Әбдеш Тоғжан журналистика 415 "ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы әдеби сын" Қазақ әдебиетінің даму тарихында ХХ ғасыр әдебиеті үлкен орын алады. Жаңа ғасырмен бірге қазақ даласында рухани мәдениеттің өркендеуіне мүмкіндіктер туды. Соның бір көрінісі ретінде жазба әдебиет те ерекше екпінмен дами бастады. Ол жанрлық тұрғыдан салаланып, көркемдік тұрғыдан жетіле түсті.Жиырмасыншы ғасырда қазақ кітаптарының шыға бастауы сыншыл ойлардың ояна түсуіне жағдай жасады. Әсіресе 1909 жылы үш бірдей кітаптың – Абай өлеңдерінің, Ахметтің «Қырық мысалының» және Міржақыптың «Оян қазағының!» - шығуы қазақ әдебиетінің ғана емес, сыншыл ойлар өрісін де кеңейте түскен айтулы оқиғаға айналды. Қазақ әдеби ой-пікірлерінің дамуында «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің шығып тұруы тарихи рөл атқарды. М.Сералин, А.Байтұрсынов, М.Дулатов сынды ұлтжанды азаматтар шығарып тұрған бұл басылымдарда қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, болашағына қатысты көтерілмеген мәселе болмады. Әсіресе әдебиет пен мәдениет айрықша назарда тұрды. Ұлттық бағыттағы өлеңдер жиі жарияланды. Қазақ әдебиеті, оның аса көрнекті өкілі Абай туралы пікірлер орыс тілінде қазақтар хақында жазылған еңбектерде көріне бастады. Солардың бірі – 1903 жылы атақты ғалым П.П.Семенов-Тянь-Шанский мен академик В.И.Ламанскийдің басқаруымен Петербургта басылып шыққан «Россия» атты көп томдық еңбек. Соның «Қырғыз өлкесі» аталған 18 томы түгелдей қазақтарға арналған. Кітаптың қазақтар туралы тарауын жазуға А.Н.Сидельников, А.Н.Бөкейханов, С.Д.Чазов қатысқан. Демек Ә.Бөкейханов та қазақ халқының мәдениеті, әдебиеті жайлы тарауды жазысқан. Қазақ халқының рухани байлығын баяндағанда ауыз әдебиеті түрлеріне тоқталған. Әсіресе «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» дастанына көңіл бөліп, талдайды. Қазақ ақындарының Шортанбай, Ноғайбай сияқты ақындардың шығармаларына назар аударады. Абайға ерекше көңіл бөліп, оны қазақтың жаңа жазба әдебиетінің негізін салушы ретінде жоғары бағалайды.Сонымен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдеби ой-пікірлерінің жандана түсуіне ұлы Абайдың поэзиясы негізгі қозғаушы күш рөлін атқарды. 1909 жылы шыққан тұңғыш кітабына соңғы сөз ретінде берілген Кәкітайдың ғұмырнамалық мақаласында, сондай-ақ орыс, басқа да тілдерде шыққан түрлі жинақтардағы мақалаларда, деректерде Абай поэзиясы жайлы бағалы пікірлер айтылып, ақындық даңқы жайыла бастады. Орысша жазылған еңбектерде Абайдың орыс әдебиетімен байланысына назар көбірек аударылды. Абайдың досы В.П.Михаэлис қайтыс болған кезде «Ертістің арғы жағынан Ибраһим (Абай) Құнанбайұлындай поэзияның таза алтынын ашқанын» оның үлкен еңбегі ретінде атап өткен.Әдебиет – замана тудырған асыл сөз. Сондықтан да ХХ ғасырдағы Қазақстандағы тарихи-қоғамдық жағдайлардың өзгерістеріне сай әдебиет те өз кезегінде солармен үндесе келіп, замананың көкейкесті мәселелерін көтеріп, қоғамдық өмірдің көркем суретін жасауға ұмтылды. Ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту және насихаттау ісімен айналысқан Түркістан өлкесіндегі «Талап» қоғамы. Басқарманың құрылтайшысы және жетекшілері жазушы М.Әуезов, этнограф Ә.Диваев, профессорлар Х.Досмұхамедов, А.Шмидт, Н. Архангельский, М. Тынышпаев, М. Есболов, И. Тоқтыбаев, Қ. Тыныстановтар болды. Қоғам Жарғысының жобасын Түркістан ағарту ісі жөніндегі халық комиссариаты мемлекеттік ғалымдар кеңесі бекітті. 1923 жылы 4 желтоқсандағы «Талап» қоғамының мақсаты мен қызмет шеңбері төмендегідей болды:
қазақ әдеби тілінің, терминологиясы мен орфографиясы, т.б. мәселелерін қарастыру; І
қазақ ғылыми қызметкерлері мен қазақ өнері қайраткерлеріне көмек көрсету.
Қоғам құрамына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М Міржақып Дулатұлы, Қ.Кемеңгеров, т.б. енді.
Осы кезеңде жаңа кеңестік әдебиет қалыптаса бастайды. Оның Қазақстандағы өкілдері Сәкен Сейфуллин, С.Мұқанов, Б.Ізтөлин жөнө т.б. болды. Олардың шығармашылығы айқын социалистік реализм және пролетарлық интернационализм ұстанымына негізделді.