1.15. Конденсаторлар
Оқшауланған өткізгіштердің сыйымдылығы аз болады. Практикада өзін қоршаған денелермен салыстырғанда шамалы потенциалы бола тұрып, едәуір көп зарядтарды жинақтайтын қоңдырғылар қажет болады. Конденсаторлар деп аталатын мұндай қоңдырғылар, негізінен, өткізгіштерге басқа денелерді жақындатқанда, оның электр сыйымдылығы артатынын көруге болады. Жоғарыда қарастырғанымыздай, индукцияланған өткізгіште қосымша кернеулік әр уақытта сыртқы өрісті кернеулігіне қарама-қарсы бағыталатыны байқадық. Сондықтанда, зарядталған өткізгішті қоршаған ортаға басқа өткізгіштерді немесе шала өткізгіштерді енгізгенде, қарастырылып отырған өткізгіш өрісі әлсірейді де, оның потенциалы төмеңдейді. Бұл жағдайда (1.42) өрнегіне сәйкес өткізгіштің сыйымдылығы (вакуумде айналасында басқа өткізгіштер немесе шала өткізгіштер болмаған кездегісіне қарағанда) өседі.
Конденсатор деп шала өткізгіш орталармен бөлінген бір немесе бірнеше өткізгіштерден тұратын қондырғыны айтады. Конденсаторларды құрайтын өткізгіштерді оның астарлары деп атайды. Осындай екі өткізгіш астарын бір-біріне жақындатып және олардың арасында өтімділігі жоғары заттарды орналастырып, аз потенциалдарды айырымында астарларында айтарлықтай көп зарядтар жинауға болады. Электр өрісі толығымен екі астары өткізгіштің ортасындағы жіңішке саңылауда орналасуының практикалық мәні бар болады да, мұндай конденсатордың сыйымдылығы оның айналасындағы басқа өткізгіштерге, диэлектриктерге байланысты болмайды. Осындай конденсаторлардың сыйымдылығы олардың астарларындағы зарядқа пропорционал да, ал олардың арасындағы потенциалдар айырымасына кері пропорционал болады.
(1.44)
яғни конденсаторлардың электр сыйымдылығы сан жағынан оның астарларының арасындағы потенциалдар айырымысының бір өлшемге өзгеруіне қажетті зарядқа тең болады екен.
Конденсаторлар өткізгіштердің (астарларының) формаларына сәйкес жазық, сфералық және цилиндрлік болып және сыйымдылықтың өзгеруіне сәйкес сыйымдылығы тұрақты, сыйымдылығы өзгеруші конденсаторлар болып бөлінеді. Олар электротехникада және радиотехникада кездесетін көптеген практикалық сұрақтарды шешуде кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |