Мектепке дейінгі ересек шақта өзіне - өзі қызмет көрсетудің жаңа түрлері: төсегін жинау, шашын, аяқ киімін күту, үзілген түймелерін өздері қадау және т. б. еңбекке тәрбиеленеді. Бұл кезеңде тәрбиелік міндеттер күрделене түседі, олар: балалардың бойында мұнтаздық пен тазалық әдеттерін, құрбыларының арасында өзін дұрыс ұстау дағдысын қалыптастыруға бағытталады. Бала басқалармен араласуы барысында өзіне - өзі қызмет көрсетеді. Мектепке дейінгі сәбилік шақта тәрбиеші балаларда қарапайым шаруашылық - тұрмыстық дағдыларды: үй сыпыру, жинау, үстел жасауға көмектесу, ойнап болғаннан кейін ойыншықтарды тәртіпке келтіру және жуу, ауладағы жапырақтарды жинау, бақтағы орындықтардағы қарды сыпыру және т. т. дағдыларды қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |