұсындағы кеуде клеткаларын ырғақпен қысады) және «ауызға-ауыз» тәсілімен жасанды тыныс алдырады.
Жарақаттан естен тану туралы түсінік
Жарақаттың, күйіктің, үсіктің ауыр салдары естен тану болып табылады.
Естен тану-орталық нерв жүйесі қызметінің күрт нашарлауы нәтижесінде дамып, организмнің барлық жүйесі қызметінің тоқтауына алып келетін ауыр жағдай.
Естен тану қатты ауру кезіндегі тітіркеністен пайда болады. Сүйектің зақымдануынан болған жұмсақ ұлпалардың үлкен көлемде мылжалануынан, жаншылуынан, күюден болған қатты жарақат. Әсіресе, қан көп кеткен кезде, дене суынғанда, қорыққанда, шектен тыс ойға шомғанда, сәулеге ұшырағанда, жұқпалы ауруларда жиі кездеседі.
Екі кезеңнен тұрады:
Бастапқы кезең. Өте қысқа мерзімде өтеді, мазасыздық жағдайы тән, сырқат бір орында тұрмайды, айғайлайды, бұл жағдайда сырқаттың бет әлпеті өзгереді, ерін көгереді тамыр соғысы жиілейді. Бұл кезең жедел екінші сатыға көшеді.
Екінші кезең. Орталық нерв жүйесі қызметінің әлсіреу басталады, көмек сұрамайды, есі толық болса да ол төңірегіндегілерге селқос, оның денесі суық, беті ағарған, тамыр соғысы әлсіз, дем алысы зорға білінеді, сұрақтарға жауап бермейді.
I дәреже - жәй естан тану. Ес сақталады, сырқат сұрақтарға дұрыс жауап береді,алайда әңгімеге құлқы жоқ. Тері мен көрінетін кілегейлі қабықтар бозарады.Дене температурасы қалыпты немесе сәл төмендейді. Көздің қарашығы үлкеймейді, жарықтан тітіркемейді. Тамырдың соғысы бірқалыпты, жиілігі минутына 100-110 соққы. Күре тамырлық қысым сынап бағанасы бойынша 110/65 мм. Тыныс алу бір қалыпты, терең, кейде жиілейді.
II дәреже - қатты естан тану. Жағдай ауыр. Ес сақталады, алайда зардап шегушінің қоршаған ортаға құлқы жоқ.Сыртқы әлем әсерін әлсіз сезінеді көздің қарашығы тарылған, жарықтан әлсіз тітіркенеді. Рефлекстердің барлық түрлері төмендетілген. Тері сұрғылт түске еніп бозарып ақшылданады, ұстаған кезде салқын, дене температурасы төмендеген. Тамыр соғысы жиі, жүректің ырғағы баяу естіледі. Күре тамырлық қысым сынап бағанасы бойынша 70/40 мм. Тыныс алу күшейіп, жиілей түседі.
III дәреже - өте ауыр жағдай. Зардап шегушінің мүлдем есі жоқ.Тері бозарады,суық, салқан тері шып-шып шығады. Көздің қарашығы үлкейеді, жарықтан мүлдем тітіркенбейді, Күре тамырлық қан қысымы анықталмайды, тамырдың соғысы байқалмайды, тыныс алу бірқалыпты емес. Дененің құрысуы мүмкін.
3.4. Естен тануға қарсы шаралар
Есінен айырылған адамдар алғашқы медициналық көмекті қажетсінеді. Зардап шегушіні ауыратын жерлері бөгде затқа тимейтіндей етіп жатқызады. Оларға мүмкіндік болса, ауыртпайтын дәрі – дәрмек: промедол.морфин, аналгин 5%-2мм ертінді, олар болмаса 0,5 г аналгин, 0,1г кофеин, кордиамин егеді, есінен тануға әсер еткен себепті жояды, үстінен жылы киім жабады. Егер зардап шегушінің ішінен жарақат жоқ болса, оған ыстық шәй ішкізеді, арақ немесе басқа да спирт ішімдігін береді.
Зардап шегушіні өте мұқият және кешіктірмей медицина мекемесіне жеткізеді. Оны апаратын жерге аса сақтықпен, басқа жерлерден ауыртып алмай, ыңғайлы көлікпен жеткізеді.
Дененің сыдырылуы, тілінуі, буынның таюы, сіңірдің созылуы. Терінің айтарлықтай беріктік қасиеті бар және жарақат кезінде оның тұтастығы бұзылмайды, ал осы уақытта жұмсақ ұлпалар мен сүйектер зақымдалуы мүмкін.
Егер дене тілінген немесе сыдырылған жерлер ластанбаса, оны адамның өзінің емдеуіне болады. Егер жара үлкен болса, ең жақсысы дәрігерге барып, ауруға қарсы ектіру керек.
Жұмсақ ұлпалар зақымдануының аса көп тараған түрі дененің сыдырылуы болып табылады, ол қатты заттың соққы салдарынан пайда болады,соққы тиген жер бірден үлбірейді, көбінесе көгереді олардың пайда болуы зақымдалған тамырлардан қанның ағуымен түсіндіріледі.
Тарамыстың созылуы секірген, құлаған,ауыр затты көтерген кездегі ебдейсіз әрекеттерден туындайды. Созылу белгілері-буынның сырқырауы, терінің үлбіреуі,қозғалауы қиындығы.
Алғашқы медициналық көмек. Жараға тиіспей, оның айналасын суланған мақтамен сүртіңіз, жараға йод жағып, оны таза дәкімен таңыңыз, үлкен жараны ең жақсысы алғашқы көмектің жеке пакетіндегі дәкілі-мақталы жастықшасы бар таңғышпен байлаған жақсы (мұндай пакеттер дәріханада сатылады), таңғыш материалды алған кезде ешбір жағдайда жараның үстіне жабылатын жастықшаға тиіспеңіз,егер қолыңызда дәкі жоқ болса, таза бет орамалды пайдаланыңыз, жараны толық жабу керек, таңғыш денені қатты ауыртпау үшін оны аса қатты тартпау қажет, егер бір-екі күннен кейін тілінген немесе сыдырлыған жер іріңдеп, ал оның төңірегі ісіп кетсе дәрігерге барыңыз.Сырқатты басу үшін зардап шегушіге 0,25-0,5г анальгин беруге, ал жарақаттанған жерге мұзды қағанақ қоюға болады.
Буының шығуы – бұл буындағы сүйектерді ажырататын буының үстіңгі жағының анатономиялық өзара қарым-қатынасының өзгерісі.Буын шыққан кезде оның қызметі бұзылады.Буынның шығуы толық және жартылай шығу болып бөлінеді. Буынның таюы әдетте сіңірдің созылуына немесе буынды бекітетін байламды үзуге,кейде буын қоржынын зақымдауға, яғни буынның үстіңгі жағын жабатын қабатты зақымдауға алып келеді.
Буынның шығу белгілері. Домбығу, буының табиғи емес пішіні, өзгеруі, буын төңірегінің қатты сырқырауы, әсіресе сәл қозғалғанда, буын төңірегіндегі тері түсінің өзгерісі, жарақаттанған буындағы қозғалыстың шектелуі, бір затқа тисе қатты сырқырайды.
Буынның шығуы да сүйектің сынғаны сияқты елеулі жарақат, арнайы медициналық көмекті көмекті қажет етеді. Дененің жарақаттанған бөлігін түзетуге тырыспаңыз. Тақтаның немесе шинаның көмегімен зақымданған буынды қозғалтпаңыз, мүмкіндігінше сол жерге тиіспеуге тырысыңыз. Буын шыққан жерге суық компрес қойыңыз. Сирақ немесе жіліншік жарақаттанған жағдайда аяқты көтеріп ұстауға тырысыңыз, бұл буынның домбығу деңгейін азайтады. Зардап шегушіге жағдай жасап, жатқызуға тырысыңыз.
IV-тарау. Бас жарақаттары
Бас сүйегі мен бас миының зақымдануы механикалық жарақаттардың аса ауыр түріне жатады. Бас сүйегі мен бас миының жарақаттары ашық және жабық болып бөлінеді.
Бас сүйегі мен бас миының жарақаттануы шартты түрде үш топқа бөлінеді: жұмсақ ұлпалардың жаралануы, өте алмайтын (қатты ми қабы жарақаттанбайды) және (қатты ми қабы зақымданады).
Бас миын зақымдаған заттардың сипаты бойынша ол мидың шайқалуы, сыдырылуы және қысылуы болып бөлінеді.
Басқа қатты соққы тиген кезде мидың зақымдануы мүмкін (мидың шайқалуы және сыдырылуы).
Мидың шайқалуынан адам есінен айрылады. Соққы қатты болса, бұл белгілер анық білінеді. 1-2 ден 20-30-ға дейінгі минутта естен айрылу байқалып, артынша есі кіріп жарақатқа ұшыратқан оқиға мен жағдайды жадына тез түсіре алмайды. Сырқаттар бастарының ауырғандығына, айналғандығына шағымданады, құсқылары келеді, әлсірейді. Мидың клиникалық шайқалуы тері жамылғылардың бозаруынан, болмашы ентікпеден, құсуға әрекеттенуден, жүректің лүпілдеуінен білінеді. Зақымданушыны әдеттегідей сүлейсоқ, ал кейде керісінше қозушылық байқалады.
Бас сыдырылған кезде ес сақталады, алайда оның төңірегінде ісік болуы мүмкін. Бас қатты ауырады, жүрек айныйды, кейде құстырады.
Қатты соққы толқыны әсерінен (жарылыс) адам организмі жалпы контузияға ұшырауы мүмкін. Ауыр жағдайда адам ұзақ уақыт бойы есінен айрылады, бас ауырады, көру және есту қабілеті бұзылады. Есте сақтауы әлсірейді немесе жоғалтады.
Ауыр дәрежедегі мидың сыдырылуы сананың өте өрескел бұзылуымен сипатталады (ұйқы басу, естен тану).
Ұйқы басқан кезде сырқаттар қоршаған ортаны елемейді, тапсырманы орындамайды, сұрақтарға жауап бермейді. Сырқатты осы күйден дөрекі денені ауыртатын тітіргендіргіштерді қолдану арқылы ғана шығаруға болады.
Талықсыған кезде сырқатқа сыртқы дүниенің әсері сезілмейді, ол орталық жүйке жүйесінің зақымдалу салдарынан болады мұның себептері әртүрлі. Олар бастапқы және қайталама болып жіктеледі. Бастапқы себептер орталық нерв жүйесінің зақымдалуына байланысты. Ал қайталама себеп орталық нерв жүйесінің зақымдалуы ішкі органдар мен жүйелер тарапынан болған қандай да бір аурудың салдары болып табылады.
Мидың қысылуы көбінесе ішкі бас сүйегіндегі гематомадан (қа жиналған тер астында домбығу) немесе сынған бас сүйегінің сынығынан туындайды. Әдетте жарақаттанғаннан кейін ес жоғалады, ол біраз уақыттан кейін қалпына келеді, содан соң сананың бұзылуы басталады.
Алғашқы медициналық жәрдем. Ең алдымен бас сүйегі мен ми жарақатының сипатын (ашық немесе жабық) және зардап шегушінің жәй-күйін анықтау қажет. Бұдан кейін сананың бұзылу, қан ағу және сыртқы тыныс алудың дәрежесін анықтаған жөн.
а) б)
Сурет-6 Басқа «тақия» тәріздес таңғыш орау.
Қан аққан кезде жараға таза қатты таңғыш байлайды. Тыныс алу бұзылған кезде ауыз қуысы мен жоғары тыныс жолдары босаған соң жасанды тыныс алу шарасын жасайды. Ессіз күйдегі адамдардың тілін байқаған жөн, өйткені ол қозғалыс кезінде тыныс жолдарын жауып тастау мүмкін.
Тыныс жолдарына қанның, құсықтың түсуін ескерту мақсатында жаралыны бүйірлеп жатқызып тыныштықта қалдырады. Мұндай кезде оған 50%-2 мл аналгин және 1%-2 мл димедрол ерітіндісін немесе 2% супрастин енгізеді. Ашық жарақат кезінде пенициллин тағайындайды. Басқа мұз салынған қуық қояды.
4.1. Бас жарақаты кезінде таза таңғыш қою тәртібі
Басқа таңғышты-«тақияны» мынадай әдіспен қояды. 1м-ға жуық бинт кесіндісін төбеге қояды, оның ұшын (байламын) тік құлақ қалқанының алдынан төмен түсіреді. Басты айналдыра (6а-сурет) отыра байлайды, содан соң түйінге жеткен соң бинтті оның төңірегінен екі жағынан да орап қиғаштай желкеге жеткізеді, желке мен маңдай арқылы кезекпен орап, бастың бүкіл шашты бөлігін жабады (6б сурет). Бас ауқымды жараланған кезде беттің үстіндегі олардың орналасуына орай «ауыздық» тәріздес таңғыш қойған жақсы. Маңдай арқылы 2-3 рет айналдыра мығым орағаннан кейін (6а сурет) бинтті желке арқылы (7-сурет) мойын мен иекке апарады, иекпен төбе арқылы бірнеше рет тіктей орайды, содан соң иектен бинт желкеге апарылады. Мойынды, көмей мен иекті жабу үшін таңғыш (7б суретте) көрсетілгендей қойылады.
а) б)
Сурет-7 Басқа «ауыздық» тәріздес таңғыш орау.
Мұрынға, маңдайға, иекке сақпан тәріздес таңғыш қояды (8а,б,в сурет), бұл таңғыш енді бинттен немесе ұзындығы 75-80 см мата кесіндісінен жасалады. Сол үшін таңғыштың ұшын екі жағынан оның ұзындығы 15-20см орта бөлігі тұтас қалатындай есеппен айналдыра кеседі. Қиындының кесілмеген бөлігін қажетті жерге көлденең бағытта орайды.
Бұдан кейін 2-3 айналдыра орап таңғышты бекітеді таңғыштың ұшын иектің астынан бинтпен бекітеді.
а) мұрынға б) маңдайға в) иекке
Сурет-8 Сақпан тәріздес таңғыш
Достарыңызбен бөлісу: |